2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет10/31
Дата22.04.2022
өлшемі277,63 Kb.
#31934
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ұғымдары.

2. Аррениус теориясы.

3. Диссоциациялану константасы мен дәрежесі.

4. Освальттың сұйылту заңы.



Дәрістің қысқаша мазмұны:

Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ұғымдары.Судың иондық көбейтіндісі. Электролиттік диссоциациялану константасы және дәрежесі. Ерітінділердін рН және рОН анықтау

Барлық заттар электролиттер және электролит еместерге бөлінеді. Электролиттерге барлық қышқылдар, негіздер, тұздардың судағы ерітінділері мен балқымалары, ал электролит еместерге көпшілік органикалық қосылыстар (қант, спирт, ацетон, бензол, мочевина) жатады.

Сапалық анализде көптеген жағдайда тұздар, қышқылдар, негіздердің судағы ерітіндісімен жұмыс жасалынады. Өткізгіштер арқылы ток жібергенде заттардың (қозғалыс) орын ауыстыруы ион түрінде (иондық өткізгіштік) және химиялық өзгерістер түрінде болады(электрохимиялық реакциялар), оларды электролиттер деп аталады. Электролит деп ерітінділері не балқындылары электр тогын өткізетін заттарды айтады.

Ерітіндіде электр тогын тасымалдаушы бөлшектер – иондар, олай болса, зат молекулаларының полюсті еріткіштер және жоғары температура әсерінен иондарға ыдырауы диссоциация деп аталады.

1883-1887 жылдары Швеция ғалымы Сванте Августа Аррениус ерітіндідегі тұздардың молекулалары өзіндік (самопроизвольно) зарядталған бөлшектерге - иондарға ыдырайтындығын айтып, осы процесті электролиттік диссоциация деп атады.

Электролит суға еріп диссоциацияланғаннан түзілген катиондар мен аиондар көбейген сайын, олар ерітінді ішінде кездесіп, бірін-бірі тартып еріген заттың молекуласын қайта түзеді, демек электролиттік диссоциация қайтымды процесс, яғни қайткенде де диссоциацияланбаған молекулалар мен иондар арасында тепе-теңдік орнауға әкеледі, сондықтан бұған массалардың әрекеттесу заңын қолдануға болады.Диссоциациялану дәрежесідиссоциацияланған молекулалар санының жалпы суда еріген молекулалар санына қатынасымен анықталады: (α):

Электролиттердің иондарға ыдырау активтілігі мен дисссоциация дәрежесі электролиттің табиғатына және ерітіндінің сұйылту дәрежесіне тәуелді; шексіз сұйытылған ерітіндіде электролиттер молекулалары толық диссоциацияланған болады.

Иондану константасы мен дәрежесі бір мәнді көрсетеді, яғни молекуланың иондалуы, сондықтан екеуінің біреуін екіншісі арқылы көрсетуге болады. Электролиттің мольдік конц-ын С арқылы, диссоациялану дәрежесін  арқылы белгілісек, әрбір ионның концентрациясы  ∙ С , ал диссоциацияланбаған молекулалар конц-сы - С∙(1 -). Осыларды диссоц-ну константасы теңдеуіне әрқайсысын өз орнына қойсақ (С )2 / С(1-) = К және К = (2 / 1 -  ) ∙ С.

Осы тәуелділікті Освальдтың сұйылту заңы деп атайды. Диссоциациялану константасы диссоц-ну дәрежесіндей емес конц-мен байланысты өзгермейді, сондықтан бұл диссоц-ну дәрежесінен гөрі электролиттің күйін дұрысырақ сипатайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет