2. ДӘріс тезистері


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



бет11/51
Дата30.11.2022
өлшемі127,29 Kb.
#53850
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Араб-мұсылман философиясының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды?

A) әл-Фараби;
B) әл-Ғазали ;
С) ибн-Сина;
D) ибн-Рушд;
E) әл-Кинди.
2. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатының авторы:
A) әл-Фараби;
B) әл-Ғазали ;
С) ибн-Сина;
D) ибн-Рушд;
E) әл-Кинди.
3. Араб-мұсылман философиясының көрнекті өкілі, «Дәрігерлік ғылым тағылымының» авторы:
A) әл-Фараби;
B) әл-Ғазали ;
С) ибн-Сина;
D) ибн-Рушд;
E) әл-Кинди.
4. Орта ғасырлық философияның негізгі белгісі:
A) Теоцентризм;
B) Космоцентризм;
С) Пантеизм;
D) Антропоцентризм;
E) Наукоцентризм.
Ағымдық бақылау сұрақтары:

  1. Араб-мұсылман философиясының ерекшеліктері қандай?

  2. «Фалсафа» дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Суфизм – мұсылмандық діни-философиялық ойдың бағыты ретінде.

  4. Ибн-Синаның еңбектеріндегі ғылыми және философиялық ойлар.

  5. Арабтілді батыс философия: Ибн Бадж, Ибн Туфейль.

  6. Ибн Рушд: дін, теология және философия.

Аралық бақылау сұрақтары:

  1. Әл-Фарабидің өнер философиясы

  2. Ибн-Рушд: Философияны ортодоксалдық мұсылманшылықтан қорғау

  3. Жүсіп Баласағұнның адам және қоғам жайындағы гуманистік философиясы

  4. Махмұд Қашқаридің түрік энциклопедиясы

  5. Әл-Ғазали және оның фәлсафа жайлы ілімі

  6. Ибн-Рушд: теолог, философ жәе комментатор

  7. Ибн-Бадждың антропологиясы.

1

№ 6
дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Қайта өрлеу дәуірі философиясының өзіндік ерекшеліктері: антропоцентризм, пантеизм, гуманизм.

  2. Ренессанс ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары

  3. Қайта өрлеу кезеңіндегі натурфилософия

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Қайта Өрлеу дәуірі (Renessance - фр. ) – философиясының ерекшеліктері. Антикалық мұраға бетбұрыс. Табиғатты зерттеу. Ғылыми заңдылықтар. Данте Алигьери мен Франческо Петрарканың философиялық көзқарастары (гуманизмі). Олардың еңбектеріндегі поэзия мен философия гармониясы.
Қайта Өрлеу заманы Италия елінде басталды. Оған себеп болған әлеуметтік-экономикалық жағдайларды алатын болсақ, бұл кезде солтүстік Италияда, әсіресе теңіз жағалауларындағы аймақтарда орналасқан қалаларда сауда, қөлөнер өндірісі тез дами бастайды, мұның өзі феодалдық қатынастардың сарқуына, көп іскер шаруалардың өз қожайындарынан ақша төлеп бас бостандығын алып қалаларға келуіне, алғашқы капиталистік экономикалық қатынастардың дамуына әкелді.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер біршама қоғамның рухани өміріндегі жаңаруларға әкеледі.
Біріншіден, өндіргіш күштерді дамыту қажеттігі схоластикалық ой-өрісінен жаратылыстану ғылымдарына бетбұрыстың пайда болуына әкелді. Ал оның өзі бірте-бірте материалистік бағыттың философияда күш алуына әкеліп соқты.
Қайта өрлеу кезенінің ерекшелігі феодализм күйреуінің идеологиясы ретінде пайда болып, көптеген идеялық негіздерге сүйеніп, керемет бай мазмұнға ие болды. Ренесанс, антика мәдениет мұрасына қызығу оятып, ежелгі және жаңа философияны игеруге итермеледі. XV ғ. бастап қоғамның әлеуметтік -экономикалық және рухани өмірінде көптеген өзгерістер өтті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет