1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет208/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   220
Байланысты:
httprmebrk.kzjournals253993609.pdf 3

АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
терімен, ескі құрым киіздермен немесе жас шҿппен қымтап жауып қояды. 
Ысқа қойылатын, ыдыстар осы күркенің ішіне ауыздарын тҿмен, яғни 
түтінге қаратып ілінеді. Ысқа онша қурамаған бүрлі тобылғы, ши, кҿк пішен 
жағады, кейде ысқа ерекше иіс сіңіру үшін жусан, адраспан, арша, т.б. 
шҿптерді қоса жағады. ЬІсты ҽдетте бір ауылдың ақсақалы, беделді адамы 
салады. Ҿйткені ыс дұрыс салынбаса ҿрт шығып кетуі мүмкін. Ыс ҽбден 
сіңген ыдыстардың түсі қызыл күреңденіп, кепкен мейіздей болып қатып 
қалады. Осындай тобылғы торы торсықтар 5-6 айға дейін жібімейді де, 
дымданбайды да, кҿгермейді де, ҿңезденбейді де. Қажет жағдайда бес-алты 
айдан кейін оны тазалап кептіріп, майлап тағы да ыстайды. Ысталған 
ыдыстар ең алдымен қымыз, саумал, бие сүттері үшін қажет [3]. 
Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, 
теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не 
езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан кҿжеден, немесе ұнға 
тұз қосып та жасайды. Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін 
күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге 
салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері 
қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі 
терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын 
білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы 
кҽшіп тұрады. Иден шыққан теріні кҿлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан 
сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні ұйысып, білтеленіп 
қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкиді. 
Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, 
қолдың жылуымен кептірген жақсы. Иленіп, кептірілген теріні қырады. 
Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір 
басын кҿлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент 
жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. 
Терінің еті тез кҿшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. 
Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады. Жаңа сойылған түлкі 
терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, 
кергілеп толғайды. Бұл тҽсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7-8 сағат ішінде 
тымақ тігуге ҽзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың кҿк еттері мен 
майларын қолмен алып тастайды [3]. 
Тері ұқсатушылардың арасында ең кҿп тарағаны жҽне теріні ұқсатудың 
тиімді тҽсілі – қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, 
еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. 
Оларды жасамалы ағаштардан күздікүні ҽзірлейді. Тік тұрған ағаштың 
қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын 
қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен 
жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 
11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 
4-4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суға салып, тұзын татытып қайнатады.


234 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет