1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Ұлы Отан соғысы жылдарынлағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-



Pdf көрінісі
бет83/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

86 Ұлы Отан соғысы жылдарынлағы Қазақстанның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-
экономикалық және мәдени жағдайы. Қазақстан аймақтарына халықтарды, 
өнеркәсіп кәсіпорындары мен мәдениет объектілерін эвакуациялануы.
Фашистік Германия басшылығы “Барбаросса” соғыс жоспарын жасағанда КСРО-ны көп 
ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат 
(құранды) деп есептеді.
КСРО аумағында рейхкоммиссариат құруды жоспарлады: Остланд-Беларусь пен Балтық 
жағалауы, Украина, Московия – Ресей, Кавказ, Еділ-Орал, Гросс Түркістан (Үлкен 
Түркістан).
“Үлкен Түркістанға” Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, 
Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Бұл өңірде ұлы 
Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау белгіленді. 
Республикада 2 млн-нан астам адам әскери
даярлықтан өтіп, әрбір бесінш іқазақстандық майданға аттанды. Соғыс жылдары майданға 
жақын өңірлерден көшіріліп әкелінген 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап 
шығарды 


1941-1945 соғыс жылдары арасында республика еңбекшілерінен майдан қажетіне қомақты 
сома – төрт миллиард 700 мың сом ақша жиналған, соғыс жылдарында шығарылған үш 
миллиард 184 миллион 395000 сомның заемдарын еріксіз сатып алып, Қорғаныс қорын 
молайтқан. Қарағандының шахтерлері, Балқаш металлургтері, Жезқазғанның мыс 
қорытушылары, Шымкенттің қорғасыншылары, Ембі мұнайшылары, Түркістан-Сібір 
және Қарағанды темір жолдарыныңтеміржолшылары жоғары патриотизм мен 
ұйымшылдық көрсете отырып, тыл еңбеккерлерінің күрделі әскери-шаруашылық 
міндеттерді шешкен кезде алдыңғы сапында болды.
Қазақстанның теміржолшылары да аса зор жұмыс атқарды. 1941-1942 жылдары теміржол 
бойымен Қазақстанға бір миллионға жуық эвакуацияланған халық, өнеркәсіп орындары 
жабдықтарының аса зор көлемі көшіріліп әкелінді. Теміржол транспорты майданды не 
қажеттің бәрімен жабдықтап қоймай, сонымен бірге қорғаныс заводтарына қажетті 
стратегиялық шикізат жеткізіп отырды. Поездардың жүрісі айрықша әскери графикке 
көшірілді.
Қарағанды-Магнитогорск теміржолының жүк өткізу қабілетін арттыру
үшін Ақмола-Қарталы линиясы қатарға қосылды.Түркістан-сібір жолының 1941 жылғы 29 
желтоқсанда СССР қатынас жолдары халық комиссариатына жолдаған мына 
телеграммасы Қазакстан теміржолшыларының іркілсіз жұмысын сипаттайды: “Түрксіб 
жылдық жоспары 251 850 вагон болған жағдайда 28 желтоқсанда 254 623 вагон тиеді. 
Жылдық жоспар мерзімнен бұрын орындалды. Жылдық жоспардан тыс 8200 вагон 
құрылыс жүгі тиелді.”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет