1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант



Pdf көрінісі
бет55/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

57 Қазақ хандары мен Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант 
қабылдауы (XVIII ғ. 40 ж.). Орынбор губерниясының губернаторы И.И.Неплюевтің 
саясаты.
1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кiшi жүздiң қазақтарын Ресейдiң қол астына 
алу туралы
грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Империяға өтудің сипаты үстірт, жасанды болды. 
Дегенмен бұл Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басы едi. Жоңғариямен 
ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңiске жеткенiмен, ол табыс 
баянды бола қоймады. Хандар мен сұлтандардың тақ таласына байланысты алауыздығы 
салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды. Ресей қалайда Қазақстанды өзiне 
қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңдi күтумен болды.
Әбiлқайыр қазақ хандығында жеке өз билiгiн нығайту жолдарын жатпай-тұрмай 


тынымсыз iздестiре бастады. Кiшi жүздiң ханы Ресей мемлекетiнiң қолдауына сүйенуге 
бел буды. Бұл ретте оның жеке басының ерекшеліктері де шешушi рөл атқарды. 1730 
жылы Кiшi жүздiң билерi ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда 
Ресеймен келiссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдiң өкiмет билiгiмен неғұрлым жақын 
бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыргүйек айында Әбiлқайырдың елшiлiгi Петербургке 
келдi. Елшiлiк Кiшi жүздi Ресейдiң қарамағына алу туралы императрица Анна 
Иоанновнаның атына жазылған өтiнiштi табыс еттi.
1744 жылы қазақ халқын ата қоныстарынан ығыстыру жөнінде қосымша жобаның авторы. 
Бұл жобада қазақтарды Орал мен Сібір жағынан қоршауға алу жоспарланған еді. Әсіресе, 
Жайық қалашығы, Орынбор, Орск, Жаңа Ойыл шебі, Сібір шебіндегі әскерлерді 
қазақтарға қарай бағыттау болды.
1742 жылы 19 қазанда И.И. Неплюев қазақтарды Жайық өзені маңында көшіп-қонуға 
тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта 
көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық 
халықтарға жар саламын, бұдан былай осы жарлық алғаннан кейін қамал маңында және 
Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, 
онда қатаң жаза қолданылады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет