2 дәріс Тақырыбы: Әлемнің жаратылыстану ғылыми бейнесі Мақсаты



бет6/6
Дата25.05.2023
өлшемі169,21 Kb.
#97325
1   2   3   4   5   6
космологаялық принцип дегенді құрайды. Басқа ешқандай болжамға бас ұрмай Фридман Әлемнің статикалық болуы мүмкін емес екендігін көрсетті. Әлемнің барлық бағыттардан біркелкілігі туралы болжам шындығында, әрине, теріс. Біз білетіндей, біздің Галактикадағы басқа жұлдыздар бүкіл аспан арқылы өтетін анық көрінетін жарық жолағын - Құс жолын құрайды. Ал егер алыс галактикалар туралы айтатын болсақ, олардың саны барлық бағыттарда шамамен бірдей. Ендеше, Әлем галактикалар арасындағы қашықтықпен салыстырғанда үлкен масштабтан бақылағанда "шамамен" шынында барлық бағыттардан бірдей. Көп уақытқа дейін бұл Фридманның шынайы Әлемге "долбарлы" жақын ги-потезасының жалғыз негіздемесі болды. Бірақ кейін, XX ғасырда жасалған астрономиялық бақылаулардың Фридманның моделдерімен сәйкес келетіндігі және Әлемнің бастапқы сингулярлықтан ұлғая беретіндігін көрсететіні анықталды (материя тығыздығы шексіз жердегі өте кіші көлемнен бастап).
1927 ж. бельгиялық аббат әрі ғалым Ж.Леместр кеңістіктің “кеңеюін” астрономиялық бақылау мәліметтерімен байланыстыра түсіндірді. Ол Әлем аса тығыз массаның Үлкен қопарылысқа ұшырауы негізінде пайда болды деген түсінікті ұсынды. Американдық астроном Хаббл (1889-1953) 1929 жылы алыс галактикалардың бізден қашықтаған сайын бақыланатын доплерлік жүйелі түрде "қызылдануын" салыстыра отырып, бұл галактикалардың біздің Галактикадан және бір-бірінен бірқалыпты қашықтап бара жатқандығын анықтады, былайша айтқанда, біздің барлық Метагалактикамыз жүйелі түрде бірқалыпты ұлғая береді. Доплер эффектісін еске түсірейік — бұл жарық көзі мен бақылаушының салыстырмалы қозғалысына қарай жарық толқында-рының ұзындығының ұзаруы.


Әлем модельдерінің қайсысын ең дұрысы деп тұжырым жасауға қазіргі ғылымның толық дәлелі жок, бірақ біздің Әлеміміз кеңейетіні, эволюцияға үшырайтыны анық болды. Ал Әлемнің кеңею моделінің құрамдас болігі — 15-20 млрд жылдай бұрын болған Үлкен қопарылыс жайлы ұғым. “Алғашында қопарылыс болды. Бірақ ол Жер бетінде біз көріп жүрген бір жерден басталып, содан кейін айналаға кеңінен тарайтын қопарылыстай емес, бірден бүкіл Әлем кеңістігін қамтитын орасан зор қопарылыс; бұл қопарылыс кезінде материяның әрбір бөлшегі баска бөлшектерден ажырап, бір-бірінен алшақ кетуге тырысады” (Вайнберг С. Первые три минуты. Современный взгляд на происхождение Вселенной. М., 1981, с.30). Жаратылыс зерттеуші ғалымдар үшін ең қиын мәселе Әлемнің пайда болуы мен эволюциясы: ол неден және қалай пайда болды? — деген сұрақ. Бұл мәселе жайлы толып жаткан көзқарастарды топтастыра келгенде, мынадай екі негізгі концепцияны атап көрсетуге болады: бірі материяның өздігінше ұйымдасу (түзілу) концепциясы, екіншісі — креационизм (жаратушыны мойындау) концепциясы. Синергетикалық деп аталатын өздігінше ұйымдасу концепциясы бойынша материалдық Әлем өздігінше өмір сүріп, дамушы бірден-бір шындық болып табылады, одан басқа ешкандай шындық жоқ. Бұл концепция материалдық системалар барған сайын күрделі құрылымдардың түзілу бағытында дами отырып, өздігінше реттеледі, сондықтан Әлемнің даму мақсаты жайлы мәселе көтерудің өзі орынсыз деп есептейді. Креационизм, яғни жаратуды мойындау концепциясы Әлемнің пайда болуы мен дамуы материалдык, дуниеден жоғары тұрған бір күш белгілеген программаның жүзеге асуымен байланысты деп түсіндіреді. Бұл бағытты ұстаушы таза діни-идеалистік көзқарас бойынша Құдай дүниенің бәрін жоқтан жасады деп түсіндірілді. Классикалық физика тұжырымдаған материя мен энергияның сақталу заңы бар екенін білетін діни философтар діни кітаптардағы “жоқтан жасау” ұғымы төңірегінде пікір таласын тудырып, олардың кейбіреулері ғылымды “құрметтеген” болып, ол ұғым алғашқы ретсіз материалдық дүниені құдайдың ретке келтіруін білдіреді деп түсіндіреді. Креационизм концепциясын ұстанушы физик ғалымдар да бар. Олар теориялық физиканы дамытудың қажеттігі білім мен діни сенім салаларында қол жеткен барлық жетістіктерді біріктіріп, ұштастыратын дүниенің біртұтас ғылыми-діни көрінісін (картинасын) жасауды талап етеді деп дәлелдемекші болады. Бұған қосымша дәлел ретінде олар ағылшын астрофизиктері Б.Карр мен Рисс тұжырымдаған антропогенез принципін келтіреді. Әлемнің дамуы қарапайым системалардан әлдеқайда күрделі де информация қабылдағыш системаларға өту барысында тіршіліктің және адамның шығуы үшін кажетті жағдайлар жасады. Олай болса, Әлемнің физикалык құрылымы тіршіліктің шығуы бағытында алдын ала программаланып қойылған. Космостық (Әлемдік) эволюцияның түпкі мақсаты — Жаратушының ақыл-ойына сәйкес Әлемде адамның пайда болуы'. Материалист-физиктер дүниенің жоқтан жасалу мүмкіндігін теріске шығарады, өйткені олардың латын тілінен алып қолданған “vacuum” деген термин-сөзі ештеңе жоқ бос кеңістікті білдірумен бірге кванттық физикада “өріс” деп аталатын кванттық болшекті де білдіреді екен. Олай болса, ол материяның ерекше бір түрін білдіреді. Қазір теоретик-физиктердің басым көпшілігі Әлемнің пайда болуы мен эволюциясы проблемасында “Үлкен қопарылыс” теориясын жақтайды. Бұл теория бойынша, қопарылыстан кейін элементар болшектердің қатты да емес, сұйық та емес, орташа бір күйі - қойыртпақ плазмалар түзіледі. Сол плазмалар қопарылыс толқыңдарының әсерінен барған сайын кеңейе берген. Үлкен қопарылыс басталғаннан кейін 0,01 сек. откен соң Әлемде жеңіл ядролар қоспасы (2/3 сутегі және 1/3 гелий) пайда болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет