1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің өзгеруі. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі



бет15/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
20 Ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы дәуіріндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің өзгеруі. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.

  1. Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейінгі Қазақ өлкесі. Экономикалық күйзеліс және орыс эсерлерінің жалғасып жатқан империалистік соғыс майданындағы жеңілісі, сондай-ақ елде жұмысшы қозғалысы мен аграрлық қозғалыстың өсуі, соның ішінде жеңіліс тапқанына қарамастан, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халқының 1916ж көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді, мұның бәрі демократиялық күштер соның ішінде жұмысшы табы да, шаруалар да патша үкіметіне қарсы шешуші штурмға дайындалып жатқан кездегі Ресейдегі революциялық дағдарыстың көрінісі болды.

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық реворлюция болып, нәтижесінде патшаІІ НиколайРомановтақтан түсірілді. Ресейде монархия жойылды. Елде Қос өкіметтің билігі орнады:

  1. Буржуазиялық Уақытша үкімет;

  2. Жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының кеңесі.

Қазақ өлкесінде саяси белсенділік күшейіп, 1917 жылы көктем айларында Торғай, Жетісу, Ақмола, Орал, Бөкей Ордасы, Семей облыстық қазақ съездері өткізілді. Ал 1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өткізілді. Онда он төрт мәселе қаралды: мемлекеттік басқару түрі, қазақ облыстарының автономиясын құру, жер мәселесі, халық милициясын құру, оқу-ағарту ісі, сот, дін, т.б. мәселелер. Осы съезде қазақтың ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру туралы қаулы шығарылды. «Алаш» партиясының жетекшісі болып Ә. Бөкейханов сайланды. Партияның баспа органы 1913-1918 жж. аралығында шығып тұрған «Қазақ» газеті болды. 1917ж. 23-27 ақпанда буржуазиялық-демократиялық революцияның жеңіп шығуы елдегі тап күшінің арасалмағын күрт өзгертті. Социалистік революцияның жолындағы басты кедергі самодержавие (патша үкіметі) жойылды. Бірақ революцияның негізгі мәселесі — өкімет туралы мәселе -өзінше шешім тапты. Еңбекшілердің бастамасымен пролетариат пен шаруалардың революциялық-демократиялық диктатурасының (билігінің) органы- Жұмысшы, солдат, кейін шаруа депутаттарының кеңестері пайда болды. Кеңестердің басшылығына еніп кеткен меньшевиктер мен эсерлердің келісімпаздық саясаты буржуазия өзінің өкімет органы – Уақытша үкімет құруына мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңнің аса күрделі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын білдіретін Қосүкімет дүниеге келді. Қазақстанда 1917ж. наурыз-сәуір айларында жер-жерде жұмысшы солдат депутаттарының Кеңестері пайда болды. Омбыда, Ташкентте, Семейде, Верныйда, Петропавлда, Перовскіде, Қазалыда, Қостанайда, Ақтөбеде т.б. қалаларда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Облыстық және уездік шаруалар съездерінде шаруа және қазақ депутаттарының Орал, Семей облыстық, Ақмола, Ақтөбе, Өскемен және Павлодар уездік Кеңестері сайланды.
Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары құрылды. Әлихан Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, ал, Мұхаметжан Тынышбаев – Жетісу облысында комиссарлары болып тағайындалды. Уақытша үкімет пен әр түрлі қоғамдық-саяси қозғалыстардың арасында қоғам дамуының белгілі бір жолын таңдау тұрғысында күрес басталды. Ресей капитализмі дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын негізге алған Уақытша үкімет реформистік жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда, монархияның қойнауынан шығып, көп жағынан буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы балама бағдарламасын ұсына алмады.
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездегі комитеттері ұйымдастырылды. Облыстар мен уездерде Уақытша өкіметті қолдаған Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак әскерлері казактық комитеттер құрды. Татар, Өзбек, Ұйғыр саудагерлері мұсылман, татар комитеттеріне бірікті. 1915-1917жж. Орынборда «Еркін дала», Омскіде «Бірлік», Оралда «Жас қазақ», Троицкіде «Үміт» деп аталатын жастар ұйымдары құрылды. Қазақстан кәсіпшілер одақтарының қалыптасуында Орынбор — Ташкент темір жол торабы теміржолшыларының Құрылтай съезі үлкен роль атқарды. Ұлт мәселесінде Уақытша үкімет «Дін тұтудағы және ұлттық шектеулерді жою» туралы декрет жариялады, алайда ұлттың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқы, шағын халықтар мен ұлт азшылығының тағдыры туралы және басқа мәселелер ескерілмей сол күйі қалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет