2-сынып Абдрахман Асылбек Өмірі және шығармашылығы абдрахман Асылбек



бет11/21
Дата19.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#141100
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Шығармашылығы
Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде,
алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде,
алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді.
«Жүректегі жаңғырықтар»,
«Әке туралы сыр»,
«Жаңбыр әні»,
«Түнделеп ұшқан тырналар»,
«Рухымның падишасы»,
«Мұқағали-Желтоқсан»,
«Бәйтерек»;
балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда»,
«Желкілдеп өскен құрақтай»,
«Күміс күйме» («Серебряный сундучок»)
«Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары,
«Ескендір қорғаны» (Ә.Науан),
«Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан.
Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, A.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, B.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуевтің өлеңдерін тәржімалаған.
«Бас сүйектері» (1976),
«Жасынның сынығы» (1977),
«Найзағай» (1978),
«Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін,
«Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған.
«Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болса,
«Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды.
2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.
«Көз жасым» (2006),
«Бөрітостаған» (2007),
«Құланойнақ» (2009) атты кітаптары және
«Бөгенбай»,
«Бердіқожа»,
«Шақантай»,
«Қара-өткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.
Қазақстан жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.[1]
3-СЫНЫП ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАСЫ
Алтын сөз
Сәулелі сөз сөнеме?
Орны бөлек батаның
Бізге тәлім өнеге
Ақ тілегі атаның
Мән беріп, ден қойғанда
Терең ойға батасың
Шілдехана,тойларда
Береді атам батасын
Әр сөзінің ақырын
Жақсылыққа тірейді
Қадап айтып ақылын
Көпке бақыт тілейді.


Бұл өлеңде бата туралы,оның тек жақсылыққа айтылыты туралы сөз болған.Бата-жақсы тілек білдіру. Оны алтынға теңейтін себебі бата әрбір адам үшін қымбат. Тіпті әр астан соң қысқа бата міндетті түрде оқылады.Батаның балаға бере тәрбиелік мәні орасан зор. Әрбір сөздің астарында үлгі-өнеге жатыр.Осыны оқушыға түсіндіру мақсатында ақын өлеңді ықшам әрі жеңіл түрде жазған.


4.Иван Крылов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет