– Парламент Мәжілісіндегі Фракция арқылы келесі бағыттағы заңдарды қабылдау: қоғамдық бақылау үдерістерін реттеу, азаматтардың оны жүзеге асыруына кепілдік беру. Заң мемлекеттік органдарға тәуелсіз
бақылау жасаудың осы заманғы және тиімді құралдарын енгізеді, сондай-ақ азаматтарды аталған субъектілердің шешім қабылдау
және жүзеге асыру үдерісіне кеңінен тартуға мүмкіндік береді;
азаматтардың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ақпаратына, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерінің және
реттеуші нарықтағы басымдықтарға, оның ішінде тарифті қалыптастыру мен инвестициялық бағдарламаларды орындау
қызметтеріне қолжетімділігі;
мемлекеттік қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің міндетті декларация тапсыруын және кірісі мен шығысы туралы
ақпараттың еркін қолжетімді орналастырылуын енгізу. Мұндай ашықтықтыққа бірінші кезекте партия мүшелері үлгі болады.
Атқарылған жұмыстың нәтижесі мыналар болады: –
қоғамдық бақылау туралы заң қабылдау;
–
ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылдау;
–
жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын жалпыға ортақ декларациялау туралы заң қабылдау;
– 2015 жылы
партия мүшесінің этикалық стандартын қабылдау;
– 2025 жылға қарай Қазақстанның
«Қабылданатын шешімдердің айқындылығы» бойынша
Жаһандық бәсекеге Қабілеттілік Индексі елдерінің алғашқы 30-дығына енуі.
4.3.2. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СОТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ АЙҚЫНДЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ Азаматтардың биліктің мемлекеттік институттарына деген сеніміне ықпал ететін өзекті фактор құқық қорғау органдары мен сот
жүйесінің жұмысы болып табылады. «Нұр Отан» партиясы
осы құрылымдар жұмысының барынша мөлдірлігін, оның ішінде :
– сот залдарын 2020 жылға қарай аудио, бейнежазба жүйелерімен толық жарақтандыру;
– үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, барлық сот процесіне қатысушылар мен кәсіби заңгерлердің арасында
өткізілетін, алынған нәтижелердің жариялылығын және 2016 жылға қарай соттар мен судьялар рейтингін жасауды қарастыратын
мерзімдік әлеуметтік зерттеулермен барлық соттарды пара-пар қамту;
– 2015 жылдан бастап азаматтық қоғам институттарының, оның ішінде құқық қорғау органдарының қоғамдық кеңестері өкілдерінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта өткізілетін іс-шараларға міндетті түрде қатысуы қажет деп есептейді.