2022-2023 ОҚу жылында



бет31/50
Дата17.09.2022
өлшемі402,94 Kb.
#39332
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады:
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес «Құқық негіздері» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 2.6 -кестеде көрсетілген.

2.6-кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны



Сынып

Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1

10-11-сынып (ҚГБ)

1

1

1

2

10-11-сынып (ЖМБ)

1

1

1

2

Сынып

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9

1

1

1

1

10-11 (ҚГБ)

1

1

1

2

10-11 (ЖМБ)

1

1

1

2




  1. сыныпта және 10-11-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Құқық негіздері» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

  1. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына сәйкес зертттеу жұмыстары

Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және жалпылау.

  1. сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы

  2. Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы.

  3. Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі

  4. Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы.

  5. Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық ұйымдар.

  1. сынып бойынша зерттеу тақырыптары:

  1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі.

  2. Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін реттеудегі жария құқықтың рөлі

  3. Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке құқықтың

рөлі.



  1. Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау әдістері

  2. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде халықаралық құқық

нормаларын іске асырy.
Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады.
Зерттеу жұмысы бойынша формативті бағалау қарастырылған. Сонымен, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарында оқитын оқушылар өздерінің зерттеу, креативті және сыни ойлау дағдыларын, қарым-қатынас, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік дағдыларын жетілдіру үшін көп мүмкіндіктерге ие. Осы материалдарды әзірлеу кезінде әрбір тоқсанның соңында берілетін зерттеу жұмысы бұл жобалық жұмыс емес. Ол теориялық-практикалық зерттеу, онда оқушылар келесі зерттеу іскерліктері мен дағдыларын көрсетуі тиіс:

  • зерттеу мәселесін (тақырыбын) анықтау және тұжырымдау;

  • зерттеу жүргізу жоспарын (оның кезеңдері)құру;

  • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, болжам жасау,

  • зерттеу әдістерін таңдау және пайдалану;

  • алынған ақпарат көздерін көрсете отырып, зерттеу тақырыбы бойынша теориялық (сандық және сапалық) материалды (әдебиетке сілтеме, электрондық дерек көздері)таңдау және жүйелеу;

– ақпаратты бір түрден екінші түрге түрлендіру: сөздік – кестелік, кестелік- сызбалық немесе графикалық және т. б.;

  • зерттеудің басында ұсынылған болжамды растайтын немесе жоққа шығаратын қорытынды жасау.

  • жүргізілген зерттеу жұмыстарын жетілдіру жолдарын немесе алынған теориялық қорытындыларды практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау.

  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Құқық негіздері» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курс тақырыптары

«Құқық негіздері» пәні бойынша келесі элективтік курс тақырыптары ұсынылады: 9-11 сынып оқушыларына арналған «Қазақстан Республикасындағы негізгі қоғамдық процестерді құқықтық реттеу негіздері» курсы; «Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйелерін жіктеу» элективті курсы; «Экологиялық құқық-қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық механизмі» элективті курсы;
«Құқықтық ақпараттандыру» элективті курсы; «Құқық негіздері бойынша Практикум» элективті курсы.
Көрсетілген элективті курстарды әзірлеу және оқу кезінде жобалық оқытуға (жобалық және жүйелік ойлауды дамыту үшін) сүйену, сондай-ақ практикалық тапсырмалардың үлкен санын көздеу қажет.

  1. «Құқық негіздері» пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын әдістемелік тақырыптар

  1. 9-11 сыныптардағы «Құқық негіздері» пәні сабақтарында жобалық және жүйелік ойлауды дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдері;

  2. «Құқық негіздері» пәні сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру тәсілдері;

  3. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістері мен түрлері;

  4. Қалыптастырушы бағалауға арналған практикалық және ситуациялық тапсырмалар базасын қалыптастыру;

  5. «Құқық негіздері» пәні бойынша цифрлық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  6. Білім алушылардың диалог және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытудың әдістері мен тәсілдері;

  7. Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру;

  8. «Құқық негіздері» пәні бойынша жаһандық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  9. «Құқық негіздері» пәні бойынша экологиялық сауаттылықты қалыптастыру тәсілдері;

  10. Білім алушылардың сыни ойлау деңгейін арттырудың тиімді әдістері

мен тәсілдері.

  1. «Құқық негіздері» пәні бойынша оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесі

2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу- әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығымен бекітілген.

  1. «Құқық негіздері» пәні мазмұнының және оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру

«Құқық негіздері» бойынша сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылады.
Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар.2022-2023 оқу жылында білім беру ұйымдарында мынадай жобалар іске асырылатын болады:

  • «Мектептің өзін-өзі басқаруы»;

  • «Дебат» қозғалысы;

  • «Оқуға құштар мектеп»;

  • «Отбасы – мектеп»;

  • «Құқықтық сана – қауымға пана»;

  • «Еңбек – елдің мұраты»;

Жоба материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған https://uba.edu.kz/.
Тәрбие бағытының бірі білім алушыларды құқықтық тәрбиелеу.
«Құқықтық сана – қауымға пана» жобасы білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Осы жоба шеңберінде білім беру ұйымдарында заманауи әдістемелер негізінде білім беру және тәжірибеге бағдарланған іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Білім алушылардың сана-сезімі мен құқықтық мәдениетінің қалыптасу критерийлері: негізгі заңдарды білу, түсіну және міндетті түрде орындау, құқықты, заңдылықты құрметтеу, алған білімдерін күнделікті өмірде өз бетінше және функционалдық сауатты түрде пайдалана білу; нормаларға қайшы келмейтін мінез-құлық, құқыққа қарсы құбылыстардың, әрекеттердің кез келген түрін қабылдамау, академиялық адалдық.
Жоғары сыныптарда білім алушыларды құқықтық-жауапкершілік нормаларымен таныстыру қажет. Білім алушылар бала құқығы туралы БҰҰ
Конвенциясының негізгі ережелерін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексін, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңдарын білулері тиіс. Жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіз мінез- құлқы мәселелерін зерттеуге назар аудару ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет