1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#87269
түріПрезентация
1   2   3

ОСЫ ӘСКЕРИ КҮШТЕР 19 ЖЕЛТОҚСАН КҮНІ ҚАЛАНЫҢ ӘР ТҰСЫНДА ҚАЙТАДАН ШЕРУГЕ ШЫҚПАҚ БОЛҒАН 6 ТОПТЫ БАСЫП, ТАРАТТЫ. АЛАҢДАҒЫ КӨТЕРІЛІСШІЛЕР ТАРАТЫЛҒАН СОҢ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМДЕРІНЕ 2401 АДАМ ЖЕТКІЗІЛГЕН (АЛМАТЫ ТҮРМЕСІНЕ СЫЙМАҒАНДЫҚТАН, ҚАЛА СЫРТЫНА АПАРЫП ТАСТАЛҒАНДАРДЫ ҚОСЫП ЕСЕПТЕГЕНДЕ БАРЛЫҒЫ 8,5 МЫҢ АДАМ ҰСТАЛҒАН). ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ ҚҰРБАНДАРЫНЫҢ ҚАТАРЫНДА Е.СЫПАТАЕВ, С.МҰХАМЕТЖАНОВА, К.МОЛДАНАЗАРОВА, Қ.РЫСҚҰЛБЕКОВ, М.ӘБДІҚҰЛОВ, Л.АСАНОВА СЫНДЫ ЕРЖҮРЕК ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫ БАР. ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 19 — 23 АРАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҚ ШЕРУЛЕРІ МЕН МИТИНГІЛЕР ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЕЗҚАЗҒАНТАЛДЫҚОРҒАНКӨКШЕТАУҚАРАҒАНДЫ,АРҚАЛЫҚПАВЛОДАРЖАМБЫЛТАЛҒАРСАРҚАН, Т.Б. ҚАЛАЛАРЫ МЕН САРЫӨЗЕК, ШАМАЛҒАН, ШЕЛЕК ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ.

Солдан оңға қарай: Е.Көпесбаев, Т.Тәшенов,Қ.Рысқұлбеков және К.Күзембаев өздеріне шығарылған сот үкімін тыңдап тұр.

Тарихи маңызы:

  • Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алуға өз үлестерін тигізді.

Жаппай жазалау

  • Желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шахановтың мәліметі бойынша 8500 адам ұсталып,1720 адам жарақат алған.ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған.12 ЖОО-ның ректорлары орнынан алынған.246 студент оқудан шығарылып,99 адам сотталып,оны 2-і өлім жазасына кесілді.

Алматыдағы Брежнев атындағы алаңға шыққан қазақ жастарының наразы шеруін күшпен басып-жаншыған соң, полиция мен қауіпсіздік комитеті (КГБ) ұсталғандардың әрқайсысын суретке түсірді . Желтоқсан, 1986 жыл. «Біз білмейтін желтоқсан» кітабындағы суреттер.

Советтік Қазақстанның диссиденті, 1986 жылғы желтоқсан қозғалысына қатысушы композитор Хасен Қожахмет Арқалық түрмесінде. Қазан, 1988 жыл. Сурет «Қазақтелефильм» түсірген «Версия» деректі фильмінен алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет