Әдебиеттегі дәуірлеу мәселесі. Заманымыздан бұрынғы жазу-сызулар (б.з.д. ҮІІ-б.з ІҮ ғ.)
Қай халықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық-әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше, қазақ әдебиетінің тарихы-қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі.
Сондықтан да, біз қазақ әдебиетінің түп-төркінін ежелгі дәуірін ғылыми негізде танып білу үшін, алдымен, халқымыздың бұрынғы, соңғы тарихынан толық хабардар болуымыз керек. Қазақ халқының ежелден қалыптасып, өсіп, дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар.
Мырзатай Жолдасбеков өзінің «Асыл арналар» еңбегінде «совет тюркологиясы мен қазақ әдебиетін тану ілімінің жетістігіне сүйене отырып, қазақ әдебиетінің тарихын ендігі жерде былай жүйелеген дұрыс»,-дейді /1,12/.
Ежелгі әдебиет, яғни түркі тектес халықтарға ортақ әдебиет-ҮІІ-ХІҮ ғасырлар арасы.
Бұл дәуірдің өзін бірнеше кезеңдерге бөлген орынды:
а) түркі ру-тайпаларының әдебиеті-ҮІІ-ІХ ғ.ғ.
ә) ислам дәуіріндегі әдебиет /Х-ХІІ ғ.ғ./.
б) Алтын Орда-қыпшақ дәуірінің әдебиеті, чғни ХІІІ-ХІҮ ғасырлар арасындағы феодалдық қоғам әдебиеті.
2) Қазақ хандығы дәуірінің әдебиеті (ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар).
3) ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.
4) ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті.
5) Қазақ совет әдебиеті.
Ежелгі түркі тілді әдебиет-бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың көне дәуірдегі әдебиеті, олардың ежелгі түркі ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері.
Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиетін көп ғасырлық тарихын, негізінен, үш кезеңге бөліп қарастыру керек.
Бірінші, ҮІ-ІХ ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштері («Күлтегін», «Білге қаған», «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнаме», Әбу Насыр әл-Фарабидің әдеби мұралары).
Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиет ( Махмұд Қашқари «Диуна лұғат ат-түрік», Жүсіп Баласағұн «Құтадғу біліг», Ахмет Игінеки «Хибатул хақайық», Ахмет Яссауи «Диунаи хикмат», Сүлеймен Бақырғани «Бақырғани кітабы»).
Үшінші, ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы, яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (Рабғузи «Рабғузи қиссалары», «Кодекс куманикус», Хорезми «Мухаббат-наме», Құтб «Хұсрау-Шырын», Сайф Сараи «Гулистан бит-турки», Дүрбек «Жүсіп-Зылиқа», Әбілғазы Шежіре-и түрік», Қадырғали Жалайыри «Жамиғ-ат тауарих», Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди», Бабыр «Бабыр-наме»).
Достарыңызбен бөлісу: |