Бүгінгі таңда Қызылорда облысы, Қазалы
ауданы мен оған қарасты елді мекендер
тұрғындары үшін жол қатынасы, көпір мәселесі
– ең үлкен өмірлік өзекті қажеттіліктердің бірі.
Аудан тұрғындарының 90 пайыздан астамы
Сырдария өзенінің аңғары мен оған соншалық
алыс емес маңайда қоныс тепкендіктен,
көпірдің маңыздылығын айтып жатудың өзі
артық.
Күн сайын аудан орталығына мың сан
тірлігімен қатынап тұратын тұрғындар үшін
көпір «өмір жолы» десек, бұған ешкім де дау
айта алмас. Қыста дарияның екі жағындағы
қарым-қатынас қиындайды. Аудан орталығына
Абай, Қарлан, Әлсейіт қалқымалы көпірлері
арқылы қатынайтын ауыл халқы, ендігі
жерді екі есе алыс, әрі кедір-бұдырлы,
батпақты жолмен баратын Ә.Тыныбаев
атындағы гидроузелмен қатынауға мәжбүр бо-
лады.
САРАТС жобасының алғашқы кезеңі
аймақтың экологиялық-әлеуметтік ахуалы-
на нәр берді. Жоба барысында теңіз деңгейі
42 метрге көтерілген. Қолға алынған шара-
лар нәтижесінде Арал өңірінің солтүстігіндегі
су мөлшерінің ортаймауына жағдай жасалған.
2005 жылы құрылысы басталған Көкарал бөгеті
теңіздің солтүстік бөлігінің су мөлшерін 68
пайызға жоғарылатыпты.
Соңғы он жылдықта аймақтағы жұрт
Арал теңізінің ахуалына алаңдаулы болатын.
Бүгінгі күні теңіздің солтүстік бөлігін сақтау
шараларының оң нәтиже бере бастағанына бай-
ланысты халықта жақсы пікір қалыптасқан.
Дүниежүзілік банктің қолдауымен қолға
алынған САРАТС жобасының бірінші кезеңінде
біршама толымды тірліктер атқарылса, Сырда-
рия өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің
солтүстік бөлігін сақтау жөніндегі 29,189 млрд
теңгені құрайтын жобаның екінші
кезеңі қоршаған ортаға теңіздің
тигізетін зиянын сейілтеді деп
күтілуде.
№80
(868)
Сенбі,
8 қазан
2016 жыл
А уд а н д ы қ қ о ғ а м д ы қ- с а я с и г а з е т
Тамыры – терең, тарихы – кенен
КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ
МӘСЕЛЕ
Байланыс телефондары: 8 (724-38) 23-8-04, 21-6-94
www.qazaly.kz
@qazaly.kz
E-mail: kazaly@bk.ru
БАСПАСӨЗ – 2017
«Қазалы» газетіне жазылуға
асығыңыздар
Өздеріңіз әр санын әр дайым асыға күтіп отыратын «Қазалы» газетіне
2017 жылға жазылу басталды.
Жазылу «Қазалы» газе тінің редакциясында жүр гізіледі.
Бағасы жеке адамдар үшін 6 айға – 2000 теңге, 1 жылға – 4000 теңге
(индекс 65032),
Мекеме, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдар үшін 6 айға – 3000 теңге,
1 жылға – 6000 теңге (индекс 15032).
«ҚАЗАЛЫ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ.
Біздің есепшотымыз:
«Сыр Медиа» ЖШС
СТН 331 000 011 645
БСН 100 740 005 115
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою
17.08.2012 жыл
сериясы 33001 №0003930
ИИК KZ349260701180488005
АО «Казкоммерцбанк»
БИК KZOKZKX
Сәрсенбі күні кент орталы-
ғындағы «Наурыз» мейрамхана-
сында қарттар күніне орай аудан
әкімдігінің
ұйым дастыруымен
мерекелік шара өтті. Салта-
натты жиында аудан әкімі
Нажмадин Шамұратов жиналған
қарияларға құрмет көрсетіп, айту-
лы мерекелерімен құттықтады.
– Шежіре қазынасын жанына
сақтап, көненің келбетін көрген
ардақты ардагерлер, ақсақал аталар
мен әз әжелер! Туған жеріміздің
көркейіп, гүлденуі үшін аянбай
қызмет еттіңіздер. Тәуелсіздіктің
25 жылдық мерекесі толағай та-
быстармен тойланып жатыр. Оған
да қосқан үлестеріңіз зор. Соны-
мен қатар, ауданымыздағы биылғы
егін науқаны да жылдағыдан та-
бысты болғалы тұр. Мұның
барлығы – сіздердің салған сара
соқпақтарыңыз, үлгі-өнегелеріңіз.
Сіздерді қазыналы қарттар мере-
кесімен шын жүректен құт-
тықтаймын. Ғұмыр жастарыңыз
ұзақ болып, әрдайым арамызда
ақылшы болып жүре беріңіздер, –
деп сөзін түйіндеді.
Содан соң, аудан әкімі ел да-
муына лайықты үлес қосқан қарт-
тарды «Алғыс хаттармен» және ар-
найы сый лықтармен марапаттады.
Аудандық «Ардагерлер ұйы-
мы»
қоғамдық
бірлестігінің
төрағасы Оразғали Бекбанов та
замандастарына жылы лебізін
жеткізді.
Шара соңында соғыс ардагері
Пірназар Мырзатаев өзінің бата-
сын беріп, ұйымдастырушыларға
алғысын айтты.
Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев
тың облыстық мәслихат сессиясында
сөйлеген сөзінде әлемдік эконо микалық
тұрақсыздықтың біздің айма ғымызға
да салқынын тигізіп отырғаны кезекті
мәрте айтылды. Облыс басшысы өткен
жылдың желтоқсан айында дағдарысқа
қарсы ісқимыл жоспары ретінде 207
тармақты іске асыру көзделсе, соның
61і орындалып, 146сы орындалу
үстінде екенін, САРАТС жобасының
бірінші кезеңін іске асыру нәтижесінде
өңірде балық шаруашылығының қар
қынды дамып жатқанын да айтып өтті.
Ендігі мақсат Үкіметпен бірлесіп
САРАТС жобасының екінші кезеңін
тезірек бас тау бағытындағы жұмыс бо
лып табылатынын айтқан облыс әкімі,
бұл жобаға құны 3,6 млрд теңге бола
тын Қазалы ауданындағы Бірлік ауы
лына жақын маңдағы автожол көпірі
немесе Қарлан көпірін салу да кіретінін
тілге тиек етті.
«Дауыс international» тобы
РД АГЕРЛЕР
РДАҚТАЛДЫ
А
Кеше Р.Бағланова атындағы
мәдениет орталығында Социа-
листік
Еңбек
Ері,
Қазалы
ауданының құрметті азаматы
Кәрібоз Әлимаев тың мерейлі 80
жасқа толуына орай «Еңбектің ері
атанған ер тұлға» атты салтанат-
ты жиын өтті. Айтулы шараға ау-
дан әкімі Наж мадин Шамұратов,
Қызылорда облыстық Қоғамдық
кеңес төрағасы Самұрат Имандо-
сов және ардагерлер, еңбек адам-
дары, жас тар қатысып, аты аңызға
айналған
диқаншыға
құрмет
көрсетті.
– «Адамды ештеңе де еңбектей
ізгілендіре алмайды. Адам өзінің қадір-
қасиетін еңбексіз сақтай алмайды» деген
екен шығыс ойшылдары. Сол айтпақшы,
мұратқа жеткізетін, өмірді сәнді де сал-
танатты ететін – еңбек. Бақытын осы
еңбектен тапқан жандардың бірі –
Социалистік Еңбек ері Кәрібоз Әлимаев.
Биыл сексеннің сеңгіріне сергек жеткен
оның еңбекпен өрілген өмірі – ұрпаққа
үлгі. Өткен ғасырдың алғашқы жарты-
сында дүниеге келіп, небір қиын-қыстау
кезеңдерді бастан өткізген қарияның
тағдыр-талайы күрделі болғаны рас.
Соған қарамастан ол қиындыққа жа-
сымай, керісінше, еселі еңбекпен
табыстың тайқазанын қайнатып, ел
ырысын арттыруға сүбелі үлес қосты.
Мәнді де мағыналы өмір кешкен шежіре
кеуде Кәрібоз ақсақалды көргенде
ұлағаттылық пен даналықтың тұнығынан
сусындағандай боласың. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың: “Жалпақ жұртыңды
құрметтеу – туған өлкенің тарихын тану-
дан, адамдарын ардақтаудан басталады”
– деген сөзі бар. Ерен еңбегімен ұрпаққа
үлгі, елге өнеге, халқына мақтаныш
болған тұлға, Социалистік Еңбек Ері
Кәрібоз Әлимаевтың 80 жылдық мерей-
тойын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен
қатар атап өту – еңбекті құрметтеу,
бағалау, ардақтау. Бұл бүгінгі ұрпақтың
міндеті мен парызы болмақ. Біз сізді
бала кезімізден білеміз. Еңбегіңізге бас
иеміз. Барша қазақ елінің мақтанышына
айналдыңыз. Өнегелі өміріңіз жас ұрпаққа
үлгі болып, аман-есен жүре беріңіз, – дей
келе аудан әкімі Кәрібоз атаға сый-сияпат
жасап, ізгі ілтипатын білдірді.
Салтанатты
шарада
облыстық
Қоғамдық кеңестің төрағасы Самұрат
Имандосов та осы басқосудың – еңбек
адамына жасалған құрметтің маңызы зор
екенін жеткізді.
– «Еңбек ер атандырады» дейді қазақ.
Тынымсыз еңбегінің арқасында басы-
на бақ қонған алдыңғы буын ағамыз –
Кәрібоз Әлимаұлы. Ел тарихында оның
есімі алтын әріппен жазылып қалары
сөзсіз. Бейнетінің зейнетін көріп отырған
қарияның қалдырған ізі мәңгілік, өскелең
ұрпаққа өнеге. Осы бақ баршаға жұғысты
болсын, – деді ол.
Ал аудандақ ардагерлер кеңесінің
төрағасы Оразғали Бекбанов болса,
Кәрібоз Әлимаевқа көрсетілген құрмет
бүкіл еңбек адамына, Қазалыдан шыққан
Еңбек Ерлеріне жасалған сый екенін айт-
ты. Өйткені, осы жүздесудің мақсаты
– Кәрекеңнің есімін ұлықтау, өмір жо-
лын насихаттау арқылы еңбек еткен
адамға құт даритынын жастарға терең
түйсіндіру.
Сонымен қатар, Тасарық, Қарашеңгел,
Бозкөл
ауылдық
округтерінің
ақсақалдары, азаматтары, аудандық
ауылшаруашылық бөлімінің басшылығы
Еңбек Еріне қошемет көрсетіп, жылы
тілектерін білдірді.
Бұдан соң, жастар Кәрібоз аталары-
на көкейіндегі сауалдарын қойды. Ал
даңқты диқаншы жастық шағы мен еткен
еңбегі жайлы сыр шертті.
Шалқып-тасыған көңіл күй, ән мен
жыр, құшақ-құшақ гүл шоқтарының
ортасындағы Кәрібоз Әлимаев құрмет
көрсеткен халқына алғысын жеткізді.
–
Осындай
кездесу
кешін
ұйымдастырған ауданның басшылығына
рахметімді айтамын. Тек қуанышты күнде
жолығуды жазсын. Жаманшылық ел-
ден аулақ болсын. Бүгінгі бейбіт күннен
Құдайым халқымызды айырмасын! – деді
ақсақал.
Еңбекті өмір салтына айналдырған
қарапайым
еңбек
адамдарының
ерлігін көпшілік мақтан тұтары дау-
сыз. К.Әлимаев 1936 жылы Қазалы ау-
даны Бозкөл ауылында дүниеге келген.
Балалық шағы Ұлы Отан соғысы жыл-
дарымен тұспа-тұс келген ол мектепті
бітірісімен трактор рөліне отырады.
Еткен еңбегі бағаланып, 31 жасында
Социалистік Еңбек Ері атанды. 1970-1995
жылдары қой бағып, түлік өргізді. Сол
аралықта ауылдық, аудандық советтің де-
путаты болып, елге қызмет етеді. Осы ел
несібесін молайтудағы ерен еңбегі елеусіз
қалған жоқ. Аудан орталығындағы Жеңіс
саябағында қазалылық Социалистік
Еңбек Ерлеріне қойылған ескерткіштің
ішінде арамызда жарқырап жүрген
Кәрібоз Әлимаевтың да бюсті бар.
Сондықтан, айтулы мерекені еңбекке,
қазыналы қарияға құрмет көрсетудің
озық үлгісі ретінде атап өтуге болады.
***
«Еңбектің ері атанған ер тұлға».
Осындай тақырыппен Социалистік Еңбек
Ері Кәрібоз Әлимаевпен №170 орта мек-
теп оқушылары мен мұғалімдері кездесу
кешін ұйымдастырды.
Кеш барысында ауданымыздың
мақта нышы – К.Әлимаев жайлы бейнеба-
яндама көрсетілді. Ыбырай Жақаевтың:
«Бақытты заманның бақытты ұрпақтары,
еңбекпен есейе беріңдер» деген ұранын
ұстанған Кәрібоз Әлимаев бүгінде зайы-
бы Зибагүлмен бірге алты бала өсіріп,
олардан немере, шөбере сүйіп отыр.
Мазмұнды жиында оқушылар атала-
рына сауалдарын қойып, тұшымды жа-
уаптарын алды. Атап айтқанда, ақсақал
қазіргі жастарға көңілі толатындығы,
әзілден құр алақан еместігі, сүйікті асы –
айран, байлығы – денсаулығы мен балала-
ры екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, К.Әлимаевтың заманда-
стары – Н.Базаров пен А.Жұбаниязов
оның еңбек жолындағы ерен істері жай-
лы баяндап берді.
Ал аудан әкімінің орынбасары Ар-
ман Қаржаубаев Социалистік Еңбек Ерін
мерейлі мерейтойымен құттықтады.
– Жасалып жатқан іс-шара сіздің
құрметіңізге арналды. Елбасы «Жалпыға
Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын айтқан
болатын. Сол еңбек қоғамының нағыз
тұлғасы алдарыңызда отыр. Сізге қарап
жас ұрпақ үлгі алып, өсіп-өне берсін, – де-
ген тілегін білдірді.
Есет ТАБЫНБАЕВ,
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА.
ЕҢБЕКТЕН ТАПҚАН БАҚЫТЫН
Бейсенбі күні Әйтеке би кентіндегі орталық
алаңда ауыл спортшыларының XXX «Алтын күз»
спартакиадасының ашылу салтанаты өтті. Шарада ау-
дан әкімі Нажмадин Шамұратов пен облыстық ту-
ризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының
бастығы Садық Мұстафаев құттықтау сөз сөйлеп,
қатысушыларға сәттілік тіледі.
Спорттың 15 түрін қамтитын спартакиадада
аймақтың барлық аудандарының құрама командалары
өнер көрсетуде. Мыңнан аса спортшы өзара бақ сына-
сатын сайыс 9 қазанға дейін жалғасады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
Сыр спортшыларының басын қосқан спартакиада
№80 (868) Сенбі, 8 қазан 2016 жыл.
Игілікті іс
Көкірегі сайрап тұр
Жалаңтөс баһадүр – 440 жыл
Ел мүддесін бәрінен биік
қойып, өзінен кейінгіден ізеттігін
аямай,
ұрпағына
ұлылығын
ұялата білген қарттарымыздың
орны қашан да ерекше. Әр
халықтың бойында өзгелерден
даралап
тұратын,
тек
сол
ұлтқа тән қасиеттері болады.
Біздің халқымыздың осындай
ерекшеліктерінің бірі – үлкенді
сыйлау, оның сөзіне құлақ асу.
Қазақ қарты жасына лайық ауы-
зы дуалы, сөзі берекелі, ісі
тыңғылықты, терең ойлы келеді.
Өздерінің сөзі мен іс-әрекеттерінің
оғаш болмауын үнемі қадағалап
жүреді. Міне, осындай құрметке
лайық қариялардың жылына бір
рет келетін мерекесі 1 қазан –
Қарттар күні елімізде 1990 жылы
14 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ас-
самблеясында бекітілген кезден
бастап атап өтіліп келеді.
Мерекенің мақсаты қарттар
мәселелерінің тыс қалмауы, олар-
дың өнегелі жолдарын жас ұрпаққа
насихаттауға негіз делген. Бүгінде
қоғамның бұл тобының жеке басы
және әлеуметтік мұқтаждықтары,
ел дамуына қосқан үлестері,
қарияларға деген көзқарасты
өзгерту мүмкіндігі, бағып-қағу
мен уақытын тиімді өткізу жайы
зерттеліп, оларды оңтайландыру
істері қоғамымыздан тысқары
қалған емес. Осы бағытта
жағдайы төмен отбасылар және
жеке басты зейнеткерлер мен
қарт мүгедектер мұқтаждығы
ескеріліп, материалдық және
әлеуметтік-тұрмыстық көмек көр-
сетуге азаматтардың атсалысу-
ын қамтамасыз етіп, тегін түрлі
қайырымдық шаралар өткізіледі.
Біздің ауданда да ардагерлерді
ардақтауға арналған ауқымды
істер жыл сайын өз ауқымын
кеңітіп келеді. Оған Қазалы
топырағында тұрып жатқан он
мыңдай зейнеткер куә. Бұлардың
бәрі де тиесілі зейнетақыларын
уақытымен алып, тек өздерін ғана
емес, ұл-қыздары, немерелеріне
де көмектесуде. Егде жаста-
рына қарамай, көбі қоғамдық
істерге белсене араласуда. Кей-
бірі кәсіпкерлікпен айналысып
жүргеніне куә болып келеміз.
Аудандық ардагерлер кеңесінің
төрағасы Оразғали Бекбанов
ардагерлердің
басын
қосып,
жылдық жоспарға сәйкес тапсыр-
малар беріп, ауданның экономика-
сын, саяси әл-ахуалын нығайтуға
атсалысуға жұмылдырып келеді.
Атқарушы органдар сондай-
ақ түрлі ұйымдар, жекелеген
кәсіпкерлер тарапынан ардагер-
лерге тиімді қарым-қатынас жа-
сауда аудандық ардагерлер кеңесі
төрағасының рөлі аса зор. Дәл
осы азаматтың мұрын дық бо-
луымен Республикада бірінші
болып біздегі «Ардагердер үйі»
пайдалануға берілді. Аудан-
дағы барлық ірі шаралар ау-
дан ардагерлерінің қатысуынсыз
өткізілмейді. Қарттардың ақыл-
кеңестері назарға алынып, ат-
қарылған шаралардың ортасын-
да жүреді. Мұқтаж жандарға
бірігіп жағдай жасау, белсенді
ардагерлерді
ынталандырып
отыру да Кеңестің назарынан тыс
қалған емес.
Қарттарға қамқорлық жасау
ақхалаттарылар арасында да жолға
қойылған. Жыл сайын аудандағы
барлық медицина мекемелерінің
басшылары кәсіподақпен бірігіп
«Қарттар күні» өз қарияларының
жағдайларын біліп, әл-шама-
сынша сый-сияпат жасап тұрады.
Биыл да аудандық аурухананың
бас дәрігері Бақыткүл Әліш пен
кәсіподақ
төрағасы
Алдана-
зар Табын бастап бір топ сала
ардагерлеріне арнап дастархан
жайылып, сый-сияпат жасалды.
Өздеріне көрсетілген құрметке
қариялар ризашылықтарын біл-
діріп, ақ баталарын берді.
Аталмыш шарада Б.Әліш
жағымды жаңалықтармен бөлісті.
Қонақтарды бас дәрігер жеткізген
жаңадан бой көтеретін аудандық
аурухана қаржысы бөлінгендігі,
құрылыстың келесі жылдың
аяғына бітіп қалатынын серпілтіп
тастады.
Мерекелік
жиында
Нұрсұлтан Мұратбаев сөз алып,
ардагерлер ұйымының жұмысын
жаңғырту бағытындағы ойларын
жеткізіп, орталық парктен меди-
цина ардагерлеріне «Аллея» ашу-
ды ұсынды. Ал ардагер Рахи-
ла Ермағанбетова жаңа ауруха-
надан кітапхана ашылса, оған өз
қорларындағы түрлі кітаптарын
табыстап, көмек көрсететіндерін
атап өтті. Өзге шақырылушылар
да өздерін халыққа медициналық
қызмет көрсетудің жайы толған-
дыратыны, қажет болса ақыл-
кеңестерін беруге әзір екендерін
айтты.
Жыл сайын мереке қарса-
ңында
қарттар дың
есімдері
еленіп, құрмет биігі нен табы-
латындықтарына
алғы сымыз
шексіз. Менің бұл мақа лада айт-
пағым, кейбір жұмысбас тылықты
сылтау етіп, «Қарттар күнінің»
тек сыйлық жасау шеңберінде
ұғынатын басшылардың өздерінің
қария болатындарын қаперіне
салу.
Екіншіден,
көп
нәрсенің
қарттардың өздеріне байланыс-
ты екенін ескерту. Ғұламалар
қартаймаудың негізгі жолдарының
үшеуіне ерекше мән береді.
Біріншісі, қариялардың алды-
на қойған арман-мақсаттарының
болуы. Екіншісі, келешектен
күдер үзбей, үмітпен қарау, өткен
кездерінің жақсы жақтарын еске
алып отыру. Соңғысы қолынан
келгенше белсенді болу, жа-
сына, өз деңгейіне сәйкес
өмірге араласып жүру. Немере-
шөберелерінің
тәрбиелеумен
ай нылысу. Жас кезінде жасай
алмаған, бірақ армандаған ой-
ларын іске асыру. Иманға бет
бұру. Шығармашылықпен, сүйікті
ісімен айналысу. Ағайынмен ара-
ласуды жолға қою. Әртүрлі клуб-
тар құрып, өзімен пікірлестерді
жинап, пайдалы спорттық, т.б.
шаралар өткізу.
Менің ойымша қартаю да
оқшауланып қалу емес, жұмы-
сыңды жетілдірумен бірдей.
Ұдайы жақсы жүріп, жайлы
сөйлесең ортаңда беделің арта
түседі. Бұрынғы қызмет еткен
ортамен де байланысты ұмытпау
керек. Шақырмаған жерлер-
ге барып, өз қадірін түсірмеуге
тырысқан жөн.
Айта берсең, үлкендікті дұрыс
өткізудің жолы толып жатыр.
Сіздердің өмірлік тәжірибе-
леріңіз бен даналық сөздеріңіз
балаларыңыз бен немерелеріңізге
көп пайдасын тигізуі мүмкін.
Алланың берген әр күні, әр
сағаты, әр минутына шүкірлікпен
қарап, ризалық білдіріп, қуану ке-
рек. Өмірімізді қарттығымызға
сәйкес өткізуге ұмтылуда Алла
Тағала баршамызға ынта-жігер,
күш-қуат бергей.
Қариялар – сарқылмас дария-
лар.
Сержанқожа БЕРДЕНҰЛЫ.
«Қазалы» газетінің қоғамдық
негіздегі тілшісі,
еңбек ардагері.
ҚАРИЯЛАР
–
САРҚЫЛМАС ДАРИЯЛАР
Жуырда Әйтеке би кенті әкімдігінің мәжіліс залын-
да «Қазалы ынтымағы» қоғамдық бірлестігінің 2016 жылға
«Үкіметтік емес ұйымдардың дамуына ықпал ету және
үкіметтік емес ұйымдарға арналған ақпараттық-ресурстық
орталығын ұйымдастыру» жобасы бойынша «Үкіметтік емес
ұйымдардың өкілдері мен аудан тұрғындарын кәсіпкерлік са-
ласына бейімдеу және түсіндіру» тақырыбында кеңес беру
отырысы болып өтті.
Басқосу үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру
және жандандыру, қоғамдық ұйымдарға байланысты
мәліметтермен таныстыру, азаматтық қоғам институттарын
дамыту үшін үкіметтік емес ұйым өкілдерін барлық жер-
де де жұмыс жасауға әрекеттілігін насихаттау мақсатында
ұйымдастырылып отыр. Шараға аудан тұрғындарымен қатар,
дербес бөлім мамандары, үкіметтік емес ұйым және бұқаралық
ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ер-
лан Нұржаубаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған
аудандық кәсіпкерлік палатасының кеңес беру маманы
Асылхан Жолашев бұл шараның мән-маңызына тоқталып,
кәсіпкерлерге кеңес берді.
Шара барысында жиналғандар тарапынан қойылған
ұсыныс-пікірлер мен сұрақтарға байланысты аудандық
кәсіпкерлік палатасының кеңес беру маманы Асылхан Жола-
шев, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің
әдіскер маманы Құралай Бабанаева жауап берді.