1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет218/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
«Еңбекші қазақ» газетінде 1928 жылы кҿкек, мамыр айларында жарияланған сот 
процесінің материалдары, үшінші – жазушының ҿзінің жеке басына қатысты 
материалдар. Міне, осы үш жүйе материалдарды ойша тұтастырып қарасақ – 
алдымен «Адасқандар» /1931/, соңынан «Мҿлдір махаббат» /1959/ аталған 
романға арқау болған ҿмірлік шындықтың келбеті біршама айқындалып қалды» 
[2]. Сонымен ғалым Қ.Ергҿбектің жазушы шеберханасын ашудағы ҿзіндік 
ғылыми ҽдіс-амалдарының табиғатын айқындап беруге ұмтылдық. Зерттеуші 
ғылыми тҽсілді барынша дұрыс пайдаланғандықтан, ҿте үлкен ғылыми 
үрдістерге қол жеткізген. Зерттеуші жазушы С.Мұқановтың романдарындағы 
ҿмірлік материалдарды қалай жинап, қандай қалыпта пайдаланғанын нақты 
деректермен сабақтастыра отырып, қыры мен сырын ашуға тырысады. Ол ҿзі 
талдап отырған кҿркем шығарманы да, оның шикізаты болған ҿмірлік 
оқиғаларды да жақсы білгендіктен, жазушының ішкі лабораториясына еркін еніп, 
терең меңгергендігі анық байқалады. Зерттеуші Қ.Ергҿбек болған оқиғаның 
желісі мен кҿркем шығарманың құрылысын халықтық психология мен дҽстүр-
салттардың ерекшеліктерін қабыстыра пайдаланып, ҿте шыншыл нанымды 
эстетикалық таным байқатқан. Қ.Ергҿбек хат, күнделік, эссе, естелік секілді 
мемуарлық жанрдың да бірден бір зерттеушісі. Назардан тыс қалып келе жатқан 
жанр үлгілерін тану, танытуда тер тҿккен ғалым.
Ғалым ағамыз бұл жолда «Баянғұмыр» атты зерттеу кітабын берді. «Хат 
жаздым қалам алып», «Жауынгер жүрегіне от жаққан», «Жүрек қанымен 
жазылған хаттар» секілді мақалалары қазақ ҽдебиетнің осындай назардан қаға 
беріс қалып келе жатқан мҽселелеріне арналған. Қазақ ҽдебиеттану ғылымында 
аз зерттелген саланың бірі шығармашылық шеберханасы болса, Қ.Ергҿбек 
бірсыпыра ғылыми еңбегін осы мҽселеге арнаған. «Мҿлдір махаббат» 
романының шығармашылық тарихы, «С.Мұқановтың шығармашылық шеберха-
насы» атты зерттеу кезеңдерін қазақ ҽдебиеттану ғылымының осындай маңызды 
тұстарына арнаған. «Шыңғыс шыңы» адамзат Айтматовының шығармашылық 
лабораториясының эпистолярлық жанр үлгілерін пайдалана отырып, қарасты-
руының үлгісі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, халық жазушысы Сафуан 
Шаймерденұлы «Құлбек осы мінезімен қазақ ҽдебиетінде «деректі ҽдебиеттану-
ды жасаушы деп ойлаймын». Мұның ҿзі ҽдебиеттанудағы қызықты бағыт 
сияқты. Ҽрі зерттеу, ҽрі деректі ҽңгіме оқығандай боласың... Тың материалдарды
тауып, роман тарихын тосын қырынан зерттеді, қызықты етіп жазды. Тіпті 
деректі повесть етіп де жазды. «Адасқандар ақиқаты» – роман туралы повесті – 
қазақ ҽдебиетіндегі тың формада туған алғашқы бастама» деген баға береді. Біз 
жұмысымызда осы бағалаудың ақиқаттығына кҿз жеткізіп, кҽміл сендік.
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Қабдолов З. Кҿзқарас. –А.: Рауан, 1996. – 276 б. 
2. Ергӛбеков Қ. Жазушы шеберханасы. – А.: Қазақпарат, 2002. – 369 б. 
3. Майтанов Б. Қаһарманның рухани ҽлемі. – А.: Жазушы, 1987. 
4. Рахымжанов Т. Портрет жҽне пейзаж // ҚРҰҒА хабарлары. – №4, 1990. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет