ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі
қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа
бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның
жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында
маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Соғыс
ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды.
1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен
руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен
деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты.
1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар
селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер
мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы
қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды
Достарыңызбен бөлісу: