Электрохимия. Электролит ерітінділері жіне иондық тепе-теңдік. Дебай-Хюккельдің күшті электролиттердің электростатикаллық теориясы. Күшті және әлсіз электролиттердің меншікті және эк виваленттік электрөткізгіштігі. Кольрауш заңы
Электрохимия
1. Электролиттер ерітінділері . Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. 2. Оствальдың сұйылту заңы. 3. Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі. 4. Шексіз сұйылту кезіндегі эквиваленттік электрөткізгіштік. Кольрауш заңы.
Электрохимия — химиялық процесстер мен электрлік құбылыстар арасындағы байланысты зерттейтін ғылым.
Электролиттердің қасиеттерін, электродтық процестердің кинетикасын, термодинамикасын зерттейді. Электр өткізгіштік қасиеттері бойынша бүкіл ерітінділер электролиттер және электролит еместер деп екі топқа бөлінеді.
Электр тогын өткізетін ерітінділерді электролиттер деп атайды.
Электролиттер - иондық өткізгіштік көрсететін ерітінділер мен таза заттар.
Электролиттер ионогендік, ионоферлік болып бөлінеді.
Ионогендікэлектролиттер таза күйінде диссоциацияланбаған молекулалардан тұрады.
Ионоферлік электролиттер ерімегеннің өзінде де олардың құрамында иондар болады.
Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігін, электролиз құбылысын түсіндіру үшін швед ғалымы Сванте Аррениус 1883 жылы электролиттік диссоциациялану теориясын ұсынды.
Бұл теорияның негізгі қағидалары:
Электролиттер суда (немесе басқа еріткіште) ерігенде оң және теріс зарядталған иондарға диссоциацияланады (ыдырайды).
Электр өрісінде оң зарядталған иондар катодқа қарай жылжиды, сондықтан оларды катиондар дейді, теріс зарядталған иондар анодқа қарай жылжиды, сондықтан оларды аниондар дейді.
Электр өрісінде оң зарядталған иондар катодқа қарай жылжиды, сондықтан оларды катиондар дейді, теріс зарядталған иондар анодқа қарай жылжиды, сондықтан оларды аниондар дейді.