1.Қз тарихы кезеңделуі. Қз аумағындағы тас дәуіріне сипаттама


Оғыз мем-тіне, Қимақ қағанатына сипаттама аумағы, халқы, тарихы



бет8/70
Дата13.05.2023
өлшемі188,03 Kb.
#92828
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70
Байланысты:
жауаптары кт2022 жыл. (2)

8.Оғыз мем-тіне, Қимақ қағанатына сипаттама аумағы, халқы, тарихы. Оғыз мемлекеті немесе Оғыз Жабғу мемлекеті (766-1055ж.) — IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. IX ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. IX ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-еуропа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында оғыз тайпалары Сырдарияның төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Янгикент қаласы 10 ғасырда оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғу» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналға» беріліп отырған.Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылық та қатар дамыды.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орын алды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғуы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
X-XI ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілістері себеп болды. Салжұқтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті XI ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, Хорасан салжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет