1.ҚАзақ тілінің Үндестiк заңЫ



бет2/13
Дата06.01.2022
өлшемі200,5 Kb.
#15835
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ықпалдың түрлерi

Үндестiк заңы көршi дыбыстар мен буындардың бiр-бiрiне ықпал етiп, бiрiнiң екiншiсiне бейiмделiп тұруына негiзделедi. Ықпал негiзiнен морфема мен морфеманың аралығында (жапсарында) қатар келген дыбыстар мен буындардың арасында болады. Ал морфеманың өз iшiндегi дыбыстар мен буындар (көп буынды сөзде) тарихи дамудың нәтижесiнде қалыптасқан құйма деп қараймыз да, сол дайын күйiнде танимыз. Сонда түбiр морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы тiлдiң қатысы жағынан жуан немесе жiңiшке етiп игерiп тұрады: дала-ның, дала-ға, университет-тiң, университет-ке, қасиет-тi, қасиет-i. Сондай-ақ ерiн қатысы жағынан да ықпал ете алады: үй-гө, үй-дү, үй-дiң, үр-үп, үр-дү, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бiр-бiрiне ықпалы сингорманизмге айтылады).

Дыбыстардың бiр-бiрiне етер ықпалы негiзiнен екi түрлi болады: а) дауыс (салдыр) қатысына қарай және ә) айтылу орнына (артикуляциясына) қарай. Мұның бiрiншiсiн акустикалық, екiншiсiн артикуляциялық ықпал дейдi.

Қазақ тiлiнде морфемалар жапсарында қатар келген дыбыстардың көбiне алдыңғысы (яғни алдыңғы морфеманың соңғы дыбыс) кейiнгiсiне (яғни кейiнгi морфеманың басқы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ықпал етiп, өзiне бағындырып тұрады.

Мұндайда дыбыстардың күштi не әлсiз болуы ондағы дауыстың мөлшерiне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындықтан, әрқашанда да басқа дыбыстарға ықпалын жүргiзедi. Бұл жағынан үндiлер де қалыспайды. Олар да дауыстылар сияқты үнсiз дауыссыздарға күштiлiк жасайды. Дауыс қатысы жағынан әлсiзi- үнсiз дауыссыздар. Сөйте тұра, қатаңдар мен ұяңдар әсте тiл табыса алмайды. Қатар келгенде кейде ұяңдар қатаңданып, кейде қатаңдар ұяңданып кетуге мәжбүр.

Түбiрдiң соңғы дыбысы қосымшаның басқы дыбысын дауыс (салдыр) қатысы жағынан әрқашанда тәуелдi етiп, игерiп тұрады. Үндестiк заңында дыбыстардың осы қасиетi қатты ескерiледi. Күштi дыбыстар әлсiз дыбыстардан кейiн тұрып та ықпал ете бередi: қаб-ы (қап-ы), тарағ-ы (тарақ-ы), күрег-i (күрек-i) т.б.

Көршi дыбыстар айтылу орны жағынан да бiр-бiрiне азды-көптi ықпал етiп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепшi болады: жаңған (жан-ған), жамбады (жан-бады), ашшы (ас-шы), ашша (аш-са)- артикуляцияның нәтижесi.

Дегенмен түбiр мен қосымшаның аралығында қатар келген дыбыстар алдын-ала ыңғайласып, үйлесiп келетiндiктен дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға қарағанда, сөз бен сөздiң жапсарындағы дыбыстар көбiрек алмасуға ұшырайды. Олай болатыны, лексикалық единицалар (сөздер) қосымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу үстiнде өзара жымдасып, үйлесiп айтылады.



Алмасу фонетикада негiзгi және алғашқы түсiнiктердiң бiрiне жатады. Алмасу болу үшiн көршi екi дыбыстың күштiсi әлсiзiне акустика-артикуляциялық жақтан ықпал етiп, өзiне бейiмдеп, игерiп тұрады. Бұл комбинаторлық (игерулi) алмасу делiнедi.

Игеретiн дыбыстың орын тәртiбiне қарай қазақ тiлiнде дыбыстардың бiр-бiрiне ықпалы үш түрлi болады. 1) Iлгерiндi (прогрессивтi) ықпал- алдыңғы дыбыстың кейiнгi дыбысты өзiне тәуелдi етiп, игеруi.

Бұл-бүкiл тiлiмiздiң табиғатын танытатын негiзгi заң. Көршi дыбыстардың алдыңғысы кейiнгiсiн үнемi дауыс қатысы жағынан тәуелдi етiп, игерiп тұрады. Сөздерiмiздiң бiрыңғай жуан буынды немесе жiңiшке болып келуi iлгерiндi ықпалға негiзделген. Ерiн үндестiгi де осы заңға жатады.

2. Кейiндi (регрессивтi) ықпал- прогрессивтi ықпалға қарама-қарсы, кейiнгi дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелдi етiп игеруi. мыс: қаб-ы (қап-ы), тарағ-ы (тарақ-ы), күрег-i (күрек-i) т.б.

Дыбыстар акустикалық жақтан үндескенмен, артикуляциялық жағынан үйлеспей қалуы мүмкiн. Мұны регрессивтi ықпал реттейдi: жамбады (жан-бады), сөжжоқ (сөз-жоқ), сөшшең (сөз-шең) т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет