Индустриалдық қоғам – бұл өнеркәсіптің белгілі бір деңгейімен, оның техникалық базасымен анықталатын қоғам.
Ақпараттық қоғам – бұл жұмыс істеушілердің көпшілігі ақпаратты өндіру, сақтау, өңдеу, сату және алмасумен айналысатын қоғам.
Қоғамды ақпараттандыру– бұл қоғамда кез келген адамның қажетті ақпаратты алу мұқтаждығын қанағаттандыруға жағдай жасалатын үдеріс.
Ақпараттық қоғамның материалдық және технологиялық базасы – компьютерлік техника, компьютерлік желі, ақпараттық технология, телекомуникациялық байланыстар базасындағы әртүрлі жүйелер болып табылады.
Ақпараттық қоғам дамуының негізгі критерийлері:Компьютерлер; Компьютерлік желілердің даму деңгейі Ақпараттық мәдениетті, яғни ақпараттық технология аумағы бойынша білім, біліктілікті меңгеру
1
№ 2
дәріс
Ақпараттық мәдениет ұғымы және оның компоненттері. Заманауи цифрлық технологиялар және оларды білім беруде пайдалану Ақпараттандыру қазіргі ақпараттық технологияларды ғылым мен бүкіл қоғамдық өмірге енгізу және үнемі жетілдіріп отыру деп айтуға болады. 1990 жылдары жалпыға қолжетімді интернеттің пайда болуы бұл үдерісті күшейтіп, қоғамды ақпараттандыру мемлекеттік тұрғыда осы 1990 жылдан бастап қолға алына бастады.
Білімді ақпараттандыру – оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық мақсатына жету үшін білім саласында бар білімді жүйеге келтіріп және жаңа білімді қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау және тарату құралдары мен технологиясын қолдануға бағытталған адамның ғылыми-практикалық қызметінің аумағы.
Ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы білім жүйесінің әр түлі саласына енгізу барынша ауқымды және кешенді сипат алуда.
Білімді ақпараттандыру екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Біріншісі – АКТ қолдану негізінде білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру; Екіншісі – ақпараттық қоғамның қоятын талаптарына қанағаттандыратын жаңа типті ойлайтын мамандарды дайындау сапасын арттыру.
Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі бағыт бойынша (басқарылатын және басқарылмайтын) жүзеге асады.
Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдасқан үдеріс сипатында болады және материалдық ресурстармен сүйемелденеді. Оның негізіне көпшілікпен негізделген тұжырымдамалар мен программалар жатады.
Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесі қызметкерлерінің бастамасымен іске асырылады және білім қызметінің неғұрлым өзекті салалары мен пәндік аумақтарды қамтиды.
Практикада білімді ақпараттандыруда арнайы жасалған, білімді ақпараттандыру құралдары деп аталатын компьютерлік аппараттық және программалық құралдарды қолданбау мүмкін емес.
Білімді ақпараттандыру құралдары деп білімді ақпараттандыру мақсатына жетуде қолданылатын компьютерлік аппараттық және программалық қаматамасыз ету, сонымен қатар олардың мазмұндық толтырылуын атаймыз.
Білімді ақпараттандыру информатиканың дәстүрлі оқу курстарын, оқыту әдістері, ақпараттандыру құралдары мен технологияларын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдарының көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар бар, оларға қалай қол жеткізуге болатынын, өзінің кәсіптік қызметінде оларды қалай пайдалануға болады деген сұрақтарға жауап ала алады.
Өкінішке қарай, көпшілігі білімді ақпараттандыру деп тек оқу үдерісіне АКТ-ны енгізу деп есептейді. Бұл шындығында да, білімді ақпараттандырудың маңызды бағыты болып табылады. Бірақ, АКТ тек қана оқу үдерісіне ғана емес, білім беру мекемелерінің барлық салаларына кеңінен енгізілуде.
Білімді ақпараттандырудың бағыттары мыналар: