Байланысты: 1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескер-emirsaba.org (1)
102 «Мәдени мұра», «Тарих толқынында»мемлекеттік бағдарламалары: мақсаты мен негізгі кезеңдері. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білім қорын құру.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері. Тарихи сананы жаңғырту. «Ұлы даланың жеті қыры». «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мәдени, экономикалық және әлеуметтік
капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам
парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын
жасау және қорғау бағдарламасы. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын
жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа
қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта
болатын жағдайды баяндайды. Сондықтан да, Елбасымыз осыдан 15 жыл бұрын, яғни
2003жылы сәуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен қабылданған
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуінің
дәлелі.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан
Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа
жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси
бағдарын жария еттім.
Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол —
«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел
келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми
идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы.
Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік
Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз.
Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік
жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы
қол жеткен асу