1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады H. A. Yesevi uktü Bülteni


АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014



Pdf көрінісі
бет6/220
Дата14.12.2022
өлшемі4,95 Mb.
#57292
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220
АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2014 
мҽдениетті түрде жүріп-тұруға үйретуге ерекше кҿңіл бҿлінетін болған. Жас 
ханымдардың асықпай, кербез жүруі, отырғанда қолдарын тізесінің үстіне 
қойып, тік отыруы мҽдениеттіліктің негізгі шарттарының бірі саналатын. 
Сондай-ақ, этикет ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады 
(Boke of Curtasye). Тамақ ішу, сҿйлеу, жүріп-тұру, кҿп арасында ҿзін-ҿзі 
ұстау, т.б. этикеті қалыптасты жҽне олардың орындалуы қатаң талап 
етілетін болды. Уақыт ҿте келе осы ұстанымдардың бірқатары 
жалпыхалықтық мақал-мҽтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты. Мысалы: 
Good manners maketh a man (c.c.a: Адамды адам ететін оның ҽдептілігі); In 
chamber among ladies bright, Hold thy tongue and spend thy sight (c.c.a: Ҽсем 
ханымдармен бір бҿлмеде отырғанда тіліңе ие бол жҽне бақылап қарап отыр); 
If thou sit by a worthier man Than thyself art one, Suffer him first to touch the 
meat (c.c.a.: Егер ҿзіңнен салауаттырақ адаммен дастарқандас болсаң, содан 
үлгі ал), т.б. Оксфорд Нью колледжінің негізін салушы William Wickham 
1380 жылы Manners makyth man (c.c.a. Адамды адам ететін оның ҽдептілігі) 
мақалын колледждің ұраны етіп таңдап алып, тіпті бұл сҿздерді тасқа ойып 
жаздыртып қойған. Бұл ұранды ұстану, жақсы ҽдеп сақтау ҽрбір студенттен 
қатаң талап етілген. Екі жылдан соң Винчестер колледжі де осы ұранды 
таңдады [1, 160 б.]. 
He bears misery best who hides it most.
Қас бекзаттың белгісі Қайғысын жұрттың білгізбес
Аққу құсқа оқ тисе, Қанатын суға тигізбес, 
Ер жігітке оқ тисе, Қиналғанын білдірмес. 
Ағылшын мақалы «қайғыны жасырған жақсы кҿтереді» десе, қазақ 
мақалы «адамнан қас бекзат, нағыз ер жігіт, ал құстан аққу құс қиналғанын 
білдірмейді», – дейді. Қазақ – батыр, ер жігітті қадірлеген, үлгі тұтқан халық. 
Қазақ үшін ер жігіт екі сҿйлемейтін, сҿз берсе, қайтсе де соны орындайтын, 
еш қиындықтан қаймықпайтын, жүрек жұтқан, ер жүрек жігіт. 
Сонымен қатар, қазақ – киеге үлкен мҽн берген халық. Табиғаттың 
кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, кҿшпелі тұрмысқа 
қажетті заттарды киелі деп қастерлеген. Осы аталғандарды құрмет тұту, 
ырымын жасау, адам баласына байлық пен бақыт, құт ҽкеледі, ал тиісті жҿн-
жоралғының жасалмауы киенің қаһарын туғызады деп түсінген, яғни «киенің 
ашуы, қаһары – кесір». Сондықтан да, шаман дініндегі халықтар дүниедегі 
жамандық пен жақсылықты киелі жан-жануарлар мен қасиетті заттардың 
қастерленбеуімен, содан барып туатын реніш, ашудың киесімен 
байланыстырады. Демек, тақуалық, қулық, белгілі ырым-жорамалдардың 
мүлтіксіз орындалуы қажет, ал сол ҽдет-ғұрыптың орындалмауы күнҽ, 
діндарлықты бұзу болып саналып, кесір-кесапатқа душар етеді деп ұққан. 
Осындай киелі құстардың бірі – аққу, қазақ халқы оның киесінен қорқып 
атпаған, оны құстың сұлтаны деп есептеген. Мақалдағы аққу құс пен ер 
жігіттің қатар тілге ілініп, үлгі етілуінің тҿркіні осында жатыр. 
Ағылшындар да аққуды киелі құс деп есептейді. Тіптен Британия





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет