Сырты істер клубы.
Бұл ұзақ мерзімде жүргізіледі, мақсаты бір елдің тілін, мәдениетін меңгеру. Барлық клуб отырыстары меңгерілетін тілде жүргізіледі. Жаз кезінде меңгерілген тілде ғана сөйлейтін лагерь ұйымдастырылады. Клуб әр түрлі концерт, спектакль, ғылыми конференцияларды әзірлейді.
Ғылым, өнер, техника және спорт кіші академиясы.
Акдемияның атына сәйкес, төрт бөлім қарастырылады. Академиядағы барлық істерді, оқушылар атқарады, ол үлкендердің кеңесші, ғылыми жетекші ролін атқарады.
Академия өз шешімімен орталықтар: зертхана, театр, шеберхана, клуб, секция, парк, командалар құрады. Академия бөлімдері өз жұмыстарын сайыстар, олимпиядалар, интеллектуалдық ойындар, турнир, конференция, пікірталастарды жоспарлайды. Академия ғылыми, әдістемелік кеңестер құрады. Мектеп академиясы зерттеу және істелген жұмыстар қорытынды- сы бойынша мектептің ғылыми, шығармашылық, спорттық атақтарын береді.
Ғылыми техникалық іс- әрекеттер бойынша, кіші ғылым кандидаты, кіші ғылым докторы, профессор, академия корреспондент мүшесі атақта- рын береді. Шығармашылық салада еңбек сіңірген және халық әртісі, режиссер, суретші атағы беріледі.
Спорт саласында: мектептегі спорттық жетістіктер үшін разрядтар, спорт шебері атақтары беріледі. Академия ғылыми орталықтармен байла- ныс орнатады. Академияның алдына қоятын мақсаты оқушылар академия орталықтарындағы жылдарды, таңдаған мамандықтары бойынша жоғары кәсіби дайындықтан өту, оқушылардың бос уақыты шығармашылыққа толы болу және әрбір оқушының әр- түрлі іс- әрекетте өзін сынауына мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |