1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


ҚЗ жаңа экономикалық саясат(ЖЭС) тарихи маңызы



бет43/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
50.ҚЗ жаңа экономикалық саясат(ЖЭС) тарихи маңызы.
ЖЭС-20ғ. 20ж. КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921ж. көктем РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды.ЖЭС шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. ЖЭСтың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді.ЖЭСқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921ж. 20 наурыз Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі - партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі – шаруаларға 3 жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде енген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924ж. салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. ҚЗда 1921-22жж. ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Оның негізгі міндеті 1920ж. құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде ҚЗда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921ж. 7 ақпан декрет қабылдады. ЖЭС-тің саяси нәтижелері:
Күйзелген ауыл шаруашылығын,өнеркәсіпті тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді.Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.
ЖЭС шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет