1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25



Pdf көрінісі
бет67/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100
69 Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ даласы: 1916 жылғы 25 


маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» 
Жарлық.
Маусым жарлығы– “Июнь жарлығы” – Ресей патшасы Николай ІІ-нің 1916 жылы 25 
маусымдағы “Бұратана” халықтардың өкілдерін тылдағы жұмысқа алу жөніндегі 
жарлығы.
Бұратана жұмыстарыны адам жинау.
Жарлық Қазақстанның , Орта Азияның, ішінара Сібірдің 19 бен 43 жастың аралығындағы 
ер азаматтарын тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстарын және әскери қатынас 
жолдарын салу, майдан өңірі маңайында жолдар салу, т.б.) “реквизициялауды” 
(“жұмылдыру”, “әскерге шақыру” емес) жоспарлады. Бейнебір малды реквизициялау 
(өткізу, жеке адамның мүлкін күшпен алу) туралы болып отырған сияқты “реквизиция” 
сөзі қолданылды.
Бас штабтың салғырт салығы бойынша тыл жұмыстарына Қазақстаннан , Орта Азиядан 
400 мың адам, оның ішінде қазақтар мекендеген барлық облыстардан 240 мыңға жуық 
адам алу жоспарланды. Бірінші кезеңде 19 – 31 жас, екінші кезеңде 32 – 43 жас 
аралығындағы азаматтар алынбақшы болды. Олардың тізімін жасау жергілікті болыс 
басшыларына жүктелді.
Патша өкіметінің жергілікті әкімшілік орындары істі жеделдету үшін болыс, старшын 
және “құрметті ақсақалдармен” жиналыстар өткізіп, “Маусым жарлығын” бұлжытпай тез 
орындау керек деген шешім қабылдады. Бұл жергілікті жерде патша өкіметіне қарсы 
халық наразылығының күрт күшеюіне алып келді. Халық наразылығы күннен-күнге өріс 
алып, Қазақстандағы он алтыншы жылғы көтеріліске ұласты
70. 1916 жылғы Орта Азия ұлт-азаттық көтерілісі, оның себептері, қозғаушы 
күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Амангелді Иманов, Тоқаш Бокин, 
Бекболат Әшекеев, Әбдіғафар Жанбосынов және т.б.
Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. 
Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру 
саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара 
жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-
азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.
Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық 
бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның 
танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов 
басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. 
Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: 
бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша 
жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, 
Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге 
шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М. 
Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын 


ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі 
қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа 
бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның 
жанында әскери кеңес жұмыс істеді.
Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында 
маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Соғыс 
ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 
1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен 
руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.
Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен 
деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 
1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. 
Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар 
селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер 
мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы 
қарама–қарсылық, бір–біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет