«Бизнес жүргізудің жеңілдігі» рейтингіндегі жемқорлық
деңгейі ең төмен елдердің алғашқы
30 –дығына енуі болмақ.
4.2.2. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, халықтың билікке сенімі көбіне тұрмыстық жемқорлықтың деңгейімен анықталады. Бұл –
азаматтар мен бизнестің мемлекеттік қызметті тұтыну кезінде күнделікті ұшырасып жүрген жағдайы.
Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жүйелі түрде арттыру үшін партия
келесі шараларды қабылдауға қол жеткізетін болады: – 2015 жылдан бастап
барлық рұқсаттарды электронды түрде беруді қамтамасыз етуге;
– 2016 жылға қарай әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді
100% электронды пішімге көшіруге;
– 2020 жылы мемлекеттік қызметтің кем дегенде
80%- ын , 2025 жылы
100%- ын электронды түрде көрсетуге;
– 2025 жылы мемлекеттік қызметтердің
кем дегенде жартысын «бір терезе» қағидатымен (ХҚО-лар арқылы) көрсетуге;
Қабылданған шаралардың нәтижесі 2025 жылы Қазақстанның
«Әдеп және сыбайлас жемқорлық» көрсеткіші бойынша
Жаһандық бәсекеге Қабілеттілік Индексі елдерінің алғашқы 30-дығына енуі болады.
4.2.3. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЙЕСІН, КВАЗИМЕМЛЕКЕТТІК СЕКТОРДЫ ЖЕТІЛДІРУ Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы мақсатында
партия мынандай шаралар қажет деп санайды :
– мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру үдерісінде айна-қатесіз ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету;
– мінсіз беделге ие партия мүшелерін мемлекеттік аппараттағы жауапты қызметтерге ұсыну үшін кадрлық резерв жасақтау;
– нәтижелі жұмысы үшін моральдық және материалдық ынталандыру жүйесін дамыта отырып, мемлекеттік қызметшілердің, бюджет
саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруді қамтамасыз ету;
– Парламенттегі Фракция арқылы қабылдануы қамтамасыз етілетін заңдарда мыналарды көздеу:
«Б» корпусындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаратын басшыларды ротациялауды енгізу;
конкурстық ресімдерді қолданусыз және бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алулар кезінде тауарлар, жұмыстар мен қызмет
көрсетулер тізбесін қысқарту;
квазимемлекеттік секторда қаржыны тиімді жұмсау үшін сатып алу және бақылау үдерістерін реттеу. Бүгінде аталған секторда жыл
сайын триллиондаған теңгеге сатып алулар жасалады, ол мемлекеттік сатып алулар көлемінен әлденеше есе артық.