1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы



бет1/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
1. аза стан аума ында ы тас асырына атысты археологиялы ескер


1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы.


Тас ғасырындағы археологиялық ескерткіштер. Тас ғасыры үш кезеңге бөлінеді: палеолит,мезолит, неолит.
1.ЕРТЕ ПАЛЕОЛИТ
⊙Бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз. , Жамбыл обл.
Ерекшелігі: 5000-ға жуық тас құралдар табылды, бәрі де қашау мен үшкіртас-р.
⊙Шақпақата мен Арыстанды.
Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда.
Ерекшелігі: ерте тас ғ. тұрақтарының ең көнелері, табылған құралдар Шығыс Африканың Олдувэй сайынан табылған ең көне құралдармен бір заманға жатады.
⊙Қазанғап, Тәңірқазған.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
2. ОРТА ПАЛЕОЛИТ.
⊙Обалысай.
Орналасуы: Жезқазған.
Ерекшелігі: мустьерлік кезеңнің ең ежелгі тұрағы.
⊙Мұзбел.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Қанай.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ш. Уәлиханов атындағы көпқабатты тұрақ.
Орналасуы: Арыстанды өз. бойында.
Ерекшелігі: неғұрлым жақсы зерттелген тұрақ.


3.КЕЙІНГІ ПАЛЕОЛИТ.
⊙Батпақ.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: 300-ге жуық тас құрал табылған.
⊙Шульбинка.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: 5000 еңбек құралдар табылды.
⊙Семізбұғы.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: түзу, кейде қайқы ас пышақ сияқты қырғыштар табылды.
⊙Қарабас, Ангренсор.
Орналасуы: Орт. Қаз.
⊙Бұқтырма, Шүлбі.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
⊙Ащысай.
Орналасуы: Оңт. Қаз.
Ерекшелігі: бизон, арқар, жабайы жылқы сияқты жануарлардың сүйектері және пышақ тәрізді тілгіштер табылды.
⊙Майбұлақ.
Орналасуы: Жетісу.
4. МЕЗОЛИТ (ОРТА ТАС ДӘУІРІ).
Тұрақтар саны (жалпы Қаз. б/ша): 20-дан астам.
⊙Мичурин, Явленко.
Орналасуы: Қызылжар қ., Есіл өзені бойы.
⊙Дүзбай.
Орналасуы: Торғай ойпаны ауд.
⊙Тельман.
Орналасуы: Атбасар маңы.
⊙Ерейментау.
Орналасуы: Ақмола.
⊙Әкімбек, Қарағанды.
Орналасуы: Қарағанды маңы.
⊙Қызылсу.
Орналасуы: Маңғыстау.


5. НЕОЛИТ.
150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары.
⊙Жезқазған өңірі.
Ерекшелігі: жерлеу орындарының үстіне тас үйген, қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған, адамның басын батысқа қаратып, шалқасынан жатқызды.
⊙Усть-Нарым.
Орналасуы: Шығ. Қаз.
Ерекшелігі: құрал-саймандарға өте бай, өткір, ұсақ сынатастар көп табылды.
⊙Зеленая Балка, Қарағанды.
Орналасуы: Орт. Қаз.
Ерекшелігі: үй малының сүйектері табылды.
⊙Пеньки.
Орналасуы: Солт. Қаз
Ерекшелігі: тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көптеп кездеседі.
⊙Сексеуіл.
Орналасуы: Қызылорда обл.
Ерекшелігі: табылған сүйектердің 80% қойлар мен сиырдікі.
⊙Железинка.
Орналасуы: Солт. Қаз.
Ерекшелігі: селосының маңында өліктің кремациясы (өрттелу) рәсімі орындалып, күлінің жанына үш құмыра, жебелер және сүйектердің жасалынған әшекейлер қойылған.
⊙Қараүңгір.
Орналасуы: Қаратау.
Ерекшелігі: мекенінен табылған қыш ыдыстардың дөңгелек түптері қызыл бояумен боялған.


Ежелгі адамдардың шаруашылығы терімшілік пен аңшылық болды.
Жеміс-жидектерді терді, жеуге жарамды тамырларды қазып алды, құстардың жұмыртқаларын жинап қорек етті. Мұндай кәсіп терімшілік деп аталды.
Алғашқы адамдардың келесі кәсібі аң аулау болды. Олар негізінен мамонттарды, бизондарды, маралдарды, жабайы жылқыларды, үңгір аюларын аулады.
Ежелгі адамдардың тұрмысы: тобыр болып өмір сүрді,тобырда 25 адамға дейін өмір сүрді,от жағып жылынып,жауларынан қорғанып өмір сүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет