1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің



Pdf көрінісі
бет81/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)

84. Кеңестік білім беру жүйесін құру. Қоғамның ұлттық-мәдени негіздерінің 
жойылуы. Қазақ тілі ұстанымдарының әлсіреуі. Арабтан латынға, кейін 
кириллицаға көшу
1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес: жетістіктер мен 
қайшылықтар. Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай 
сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті. 
Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше 
мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді 
және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал 
бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы 
желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» 
Декретке қол қойды.
1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, 
барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар 
хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа 
мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен 
шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б. пәндерді оқытты. 
Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік 


органдары Алаш қайраткерлері мен халық ағартушыларын тартты. Мысалы, 1919 жылы 
Ақмола облысының Омбы уезінде ағарту курстарында жұмыс істеуге қоғамның сауатты 
азаматтары Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Әміре Исин шақырылды.
Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою 
үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы 
факультеттері) құрыла бастады.
Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті: 
қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үй-жайы және оқулықтар мен тәжірибелі мұғалімдер 
тапшылығы.
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы күндерінен 
басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік 
комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың 
негіздерін талдаумен айналысты. Халық ағарту комиссары Луначарский жұртшылыққа 
мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жариялады. Бұл үндеуде ол халық ағарту 
саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттап берді: 
жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім 
алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті 
және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді 
Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. 1918 жылы 20 
қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс 
еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті 
шіркеуден бөлуді жариялады.
• Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-
мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты.Бұл съездің нәтижесі бойынша, 
мұғалімдерге Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып, интернационалист-
мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.
Жастарға кәсіптік білім берудің негізгі техникумды (индустриялық, ауылшаруашылық, 
экономикалық, педагогикалық және т.б.) оқыту мерзімі 4 жылдық, кеңес ұсынған еді. Бұл 
кеңестің нәтижесі бойынша кәсіптік мектептер, фабрика-зауыт мектептері, оқу-өндірістік 
шеберханалар және т.б.; жетіжылдық мектеп – ортақ кәсіптік-техникалық оқу орындары 
үшін – индустриялық, ауылшаруашылық, педагогикалық және басқа техникумдар; 
тоғызжылдық – онжылдық мектеп жоғары оқу орындары үшін негіз болды.
9 жастан асқан тұрғындардың қанша уақыт (жыл) білім алғанының орташа көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет