Байланысты: 1. азіргі заман тарихы курсыны п ні, ма саты мен міндеттері, де
80.ӘлемдікқауымдастықтыңҚазақстанныңегемендігінтануы, оныБҰҰ - нақабылдауы
Қазақстанның тәуелсіз және дербес мемлекет болуға деген ұмтылысын растайтын және жаңа Қазақстанның құрылуын бекітетін алғашқы заңнамалық акт 1990 ж. 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы болды. Оның тарихи маңызы – Қазақстанды халықаралық құқық субъектісі ретінде анықтап, үш іргелі құқықтық ережелерді мағлұмдау арқылы егемендіктің нақты мазмұнын айқындап берді.
1992 ж. 23 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесі «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы туралы жаңа мүшелерді қабылдау Комитетінің баяндамасын» қарастырып, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдауды ұсынды. 1992 ж. 2 наурызында «Қазақстан Республикасын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау» резолюциясында Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің 1992 ж. 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы ұсынысын және еліміздің өтінішін қарастырып, Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке қабылдау туралы шешім шығарады [3, 62]. Осылайша еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі халықаралық тұрғыдан танылды. Әлемнің картасында Ұйымның 168-ші мүшесі болып кірген жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруі халқымыздың ғасырлар бойғы тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуының жүзеге асырылуы және әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесінің мойындалғанын дәлелдей түсті. Республика халықаралық қатынастардағы лайықты серіктес ретінде әлемдік қауымдастыққа етене араласуға мүмкіндік алды.