4. Күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын жасау әдеттерін қалыптастыру Адамның дене шынықтыру жаттығуларын өмірде қолдану нәтижесінде СӨС жақсарады.Кіші жастағы балалардың бақшадағы қозғалыс іс әрекеті зерттеулерге қарағанда 1,5-2 сағат қана.Осы мәселені шешу үшін қимыл қозғалысына жобалы жоспар берілген.
Кіші жастағы балалардың қимыл іс әрекеттері бойынша жобалы жоспар
5. Ата аналардың балаларының салауатты өмір салтын қалыптастыру процессіне ықпал етуі мен жеке тұлға ретінде үлгі болу жұмысы, кіші жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен сақтау нышаны болып табылады.Бірінші күннен бастап ата аналарға өз балаларының бақшада қандай денсаулық сақтау жұмыстары жүргізілетіні туралы айтылып,көрсетіледі.
Балалардың десаулығын сақтау үшін тек қана бақшада ғана емес,ата аналардың тікелей қатысуымен жақсы нәтижеге жетілетіндігін айтып, түсіндіру. Тек олар ғана балаларына жақсы үлгі болатынын түсіндіру.
Ата аналар спортттық шараларда белсенді қатысып,ашық есік күндері гимнастика,дене шынықтыру,серуенге қатысып ,баламен үйде жасалынатын жаттығуларды үйренеді.
Осылайша баланы кіші жасынан бастап СӨС тын отбасы және қоғамдық тәрбиелеуге баулу, оның өзіндік жеке тұлға ретінде қалыптастыру.