1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы



бет17/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Қазан төңкерісі кезіндегі Қазақстан. Кеңестер билігінің орнауы.1917ж. 25 қазан (7 қараша) айында большевиктер бастаған төңкерістік күштер жеңіске жетіп, Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігі Кеңестердің қолына көшті. Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес ірі қалалар – Ташкентте, Омскіде, Орынборда, Астраханьда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды.Қазақстанда Кеңестердің орнауы 1917ж. қарашасынан 1918ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табымен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болғандығынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен туған себебінен шиелінісе түсті. Қазақстанда кеңес өкіметінін орнату ісіне Ә. Жангелдин, С. Сейфуллин, К. Сүтішов, А.Асылбеков, Б.Серікбаев, Ә. Майкөтов, И. Дубинин, К.А. Шугаев, Я.В. Ушаков, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Т. Бокин, Т. Өтепов, А. Розыбакиев және т.б. белсенді қатысты. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде экономика мен мәдениетті қайта құру шаралары қолға алына бастады: өнеркәсіп кәсіпорындарында бақылау енгізілді, олар мемлекет меншігіне айналдырылды. Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде қабылданған жер туралы Декретті жүзеге асыру жөніндегі алғашқы қадамдар жасала басталды. 1917 ж. қазанда Әулиеата, Перовск, Черняев, Қазалы, Орал, Атырау, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Верный, Ақмола гарнизондары большевиктер жағына шықты.

Қазақстанның оңтүстік және солтүстік облыстырында Кеңес үкіметі бейбіт жолмен жеңіп шықты. Өнеркәсіп орталықтары – Ташкенттің, Омбының, Челябінің, Барнаулдың жақындығы, өнеркәсіп және теміржол жұмысшылары санының басым болуы зор рөл атқарды. Сібір, Орал, Жетісу казактары және офицерлері мен кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда (Орынбор, Семей, Верный) Кеңес үкіметі қарулы күрес нәтижесінде орнатылды. 1917 ж. қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, бүкіл өкімет билігі казактардың «Әскери үкіметі» қолына көшті. «Жетісу әскери үкіметі» де бүкіл өкімет билігін толық басып алды. Осы кезде кескіліскен ұрыс нәтижесінде Ташкентте Кеңес үкіметі орнады, өлкенің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында революцияның жеңіске жетуі үшін оның зор маңызы болды. Қазанның 30-да жұмысшы және солдат депутаттарының Перовск Кеңесі өкімет билігін өз қолына алды. Черняевта Кеңес үкіметі бейбіт жолмен орнатылды. 1917 ж. аяғында Торғай облысындағы саяси жағдай қиындап кетті. Қарсыласушы күштер арасында қарулы жанжал күшейді. Атаман А.И. Дутов басқарған казактардың офицерлер корпусы, Ә. Бөкейханов басқарған Алаш-Орда үкіметі, эсерлер мен меньшевиктер орталық Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовтың бұйрығы бойынша большевик С.М. Цвиллинг басқарған әскери-революциялық комитет пен Орынбордың жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің мүшелері 1917 ж. қарашада қамауға алынды. Өз кезегінде большевиктер де қарулы күштерін құрды. 1918 ж. қаңтарында болған Қостанай Кеңестер съезі бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылдады. Уездік атқару комитетінің төрағасы болып Л.И. Таран сайланды.Осы уақытта Орынборда өкімет билігі Кеңестердің қолына көшті. Ақтөбеде Кеңес үкіметі орнатылып, 1905 жылдан партия мүшесі В.Ф. Зинченко Кеңестің төрағасы болып сайланды. Сонымен қатар Ырғыз және Торғай уездерінде Кеңес үкіметі жеңіп шықты, онда А. Иманов, М. Кисилев, О. Асауов, т.б. елеулі рөл атқарды. Наурыз айында Верныйда Кеңес үкіметі жеңді. Осы аймақта Кеңес үкіметі жолындағы күресте Л. Емелев, Т. Бокин, Т. Өтепов, А. Розыбакиев, Р. Маречек, М. Журавлев, Ж. Бабаев және басқалар белсенді рөл атқарды. Көктемде барлық Жетісу облысында Кеңес үкіметі жеңіп шықты.
Барлық демократиялық ұйымдар және солдат, жұмысшы мен шаруа, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала думаларының 1917 ж. 15-22 қарашасында Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет «Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі» орнағанын атап көрсетті. Қарашаның 22-сінде Ферғана хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше ІV съезд ашылды. Съезді Мұстафа Шоқай ашты. Съезд қазақ әскерлерінің, Кавказ таулықтарының және даланың ерікті халықтарының революциялық Оңтүстік-Шығыс Кеңесімен шарттық қатынастар жасау туралы қарар қабылдады. Съезд Түркістан өкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Кеңестің құрамына Бүкілресейлік құрылтай жиналысындағы Түркістан өкілдерінің санына сәйкес 32 адам сайланды, олардың қатарында Сырдария облысынан – 9, Жетісудан — 6 адам болды. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М. Тынышбаев (ІІ Мемлекеттік думаның мүшесі, Түркістан қатынас жолдары инженерлері комитетінің мүшесі) сайланды. М. Тынышбаев қызметтен босағаннан кейін оның орнына М. Шоқай президент болып тағайындалды. Жаңа мемлекеттік құрылым «Туркестони мухтариат» («Түркістан Автономиясы») деп аталды. Ислам автономияда мемлекеттік дін деп танылды.
Ұлт-азаттық қозғалыстағы демократиялық мазмұнды теріске шығару, басқаша ойлаушыларды катаң жазалау, идеологиялық төзбестік, пролетариат диктатурасының революцияшыл ұрандарына елігушілік 1917 ж. 5-13 желтоқсанда Орынборда болған Жалпықазақ съезіне баға берген кезде айқын көрінді. Съезд Түркістан автономиясының басшысы М. Шоқайдың баяндамасын тыңдады. Осыдан кейін қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. Съез былай деп қаулы етті: «1. Тегі бір, мәдениеті, тарихы бір және тілі бір қазақ халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары мен Ферғана, Самарқан қырғыз (қазақ) уездерінің, Каспий сырты облысы, Әмудария бөлімінің, Алтай губерниясындағы қазақ аралас тұратын болыстарының территориялық-ұлттық автономиясы құрылсын. 2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауы берілсін. 3. Жер бетіндегі барлық табиғи байлықтармен, суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса автономиялы Алаш облыстарының территориясы Алаштың мемлекеттік меншігі болып табылады. 4. Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы бекітеді…»(ҚР ОМА, 17 қор, 1- тізім, 2-3 беттер). Съезге қатысқан өкілдердің көпшілігі жуық арада автономия жариялауды жақтап дауыс берді. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері сайланды. Балама негізде Ә. Бөкейханов төраға болып сайланды. «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы 1917ж. «Қазақ» газетінің 251 санында жарияланды: 10 баптан тұратын саяси құжатта қазақ елінің ұлттық, тілек-мақсатының негізгілері баяндалды. Мемлекет қалпы-федерациялық республика құрудағы дербес мемлекет; жергілікті бостандық (өзін-өзі басқару); негізгі құқық, дін, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылыми-ағарту істері, жер мәселесі.
Сөйтіп, тарихтың бетбұрысты кезеңінде «Алаш» партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды. Сол арқылы Алаш қозғалысы буржуазиялық-демократиялық, ұлт-азаттық революцияны аяқтауға бағытталған жолды нұсқады. Алайда билеуші партияға айналған большевиктер Алаш-Ордамен тіл табысуға болады деп санамады. Әр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет