1.Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял Əлеуметтанулық орта мен əлеуметтанулық мінез-құлық Əлеуметтік институттар



бет17/50
Дата06.12.2022
өлшемі153,37 Kb.
#55350
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
Байланысты:
1. леуметтану а кіріспе. леуметтанулы иял леуметтанулы орта

Гендерлік бірегейлік
Бала дүниеге келген кезден бастап қоғам қыздарға басқаша, ұлдарға басқаша қарайды; қызғылт немесе қоңырқай көрпеге орайды, бірін спортқа үйретсе, екіншісіне тігін тігуді үйретеді. Осылайша, символдық интеракционизм зерттеулері анықтағандай, балалар өздерінің жынысын және гендерлік рөлдерін таниды. Жас балалардың гендер жөніндегі ойлары әдетте түрақты болады. Олардың мұндай ойлары екі себептен елеулі стереотиптердің дамуына алып келеді. Бірінші себеп - әлем тек қана жыныс бойынша бөлінеді. Балалардың ойынша, әйелдер көпір салмайды, ал еркектер тігін тігумен айналыспайды. Стереотиптің қалыптасуына әсер ететін екіншіі себеп, тағы бір маңызды фактор - олардың өздеріне деген көзқарасы. Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар ұл баласы мен қыз баласын әр басқа қабылдайды. Олар өз балаларына «жынысына сәйкес келетін» ойыншықтарды береді, ұлдары қыздардың, не қыздары ұлдардың ойыншықтарымен ойнаса алаңдаушылық пайда болады. Ата-аналар ұлдарга белсенді және агрессивті болуға ерік береді, ал қыздарының тыныш ойнауын және үлкендермен бірге жүруін қолдайды. Ата-аналар гендерлік стереотипке сай мінез-құлықты қолдамаса, балалары гендерлік стереотиптерді қатаң ұстанбас еді. Осы процестің нәтижесінде ұлдар мен қыздардың өз жыныстарына тән әрекеттер туралы тұрақты пікірлері дамиды. Мысалы, ұлдар қыздарға тән қасиеттер көрсеткені үшін сынға алынады. Сол себепті кішкентай ұлдар мен қыздардың жынысқа тән әрекеттер жөніндегі ойлары ерекше қатаң. Қыздар ұлға тән мінез-құлық көрсете алады. Сонымен қатар көптеген ата-аналар қазір қыздарының спортпен шұғылдануын, компьютерде ойнауын және басқа ұл балаларға тән іс-әрекеттермен айналысуын қолдайды. (Керісінше, ұл балалардың қыздарға тән әрекетгерімен айналысуын қолдау сирек кездеседі). Сонымен, қыздар бұрын ұлдарға ғана тән деп саналатын іс-әрекеттер қолайлы екенін сезінуі ықтимал.
Рөлдер
Қоғамның мәртебелік құрылымы адамдардың күнделікті бетпе-бет кездесуінің сипаттарын көрсететін элеуметтік интеракция шеңберін қалыптастырады. Бұл шеңбер рөлдерге толған. Рөлдер - белгілі бір әлеуметтік жағдайға ие адамдардан күтілетін әрекет және ойлау тәсілдері. Театр метафорасын пайдалансақ, мәртебе құрылымы дегеніміз - рөлдерді ойнайтын кейіпкерлер болса, ал рөлдер - кейіпкерлердің қалай сөйлеп, қалай жүріп-тұратынын, бір-бірімен қалай байланысатынын нақтылайтын сценарий. Әлеуметтанушылар бір-бірімен үйлеспейтін рөлдік міндеттердің екі түрін ажыратады: бір мәртебенің аясында үйлесімсіз рөлдік міндеттер қалыптасса, мұны рөлдердің шиеленісі деп атаймыз да, оны рөлдік шиеленіс ретінде қарастырамыз; ал егер бірнеше мәртебенің нәтижесінде әркелкі рөлдік міндеттер туындаса мұны рөлдер қақтығысы дейміз.


Мәртебе
Қоғамның негізгі іргетасы - мәртебе. Ол - адамның басқа топ мүшелеріне қатысты қоғамнан алатын орны. Мәртебе «қол жеткізген» және «туабітті» болып екі санатқа бөлінеді. Қол жеткізген мәртебе - адамның ғұмырында қол жеткізе алатын қоғамдағы орны (ол жақсы не жаман болуы мүмкін). Әке болу - қол жеткізген мәртебе; сотталу да сондай. Туабітті мәртебе - туғаннан немесе мұрагерлікпен берілген, өзгермейтін деп танылған мәртебе. Мысалы, кей адамдар операция арқылы жынысын өзгертсе де, енді біреулер бір нәсілден екінші нәсілге «ауысып» жатса да біз жыныс пен нәсіл өзгермейді деп есептейміз. Сондықтан әлеуметтанушылар жыныс пен нәсілді туабітті мәртебе деп қарастырады. Әр адам бір мезгілде сан мәртебенің иесі болады. Сіз біреудің қызы немесе ұлы, спортшы, христиан, даяшы және тағы басқа болуыңыз мүмкін. Мәртебелердің осындай қосындысы мәртебелер жиынтығы деп аталады. Әлеуметтанушылар әдетте қоғамның мәртебелік құрылымын төрт мәселеге қатысты талдайды: 1) қоғамда бар мәртебелердің саны. Мәртебелер жиынтығы- мен түрлері; 2) осы мәртебелердің адамдар арасында таралуы; 3) түрлі адамның барлық мәртебелерінің мәртебелерге ие болудың салдары, ресурстары және мүмкіндіктері қосындысы. 4) белгілі бір қоғамдағы мәртебелердің ықтимал комбинациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет