«МӘШҺҮр жүсіп көпейұЛЫ» аудандық оқуларын өткізудің ережесі байқаудың мақсаты



Дата31.03.2022
өлшемі33 Kb.
#29464
Байланысты:
ереже М.Ж.Копеев


Ұлы ғұлама « МӘШҺҮР - ЖҮСІП КӨПЕЙҰЛЫ» аудандық оқуларын өткізудің ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты:

Мектеп оқушылары арасында Мәшһүр - Жүсіп Көпеев шығармаларын насихаттау, жалпы бiлiм беретiн оқу орындары оқушыларының шығармашылық қабiлеттерiн және өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне деген тұлғалық сезiм мәдениетiн дамыту, оқушыларды Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің әдеби мұрасына және ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйiспеншiлiкке тәрбиелеу.

Жерлес ұлы ғұлама шығармашылығын халық арасында кеңінен насихаттау, Мәшһүр - Жүсіптің әдеби мұралары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу, Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыруға және оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыратын, сахналық мәдениетін дамыту.

Байқаудың шарты:


  • Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілетін мектептердің 8-10 сыныптар аралығындағы оқушылар қатыса алады;

  • Сайыс болатын күні, оқушылар жаттаған шығармаларының мәтінін ала келу керек.

Байқау үш бағытта өтеді:

I – бағытқа: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының шығармашылық тақырыптары бойынша мүшәйра. Қатысушылар берілген тақырып бойынша (мысалы, «Анама хат») осы өлеңнің идеясын, тақырыбын дамытып, өздері ойдан өлең шығарып, шығарған өлеңдерін мәнерлеп, образға кіру арқылы оқиды.

- «Анама хат», - «Ана тілі туралы»

- «Аңыз-хиқаяттар», - «Ақыл туралы», - «Тіршілік қамы»;

II - бағыт: «Бас болып өнер білсең тіпті жақсы» Мәшһүр Жүсіптің философиясына байланысты дайын ғылыми зерттеу Жобасын қорғау (қорғауға берілетін уақыт 7-8 минут). Ғылыми жобаға қойылатын талап, оқушылардың ғылыми жобалар ережесіне байланысты жазылады.

ІІІ – бағыт: «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен»

Мәшһүр – Жүсіптің шығармашылығы бойынша философиялық эссе жазу ( А4 форматында бір бет, орындалуы 2 сағат).


Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларына қатысуға өтінім  (әр бағытқа 1 оқушыдан қабылданады)

 




Оқушының толық аты жөні

сынып

Мектептің атауы

(аудан, мектептің толық атауы)

Қатысатын бағыты

Оқушыны дайындаған мұғалімнің толық аты- жөні

 

 

 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет