2023 -2024 оқу жылында Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет33/83
Дата15.11.2023
өлшемі1,9 Mb.
#123048
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83
Білім алушыларының
 
пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары 
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері
 
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және 
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін жинау және талдау негізінде талдау 
жүргізу;
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география 
ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара 
байланысын орнату;
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, 
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды 
пайдалануда, сондай
-
ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін 
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдана білу; 
4) әр адам үшін жаратылыстану
-
ғылыми білімнің маңыздылығын 
түсіндіру, жиналған және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама
баяндама, презентация түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; гипотезалар, 
модельдер жасап, зерттеу жүргізу.
Негізгі құзыреттіліктер:

ғылыми зерттеуге болатын мәселелерді анықтау;

ғылыми ақпаратты табу үшін қажетті кілт сөздерді анықтау;


42 

жаратылыстану зерттеулерінің негізгі ерекшеліктерін анықтау.
Құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіру

қажетті жағдайда жаратылыстану білімдерін қолдану;

ғылыми негізделген құбылыстарды сипаттау немесе түсіндіру, 
өзгерістерді болжау.
Жаратылыстану білімі арқылы негізгі құзыреттерді дамыту үшін 
ұсынылатын қажетті минимум:
Физика бойынша:

механиканың физикалық шамалары мен түсініктері;

электромагнетизм принциптері; әртүрлі физикалық күштердің 
құбылыстарға, денелерге әсері; зат пен энергияның өзара әрекеттесуі (мысалы, 
жарық пен радиотолқындар, дыбыс және сейсмикалық толқындар).
Химия бойынша:

заттың құрылымы (мысалы, атом моделі);

заттың қасиеттері (мысалы, заттың күйінің өзгеруі, жылу және электр 
өткізгіштік);

заттың химиялық өзгерістері (мысалы, химиялық реакциялар, 
энергияның берілуі, қышқылдар / негіздер); заттарды сапалы талдау әдістері;
Биология бойынша:

жасуша құрылымы (құрылымы мен қызметі, ДНҚ, РНҚ, өсімдіктер мен 
жануарлар жасушалары);

тірі организмдердің әртүрлілігі, құрылымы және қызметі (тірі 
организмдердің әртүрлілігі, тамақтану, заттардың тасымалдануы, тыныс алу, 
қозғалыс, координация және реттелу);

популяциялар (эволюция, биологиялық әртүрлілік, генетикалық 
вариация);

экожүйелер (қоректену тізбектері, заттар мен энергия ағындары);

биосфера (экожүйелерді қолдау, тұрақты даму). 
География бойынша:

география ғылымдары жүйесіндегі Геоэкология, Геоинформатика
геосаясат, геоэкономика, елтану рөлі; табиғатты пайдалану, экономикалық, 
әлеуметтік, саяси география және геосаясат саласындағы негізгі ғылыми 
ұғымдар; геосфераларға антропогендік әсердің факторлары, көздері мен 
салдары; экологиялық тәуекелдер;

қазіргі әлемнің кеңістіктік әртүрлілігі, оның жалпы және аймақтық 
ерекшеліктері; табиғаттың, халықтың және экономиканың даму заңдылықтары;

қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесу мәселелері.
Әрі қарай, кесте түрінде биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі 
(жоғары сыныптарда) құзыреттіліктердің мысалдары келтірілген.
«Қоректену»
бөлімшесі
Оқу мақсаты: 8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар 
азық
-
түлік тізімін жасау
1-
кесте –
«Биология»
пәні бойынша мысалдар


43 
Сұрақтар мен тапсырмалар
Тапсырмалардың күтілетін нәтижелерге бағытталуы
Дәрумендер мен денсаулық 
арасындағы 
байланысты 
анықтаңыздар
Құзыреттіліктер:
пәндік: 
денсаулықты сақтау үшін дұрыс тамақтану 
ережелерін сақтау қажеттілігін түсіндіре білу
метапәндік:
 
оқу тапсырмасын орындау үшін ақпаратты 
түсіндіре білу
Дәрумен деген не?
Пәндік: дәрумендер және дәремен жетіспеушілігі жайлы 
білімі болу
Метапәндік:
Өз ойын сауатты және жүйелі жеткізе білу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет