1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


-1920 жж. «әскери коммунизм» саясатына және оның салдарына сипаттама



бет42/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70
48.1918-1920 жж. «әскери коммунизм» саясатына және оның салдарына сипаттама
Әскери коммунизм саясаты-1918–1921ж. азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты. Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918ж. орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азық-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салғырты енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды. «Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Әскери комунизм саясатының салдары: Қазақтардың мал шаруашылықты облыстарында шаруаларға ет салғыртымен қоса астық салғырты салынып, көптеген « төтенше » салықтар жиналды. Бұл міндеттемелерді орындау үшін шаруалар малдарын сатып, орнына астық сатып алып өткізуге мәжбүр болды. Қалаларда бұрынғыша азық - түлік тапшылығы сақталды. Егін түсімі төмендеуінің салдары өнеркәсіпте де байқалд. Көптеген зауыттар отынның жетіспеушілігінен жабылып, жұмысшылар жұмыссыз қалды. Бұл тонаушылық экономикалық « әскери коммунизм » саясаты ның ең ауыр салдары – ҚЗ 1920ж. жаппай аштық болды. Жағдай 1920-1921ж. қатал қысқа байланысты күрделене түсті. Жеуге жарайтын нәрсенің бәрі таусылғандықтан келесі көктемде себілетін тұқым қалмады .
49.1920 жылғы Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының тарихи маңызын түсіндіріңіз. КСРО-ның құрылуы.
ҚазАКСР құрылуы
1919ж. 19 қыркүйек Орынбордың Қазақ өлкесіне қосылуы туралы шешім қабылданды.1920ж. 7 шілде Орынбор республика құрамына кірді.1920ж. 20 тамыз Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет шықты, Астанасы: Тұңғыш астана Орынбор қаласы 1920-1924, содан кейін Ақмешіт (Қызылорда), 1929-1997жж. Алматы, Аумағы - Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Манғышлақ уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахань губерниясының бір бөлігі, 1920ж. 4 қазан Орынборда Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай сьезі өткізілді.Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Жоғарғы Атқару Комитеті, төрағасы – Меңдешев.Халық Комиссарлары Кеңесі, төрағасы - Радус-Зенькович.Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуының тарихи маңызы - Қазақ халқының ғасырлық арманы орындалуының көрінісі.Отаршылдыққа қарсы күрестің нәтижесі.Ұлттық қайта өрлеу жолындағы алғашқы қадам.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) – аумағы бойынша бірінші, экономикалық және әскери күш-қуаты бойынша екінші және халық саны бойынша үшінші әлемнің бұрынғы ірі мемлекеті. КСРО шығыс бөлігінің жартысын және Азия солтүстігінің үштен бір бөлігін алды. 1922ж.30желтоқсан КСРО Кеңесінің I Съездімен КСР Одағын құру туралы декларация бекітілді. Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы, Украина және Белоруссия кеңестік социалистік республикаларымен және Закавказье Социалистік Федеративті Кеңес Республикаларымен біріккен бұл күн, КСРО құрылған күні болып есептелінеді. Бұл Республикалар 1917ж. Қазан төңкерісінен және Ресей империясы ыдырағаннан кейін пайда болды. Бастапқыда КСРО құрамына тек ғана осы төрт кеңестік республикалар кірді, ал кейінгі жылдары КСРО құрамына басқа да республикалар құрылып және құрамына енді. 1951-1991жж. КСРО құрамына 15 кеңестік республика кірді: Ресей,Украина, Белорусь,Өзбек,Қазақ,Грузия,Әзірбайжан,Литва,Молдова,Латвия,Қырғыз,Тәжік,Армения,Түрікмен, Эстония.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет