20-дәріс ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы тарихи ой және кәсіби тарихнама тарих ғылымының тарихы


ғылыми танымда тарихқа көмекші рөл берді



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата29.12.2023
өлшемі0,94 Mb.
#144795
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ғылыми танымда тарихқа көмекші рөл берді. 
Ол «ерекше тарих» болуға тиіс болатын жаңа теориялық 
ғылымды - әлеуметтік физика немесе әлеуметтануды құруды ұсынды. Оның міндетіне тарихшылар
тапқан адам өмірінің фактілері арасындағы себеп-салдардың байланысын талдау кірді. Тарихи фактілерді 
ғылыми тұрғыдан түсініп, заңдарды ашып , тарихты ғылым дәрежесіне көтеру әлеуметтанушылар еншісіне 
берілді. Конт философиясында тарихтың жалпы бағытының сызбасы үш түрлі ойлау түрінің дәйектілігі 
ретінде ұсынылған: теологиялық (жалған) - ежелгі және орта ғасырларда, метафизикалық (дерексіз) - 
XVI - XVIII ғғ., жаңа уақыттың тәжірибелік біліміне негізделген ғылыми (позитизистік). Осындай ойлау 
түрлеріне әлеуметтік дамудың үш түрі сәйкес келеді. Конт әлеуметтік факторлардың адам әрекетіне әсері 
мен әлеуметтік-саяси контексттің мәдениетті дамытуға әсеріне аса мән берді. Сонымен қатар, ол бұл 
әлемді басқаратын және оны «айналдырып жатқан» идеялар екенін атап өтті.
Позитивизмнің тағы бір көрнекті өкілі, ағылшын ДЖОН СТЮАРТ МИЛЛЬ (1806-1876) тарихи 
оқиғалар мен даму заңының логикалық байланыстыру туралы идеясы бар Вико тұжырымын ұстанатынын 
мәлімдеді. Ол заң байқалған құбылыстың белгілерін жай ғана атау арқылы құрылу мүмкін деп санады. 
Милль қоғамдық өмірде адамдар жеке адамның табиғатының заңдарынан туындайтын және оларға келіп 
тірелуі мүмкін қасиеттерге ие, ал себептерді қосу әлеуметтік құбылыстың әмбебап заңы болып табылады 


Кітап:
Дәріс:
Тарих ғылымының тарихы
ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы ТАРИХИ ОЙ ЖӘНЕ КӘСІБИ 
ТАРИХНАМА
4
деп пайымдады. Сонымен бірге тарихтың әдіснамасы жеке тұлғалардың әрекеттерін зерттеуге емес, 
тарихи тұлғалардың жеке іс-әрекеттерінде әлеуметтік қатынастар мен дүниетанымның рөлін анықтауға 
бағытталған деп есептелді. Адамдардың әрекеттері адам табиғатының жалпы заңдылықтары мен жеке 
тұлғаның жеке сипатының жиынтық нәтижесі ретінде ұсынылды.
Конт идеяларын И.Тен және Г. Спенсер биология жетістіктерінің тікелей әсерімен дамытты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет