Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
ЭССЕ
Тақырыбы:Инклюзивті білім берудегі ақппараттық техниологиялар
Орындаған: Утеш Нұрсила
Қабылдаған:Сакулова.А.Б
Тобы:1901-10
Шымкент, 2022 ж.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық технологияларды инклюзивті білім беруде енгізуге көптен күш жұмсалуда. Сол себепті, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша технологияларды дұрыс қолдана білу, жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, оқу әдістемелік кешендер, инновациялық сайттар жатады.
Инновациялық педагогикалық технологияларды тиімді таңдап алу мен пайдалану бойынша ғылыми зерттеулерде мынандай қағидалар ұсынылады:
-технологияның білім беру мақсатына қол жеткізу үшін атқаратын қызметін анықтау;
- технологиялардың ерекшеліктерін, мазмұнын, пайдалану жолдары мен іске асыру шарттарын жетік меңгеру;
-технологиялардың өзара байланысын игеру.
Инклюзивті білім беру идеяларын алға жылжыту қоғам өміріне жаңа технологияларды енгізіп, мектеп жасына дейінгі балалардың оқу қызметінде қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқытудың жаңа бағытын таңдауға талпынады. Таңдалған бағыттар тиімді болса, онда мүмкіндіктері шектеулі балалардың жағдайлары өзгереді. Олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. Біздің №45 «Нұрсәт» бөбекжайы инклюзивті білім беру бағытында 2012 жылдан бастап жұмыс жасауда.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға инклюзивті білім беруде бірнеше инновациялық технологияларды қолданамыз. Бұл әдіс балалардың жан-жақты дамуына пайдасы зор. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізгі құралы – компьютер болып табылады, сол себепті, тәрбиешінің ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін педагогтар қажет. Инклюзивті білім беретін тәрбиешілер арасында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде оқытудың тиімділігі», «Интерактивті белсенді сабақтар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы баланың құзыреттілігін дамыту», «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу» т.б. тақырыптар бойынша семинар-практикумдар ұйымдастырылды.
Біз инклюзивтік білім беру бағытында іс-тәжірибемізбен халықаралық, республикалық, аймақтық, облыстық іс-шараларға қатысып жүрміз. 2015 жылдың тамыз айында VI Ресей халықаралық мұғалімдер слетінде «Сочи – 2015» және ІІ халықаралық МдҰ педагогтарының ҚР Слетіне «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында инклюзивті білім берудің мазмұны мен ұйымдастырылуы» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісіп, «Доброе Сердце» және «Пути решения и трудности вхождения в пространственное образование детей требующих особого подхода»,«Құрмет грамоталарымен» және кубокпен марапатталдық.
2017 жылы «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында смарт техникаларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибе» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында, 4-секциясы «Инклюзивті білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану», «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу» тақырыбында іс-тәжірибемен бөлістік.
2017 жылдың 31 қазанында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткен «Инклюзивті білім беру: әдіснамасы, тәжірибе және технологиялар» тақырыбындағы республикалық әдістемелік фестиваліне қатысып, фестивальде «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің мазмұны мен инновациялық технологияларды енгізудің маңыздылығы»тақырыбында іс-тәжірибеммен бөлістім. №45 «Нұрсәт» бөбекжайы «Мектепке дейінгі білім беруде инклюзивті білім беру ортасын құрудың озық тәжірибесі» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдық. Бұл тәжірибе алмасу ерен еңбектің арқасы деп білемін.
Жаңа ақпараттық технологиялармен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады. Мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мамандандырылған немесе бейімделген компьютерлік бағдарламаларды қолдану ұсынылады. Оларды қолдану тиімділігі тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі мен жаңа мүмкіндіктерді қолдану дағдысына байланысты. Сондай-ақ, тәрбиешінің жаңа инновациялық технологияларды енгізуде балалардың мотивациясын жоғарылатып, психологиялық қолайлы жағдайлар туғыза білуі шарт.
Жаңа ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн аса маңызды құрал. Қазіргі уақытта білім беруде интерактивті құралдарды кеңінен қолданылып жүргені баршамызға аян. Сонымен қатар, интерактивті құралдардың көмегімен тәрбиешінің, баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр. Бөбекжай барлық өтпелі тақырыптар бойынша бағдарламаға сай тақырыптық DVD, CD-ROМ дискаларымен қамтамасыз етілген. Мультимедианың әдістемелік күші – балаларды бейнекөріністермен тез қызықтырып, көңіл күйіне көмек береді. Сонымен қатар, электрондық оқулықтарды ұйымдастырылған оқу қзметінде пайдалану кезінде балалар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдап көрсетуге болады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды жаңа технологиялар көмегімен ұйымдастыру талабының артуы мен бүгінгі білім беру жүйесінде бұл мәселеге өз деңгейінде толыққанды назар аударылуда. Білім беру қызметін жетілдіруде электрондық ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану қажет. Мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда ақпараттық-қатынастық технологиялар көмегімен білім беру жүйесі келесі педагогикалық шарттар бойынша құрылуы қажет:
білім беру үрдісіне қатысушыларды әлемдік білім беру ресурстарына қолжетімділігі;
балалардың білімге деген қызығушылығын ІТ-технологиялар арқылы арттыру;
оқытудың барлық сатысында өз бетімен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуы үшін қалыпты жағдайдағы дені сау балалармен тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
қашықтықтан оқыту кезінде олардың білім деңгейінің даму траекториясын бақылау;
мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына кедергісіз аймақтар қалыптастыру;
білім сапасының жоғарылауына әсер етіп, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қалыптасуына жағдай жасау.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері:
Дәстүрлі оқыту үрдісі мен білім беру технологияларын кіріктіру жолымен сапалы білім алу қолжетімділігіне азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың даму бұзылыстарын түзету, әлеуметтік бейімдеу және оларға білім беру үшін арнаулы педагогикалық әдіс-тәсілдер негізінде қашықтықтан оқыту технологияларының элементтерін қолдану арқылы қолайлы жағдайлар жасау;
мүгедек-балалардың денсаулығының сақталуын қамтамасыз ететін қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты дамыту тек бөбекжайдағы балалар ғана емес сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де аса қажет дүние болып табылады. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған оқу қызметі барысында IT құралдарын енгізу қажеттілігі туындап отыр. Ақпараттық технологияның басты тиімділігі – пәнаралық байланысты күшейте отырып, балалардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасалады. Сонымен қатар, IT құралдарын пайдаланудың негізгі ерекшелігі – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, жеткен жетістіктерінен ризашылық алуға мүмкіндік береді.
Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде интерактивті мультимедиалық презентацияларды қолдану (балалардың шығармашылық қабілеті мен дүниетанымын дамыту);
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану келесі нәтижелерге қол жеткізеді:
1. Балаларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.