1Термодинамиканың негізгі түсініктері. Термодинамиканың бірінші бастамасы


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет2/25
Дата04.04.2023
өлшемі0,9 Mb.
#79077
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Термодинамика нені зерттейді?

  2. Термодинамиканың негізгі анықтамалары мен түсініктері.

  3. Системаның күйін қалай түсінесіз?

  4. Интенсивтілік және экстенсивтілік факторлары деген не?

  5. Термодинамиканың 1-ші бастамасының анықтамасы.

  6. Жылу, ішкі энергия, жұмыс анықтамалары.

  7. Термодинамиканыңнолінші заңыанықтамасы.

1.Термодинамиканың 1-ші бастамасының теңдеуі:


A) TdS=dU+pdV;
B) δQ=dU+dA;
C) δQ=dU+δA
D) δQ=dU-δA;
E) dQ=dU+dA;
*****
2.Жабық системалар – бұл:
A) көлемі өзгермейтін системалар;
B) масса, жылу алмаспайтын және көлемі өзгермейтін система;
C) қоршаған ортамен масса, жылу алмасатын система;
D) қоршаған ортамен массаалмаспайтын, бірақ жылу алмасуы, көлемнің өзгеруі мүмкін система.
E) қоршаған ортамен жылу алмаспайтын система;
*****
Қандай жағдайда термодинамиканың 1-ші бастамасының теңдеуі дұрыс:
A) DQ=DU + DA;
B) Q = DU + A;
C) DQ=U + A;
D) DQ=DН
E) DQ = U +DA.
*****
2.Химиялық реакцияның ішкі энергиясының өзгерісін тәжірибе жүзінде анықтауға бола ма?
A) болады, DU = Qv болғандықтан, процестің жылу эффектісін V=Const болғанда анықтау керек;
B) болады, бірақ жоғары температура кезінде идеал газдар үшін;
C) жоқ, бұл күй функциясы, оның өзгерісін тек есептеу жолымен анықтайды;
D) оның барлығы заттың табиғаты мен агрегаттық күйіне байланысты;
E) ешқандай жағдайда мүмкін емес.
*****
3.Оқшауланған система:
A) қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде көрсету үшін қолданатын ұғым;
B) қоршаған ортамен масса, жылу алмасатын;
C) егер температуралары бірдей болса, қоршаған ортамен зат алмаса алатын;
D) масса, жылу алмаспайтын және көлемі өзгермейтін система;
E) барлық жауап қате.
*****
4.Қандай системалар ашық системаға жатады?
A) кез-келген жылулық тепе-теңдіктегі ситема;
B) компоненттері реалды сұйық ертінді түзетін система;
C) қоршаған ортамен жылу алмасатын;
D) өзара материалдық ауысу мүмкін система.
E) қоршаған ортамен масса, жылу алмасатын;
*****
5.Сұйық, қатты, газ күйіндегі заттың ертіндіге өткенде энтальпиясының өзгерісін ....жылуы немесе энтальпиясы деп атайды:
A) сәйкес фазалық ауысу (балқу, еру, қату т.б.);
B) еру;
C) сұйылту;
D) химиялық реакцияның;
E) барлық жауап дұрыс емес.
*****
6.Интенсивті шамалар:
A) зат массасына тәуелді шамаларды айтады;
B) кез келген шамалар, мысалыV,P,T–мәнін тікелей өлшеуге болады;
C) заттатардың сәулелену интенсивтілігіне тәуелді шамалар;
D) бұл зат массасына тәуелді шамалар;
E) барлық жауап дұрыс емес
*****
7.Идеал газдың ішкі энергиясы тұрақты температурада көлемі артқанда:
A) артады;
B) кемиді;
C) төменгі температурада артады, жоғарыда кемиді;
D) өзгермейді;
E) нақты газдың табиғатына байланысты.
*****
8.Егер система үшін мына жазу дұрыс болса: ∆U=Qv, онда:
A) бөлінген жылу системаның ішкі энергиясының азаюына тең;
B) системаның сіңірген жылуы системаның ұлғаю жұмысына жұмсалады;
C) онда тек ұлғаю жұмысы істеледі.
D) жұмыс істелмейді.
E) системаның ішкі энергиясы жасалған жұмыстың сипатына тәуелді емес, жұмыс системаның ішкі энергиясы арқылы жүзеге;
*****
9.Заттың абсолюттік энтропиясын анықтауға бола ма?
A) әрқашан, онымен процестің сипаты анықталады: фазалық ауысу, химиялық әрекеттесу және т.б.
B) жоқ,энтропияның мәнін ішкі энергияныкі сияқты анықтауға болмайды;
C) болады, тек идеалды газдар үшін;
D) болады, тек идеалды ертінді үшін;
E) болады, Планкпостулатына сәйкес,заттардың энтропиясы тұрақы нольде нольге тең;
*****
10.Ішкі энергия-бұл изохорлы–изоэнтропиялық потенциал, ол келесі теңдеуде көрсетілген:
A) dU=TdS-PdV;
B) TdS=dU-PdV;
C) dU=CvdT;
D) dU=dF+TdS;
E) dU=dH-PdV.

1

№ 2
дәріс

2 Термохимия.
Жоспар:

  1. Термохимия. Қысым Qр мен көлем тұрақты Qv болған кездегі химиялық реакциялардың жылу эффектілері.

  2. Гесс заңы. Жану, еру, түзілу жылулары.

  3. Тұрақты көлемдегі (Сv) және қысымдағы (Qр) жылу сыйымдылығы.

  4. Идеал газдың ішкі энергиясы. Срv-ның идеал газ үшін айырмасы.

Термодинамикалық химия процестерін зерттейтін пәнді термохимия деп атайды. Термохимия көптеген орыс және шетел ғалымдарының еңбектері арқылы өз алдына термодинамиканың бір тарауы болып қалыптасты.


Көптеген химиялық және физикалық процестер жылуды бөліп шығару немесе өзәне сіңіру арқылы өтеді. Химиялық реакцияның жылу эффектісін бір г-мольге жатқызады және ол жылулар килокалориямен (ккал), немесе кіші калориялармен (кал) өлшенеді. Кирхгофф заңы былай оқылады: реакциялардың жылу эффектісінің температуралық коэффициенті (dQ\ dT) реакцияға түсетін заттардың соңғы және әуелгі күйдегі жылу эффектілерінің қосындыларының айырымына тең.
Г.И.Гесс 1836 жылы өзінің тәжірибесі негізінде жылу заңын ашты. Химиялық реакцияның жылу эффектісі қатысушы заттардың алғашқы және кейінгі жағдайымен байланысты, реакцияның қай жолмен өткеніне тәуелсіз.
Мәселен, көміртегі жанып, көмір қышқыл газ түзіледі. Ол газ екі жолмен түзілуі мүмкін:
а) C + O2 = CO2 + Q1
b) 2CO + O2 = 2CO2 + Q2
Бірінші реакция бйоынша 97,8 ккал жылу (Q1), ал екінші реакция бойынша (Q2) 68,1 ккалбөлініп шығады. Екі реакцияда бөлініп шыққан жылу мөлшерінің айырмасы ΔQ = 29,7 ккал. Ал ол 29,7 ккал жылу – көміртегі тотық болғанда кеткен жылу мөлшері. Бұл айтылғанды былай да көрсетуге болады:

Бұдан шығатын қорытынды: бірінші реакция үшін жылу эффектісі – 97,8 ккал; екінші реакциядағы жылу эффектісі мен көмір тотығы пайда болғанда сіңген (ΔQ) жылу мөлшерінің қосындысы бірінші реакциядағы жылу эффектісіне тең:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет