1.Қазіргі Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. "Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасу тұжырымдамасы"


Қазақстанның тоқырау жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайы (XX ғасырдың 70-80 жылдары). Дағдарыстық құбылыстардың өсуі, әкімшілік басқару әдістері



бет24/62
Дата14.06.2022
өлшемі235,96 Kb.
#36861
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
30. Қазақстанның тоқырау жылдарындағы әлеуметтік – экономикалық жағдайы (XX ғасырдың 70-80 жылдары). Дағдарыстық құбылыстардың өсуі, әкімшілік басқару әдістері.“Тоқырау” кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспен дамыды. 1975 жылы респ-ң барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергиямен жабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген дүние жүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Машина жасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12%-ке жетті.Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ. 1980 жылға дейін 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар іске қосылды, өндірістің жаңа салалары пайда болды, дегенмен осы жылдарда КСРО-ның бірыңғай халық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен. Қазақстан экономикасы қарқынды дами алған жоқ. Республика ілгерілеу қарқынынан айырыла бастады, шаруашылықтың барлық саласында іркіліс көбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмеген проблемалар көбейді.
Әкімшілік әдістердің белгілері:

    • әкімшілік, әміршілік ықпал жасау құралдарына жатады

    • белгілі бағыттағы шешімді анықтайды және атқарушысына мол еркіндік бермейді.

    • Нақты ықпал жасайды: мақсаттарды, міндеттерді, оларды іске асыру, орындау тәртібін анықтайды.

    • әкімшілік бағыттағы құжаттар басқа шараларды орындау, іске асыру құралы болып та саналады.

    • Жұмыста мықты, күшті тәртіп ұстау құралы болып есептелінеді.



31. Экологиялық дағдарыс. Арал мен Балқаш трагедиясы. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және олардың салдары. Семей сынақ полигоны (1949-1991). 32. Қазақстан Қайта құру жылдары (1985-1991 жж.). М. С. Горбачевтің Реформалары. Идеология мен саяси өмірдегі ауқымды өзгерістер.

Экологиялық проблема — адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс.


Арал экологиялық апатты аймаққа айналды. Шаң мен топырақ Арал қаласын тұншықтырды. Оның халқының жартысынан астамы көшіп кетуге мәжбүр болды. Алпысыншы жылдардан бастап, екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды. Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауруы болып тууда.Семей аймағындағы ядролық сынақ халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылы тамыз айында 16мың км2 кеңістікті қамтыған жарылыс басталды. Ашық аудағы ядролық сынақ 14жылға жалғасты.Осы кезкңде 500 ядролық жарылыс өткізілді. Ядролық техниканы сынаудың салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келуі. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды.
32. 1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды.  1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Қызметінің алғашқы күнінен бастап елдегі дағдарыс жағдайының себептерін ашу үшін батыл шаралар жүргізіп, күн тәртібіне кадр мәселесін қойды. Қоғамды түбегейлі өзгерту жөне өлеуметтік экономиканы дамытуды тездетуді тапсырды. Қоғамдағы адамдардың рөлін арттыра отырып, өндірісте төртіпті күшейту, еңбекке ынталандыруды жетілдіру көзделді. Өнеркәсіп салаларының құрылымын жаңарту, инвестициялық жүйені дамыту арқылы экономиканы модернизациялауға көп көңіл бөле отырып, машина жасау өнеркәсібін дамытуды 1,7 есеге арттыру міндеттерін белгіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет