Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi
көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-
азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты.Елтаңбасының авторлары — Жандарбек
Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов
Ту:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
негiзгi рәмiздердiң бiрi. Туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-
көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан
халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық
халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған
Әнұран:
Қазакстан Республикасынын мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі - әнұран, мемлекеттік ту
мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Әнұран салтанатты
рәсімдерде, мемлекеттік органдарда өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады
2006 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Сенатының
бірлескен отырысында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды. Заң жобасына талқылау
барысында бірқатар депутаттар («Менін Қазақстаным») жаңа әнұранның авторлар
құрамына Н.Ә.Назарбаевты ресми түрде қосу туралы ұсыныстарын білдірді. Парламент
депутаттары жаңа әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н.Ә.Назарбаевты бір
ауыздан қолдады. Ал әні бұрынғы қалпында сақталды. Әнін жазған Ш.Қалдаяқов.
Мұқым елдің мығым қалқаны Қарулы күштеріміздің тарихы, әлеуеті мен құрылымына
тоқталайық. Мемлекет басшысы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерін
құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның қарамағына ел аумағында орналасқан барлық
әскерлер кірді. Қорғаныс министрлігінің құрамында 3 құрылымдық әскер бар. Олар
Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс және Әскери-теңіз күштері.
Құрлық әскерлері 2009 жылдың 20 сәуірінде құрылды. Міндеттері: Кез келген агрессияға
тойтарыс беру; елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Мемлекеттік және
әскери объектілерді күзету; Шекараның құрлықтағы бөлігін бекем ету; Бітімгершілік және
өзге де тапсырмаларды орындау.
Әскери-теңіз күштері - 2003 жылдың 7 мамырында құрылды. Негізгі әскери қимыл
аудандары - Каспий теңізінің шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің
құрамында 14 кеме бар. Ақтаудағы 612-ші әскери базасы екі СУ-25, жеті СУ-27
шабуылдаушы ұшақтармен және 12 МИ-24 тікұшақтарымен жарақталған.
Әуе қорғаныс күштері 1998 жылдың 1 маусымында құрылды. Бұл – Қазақстан
қорғанысының флагманы. Міндеттері: Елдің әуе шебін қорғау; Мемлекеттік, әкімшілік
және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау. Әскери құрылым жылдамдығы
дыбыстан да жоғары - МиГ-31, МиГ-29, МиГ-27 және Су-27 бомбалаушы, жойғыш
ұшақтармен жарақталған.
Достарыңызбен бөлісу: