25 белес елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата07.04.2017
өлшемі6,75 Mb.
#11212
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

Серік НЕГИМОВ
филология ғылымдарының докторы
профессор

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
69
Біз  келісім  мәдениетін  дәстүр  ретінде  ұрпаққа  мұра  етуге  тиіспіз. 
Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының 
XXI сессиясында сөйлеген сөзінен. 18 сәуір, 2014 жыл
К
елісім  мен  тұрақтылық,  бірлік  пен  береке  орнаған  қоғамда  дін  де  өркендеп, 
әлеуметтік  тұрмыс  түзеледі.  Кейбір  мұсылман  мемлекеттеріндегі  саяси   дау-
жанжал мен тұрақсыздық жалпы жамағатқа сабақ болуы тиіс.
Біз осынау алмағайып заманда бейбіт елімізде діни татулық пен достықтың қадірін сезіне 
түсуіміз қажет. Бір түнін тыныш ұйқымен өткізуді армандап жүрген адамдар көп. Қазақта: 
«Бағаламасаң, бақ кетеді», – деген ұлағатты ұғым бар. Біздің барымыз да, байлығымыз 
да – бірлігіміз бен бейбітшілігіміз. Кез келген адам бес күндік өмірде сынақтарды бастан 
өткізбей, ғұмыр кешпейді.
Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын) 
мұсылманшылықтың  іргесін  бірлікпен  бекітіп,  атақ-дәрежесі  мен  қызметіне  қарамай, 
мұсылманның бәрін бір-біріне бауыр, туыс деп жариялады.
Алла  елшісі  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  араздасқан  адамдар  мен 
бірлігінен  береке  кеткен  тайпалардың  басын  қосып,  ынтымаққа  ұйытты.  Татулықты  ту 
етіп, тіршілігін бірлікпен әспеттеген мұсылман жамағаты досқа да, дұшпанға да кеңпейіл, 
қонақжай, кешірім жолын ұстанған атпен тарихта қалды.
Тарих  қашан  да  үздік  үлгінің  куәгері  бола  бермек.  Өзіне  қалағанды  өзгеге   
де  тілейтін  пайғамбар  үмбеті  осылайша  өмір  сүрудің  өнегелі  өрнегін  қалып тастырды. 
Сөзімен де, ісімен де үлгі бола алды.
Біз де ата-бабаларымыздан дарыған төзім, сабыр, тағаттылық секілді асыл қасиеттерден 
туындайтын келісім мәдениетін – өзін де, өзгені де сыйлап, құрметтей білу мәдениетін 
кейінгі ұрпаққа сіңіре білуге тиіспіз. Бұл – біздің жарқын болашағымыздың кепілі.
Қазіргі  кезеңде  әлемдік  қауымдастық  экономикалық  дағдарысты,  саяси,  ұлтаралық, 
дінаралық  шиеленістерді  бастан  кешуде.  Әсіресе,  адамзат  жаңа  ғасырда  бұрын-соңды 
болмаған діни алауыздықтар, дау-жанжалдар, ұлтаралық қақтығыстармен бетпе-бет келді.
Сенімде шектен шыққан кейбір діни ағымдардың әрекеті мұсылманшылыққа мүлдем 
жат. Діни басқарма соғысқа не үшін барғанын білмейтін, мақсаты айқын емес жастарды 
мұндай фитнаға, яғни бүлікке қатыспауға шақырады.
Бүгінде кейбір мұсылман халқы бейбітшілік орнату шараларына әрі бүкіл мұсылман 
үмметінің шынайы жанашырлығына мұқтаж. Дін қайраткерлері осы мәселелер бойынша 
ондағы зорлық-зомбылық әрекеттер мен даулы мәселелерді бейбітшілік жолымен шешуге 
атсалысуы қажет.
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
бас мүфти

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
70
Біз  –  дамыған  елдердің  шаңын  жұтуға  емес,  көшін  бастауға 
ұмтылған елміз.
 
Қазақстан Республикасы Презиенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы 
Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен. 18 сәуір, 2014 жыл
Е
лбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанды айдай әлемге танытып, әлемнің да-
мыған елдерімен терезесін тең етіп отыруының басты кілті –  интеграция. 
Ол жоғарыдағы сөзінде «ХХІ ғасыр – интеграция ғасыры. Ұлттық мүдде тұрғысынан 
мұқият ойластырылған интеграцияға қарсы болу – заманауи үрдіспен дамуға қарсы болу. 
Ең дамыған елдердің барлығы бүгінгі биіктерге интеграция арқылы жетті. Бүкіл адамзат 
жаһандану жолымен дамып жатыр. Етек-жеңді қымтап, есік-терезені тарс жауып отыру 
дамуды тежейді, әлем көшінің соңына қалдырады» деген ойлы тұжырымды қоса айтқан 
болатын. Шындығында да жабық саясатты ұстанып, томаға тұйық отырып дамимын деу 
дұрыс болмас еді. 
Егер Елбасы көрші елдермен, Батыстағы және Шығыстағы мемлекеттермен диалог ор-
натпағанда еліміздің бүгінгідей дәреже жетуі мүмкін емес-ті. Қазақтың бағына туған хан 
Абылайдың «Қас болғанға қиып түсер қылышпыз, Дос болғанға құшақ ашар туыспыз» не-
месе Қазыбек бидің «Дәм тұзды ақтай білген, достықты сақтай білген елміз» деуі қазақтың 
ежелден-ақ алыс-жақын көршілерімен достықта болуға ұмтылғанын көрсетеді. Мемлекет 
басшысы ақылы дария, дана ата-бабаларымыздың сұңғыла саясатын лайықты жалғасты-
рып, аз уақытта дамыған елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынас жасай білді. 
Елбасы  Мәңгілік  ел  болуға  ұмтылған  Қазақстанның  алдына  қойған  мақсаттарының 
бәрін айқындап берді. Ол мақсаттарға жетудің ең басты тетігі бейбітшілік пен ынтымақ 
екені белгілі. Қазір күн са йын мың құбылған әлемге қарап отырсақ, ішкі-сыртқы ынты-
мағын сақтай алмаған елдердің тарих қойнауына жұтылып кетіп жатқанына куә боламыз. 
Сыртқы факторлардың әсерінен ішкі бірлігі ыдырап, бір халық екіге бөлініп, өзара соғы-
сып та жатыр. Біз жүзден аса ұлт пен этнос өкілдері тату-тәтті болып, бір тудың астына 
бірігіп, бір мүдде жолында жұмыла алдық. 
Ішкі ынтымағы жарасқан елді ғана басқалар сыйлайды. Ал өзара алтыбақан алауыз бо-
лып жатсаң, оңтайлы сәтті пайдалануға ұмтылатын сыртқы жауларың тәуелсіздігіңе қол 
сұғады. Бірлігін бекем ете алмаған халықты құрту әсте оңай. Ал сыртқы саясаттағы ор-
ныңды дұрыс бекітпесең, әлемдік аренада даусыңды шығару мүмкін емес. Алпауыт мем-
лекеттермен  бейбіт  қатынас  орнатып  үлгерген  Қазақстан  ішкі  мықтылығын  барлығына 
танытты. Алысты болжай білетін Н. Назарбаев болашаққа лайықты аттанар негізгі жол ин-
теграция екенін түсінді. Міне, соның арқасында еліміз бүгін дамыған елдермен тең сөйле-
суге ғана емес, олардың көшін бастауға ұмтылатын мүмкіндік алып отыр. Ал ол ұмтылыс 
Мәңгілік ел болудың басты алғышарттарының бірі екені белгілі. 
Әкім ЫСҚАҚ, 
журналист-жазушы, 
қоғам қайраткері

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
71
Ортақ  ордамыз  –  Қазақстанның  босағасын  берік,  шаңырағын  биік 
ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен. 
18 сәуір, 2014 жыл
Ә
лбетте,  біздің  басты  мақсаттарымыздың  бірі  тәуелсіздік  үшін  күрескен  сан 
ұрпақтың жүзеге асқан арманын – Мәңгілік ел болу идеясын келешек ұрпақтың 
санасына  сіңіру  екені  даусыз.  Бұл  көбіне-көп  қазіргі  жас  ұрпақтың  дайындығы 
мен  ұстанымдарына  байланысты.  Сондықтан  біз  олардың  назарын  патриоттық 
рухтағы тәрбие мәселесіне аударуымыз керек.
Ол қандай болуы тиіс? Нені бағдар етуі керек? Нендей мақсаттарға ұмтылуы қажет?
Көпғасырлық  тарихымызды,  Қазақ станның  қазіргі  жағдайының  ерекшелігін, 
республиканың  таяу  және  алыс  болашақтағы  даму  барысын  ескеріп,  сондай-ақ 
Н. Назарбаевтың еңбектерін жіті зерделей отырып, жас қазақ патриоты қандай болатынын 
айтсақ дейміз.
Біріншіден,  Қазақстан  азаматы  –  республика  халқын,  туған  жерін  сүйетін,  елінің 
табыстарына қуанып, кемшіліктеріне қиналатын, Отанын әрдайым қорғауға дайын адам.
Екіншіден, бүгінгі патриот жатпай-тұрмай оқитын, білімі мен мәдениет деңгейін үнемі 
көтеріп,  өзін  күн  сайын  жетілдірумен  айналысатын  адам  болуы  керек.  «Білекті  бірді 
жығады, білімді мыңды жығады» деп халық бекер айтпаған.
Үшіншіден,  ол  кемінде  үш  тілді  –  мемлекеттік  қазақ  тілін,  ғылым  тілі  ретінде  орыс 
тілін, халықаралық қатынас тілі ретінде ағылшын тілін білуі тиіс. Үш тілдің түп негізінде 
жетік меңгерген қазақ тілі тұрады.
Төртіншіден, шынайы патриот мемлекет негізін қалаушы қазақ халқының тілін, тарихы 
мен мәдениетін жақсы біліп, оны жоғары деңгейде насихаттайды, елдегі өзге халықтардың 
да дәстүрі мен тіліне құрметпен қарайды.
Бесіншіден, ол салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды қылықтардан аулақ болады. Өзін 
әуел бастан-ақ қажетті мамандыққа даярлап, болашақта елдің әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени дамуына лайықты үлес қосады.
Алтыншыдан, ол – ұлттық дәстүрді білетін, өнерден де кенде емес, заңды құрметтейтін, 
ар-намысын биік ұстайтын, сыбайлас жемқорлыққа, рушылдық дертіне жаны қас азамат.
Жетіншіден, әрбір отаншыл азамат дәстүрлі дінін (мұсылмандардың ханафи мазхабын) 
берік ұстанып, өзге діндерге құрметпен қарайтын, толерантты болуы тиіс. Жалпы өзара 
сыйластық, құрмет пен келісім – барша игіліктің бастауы.
Міне, осындай жастарды тәрбиелей алсақ және олар да өз балаларына осындай асыл 
қасиеттерді сіңіріп, ұрпақтан ұрпаққа мирас етсе, Қазақстан босағасы берік, шаңырағы 
биік Мәңгілік елге айналады деп ойлаймын.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
72
Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері 
гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзінен. 
18 сәуір, 2014 жыл
Қ
азақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 
Мәңгілік ел идеясын көтергеніне екі-үш жылдың жүзі болды. Елбасы оны Қазақстан 
мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры ретінде ұсынды. 
Халыққа  биылғы  жолдауында  сол  ойын  нақтылай  түсіп,  Мәңгілік  ел  халықтың 
біріктіруші күші, ешуақытта сарқылмайтын қуат көзі екенін айрықша атап көрсетті. «Өткен 
тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де 
Мәңгілік  ел  деген  құдіретті  ұғымға  сыйып  тұр.  Отанды  сүю,  бабалардан  мирас  болған 
ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және 
кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау... Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні 
– осы!» деген болатын. Бұл – киелі парыз, ұлттық мұрат. Ал осы мұратты бүгін, ертең 
және ғасырлар бойы қалай жүзеге асырамыз? Мәңгіліктің саяси тұғыры не? Рухани тірегі 
қайсы? Сірә да сарқылмайтын ұланғайыр уақыттың ұзына бойында көнермеу үшін, өшпеу 
үшін, адамзатпен бірге жасай беру үшін мемлекет қандай мән-мазмұнға ие болуы керек?
Республика  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан-2050»  стратегиялық 
жолдауында  «Қазақ  мемлекеті»  және  «Қазақ  Елі»  идеясын  жайдан-жай  көтерген  жоқ. 
Мәңгілік  ел  мұратын  жүзеге  асыратын  ұлттық  саяси  институт  ретінде  әлеуметтік-
философиялық  айналымға  енгізді.  Тілге  байланыстыра  отырып,  баршамызға  терең 
ой  салды.  Елбасының:  «Қазақ  тілі  жаппай  қолданыс  тіліне  айналып,  шын  мәніндегі 
мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  көтерілгенде,  біз  елімізді  Қазақ  мемлекеті  деп  атайтын 
боламыз» деуінде және «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» екенін қадап 
айтуында терең мән бар. Бұлардың бәрі – ұлттық мемлекеттің белгілері.
Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» 
деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, 
ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – 
Мәңгілік ел!» – деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Түйіп айтсақ, Мәңгілік 
ел – шамшырақ идея, ал Қазақ елі мен Қазақ мемлекеті – сол ұлы идеяның қозғаушы 
күші.  Біз  қазіргі  таңда  алғашқысын  ел  рухының  мәңгі  сөнбейтін  жарық  жұлдызына 
айналдырсақ,  соңғысының  керегесін  керу  үстіндеміз.  Сондықтан  бүгінгі  кезең  –  дана 
тарихтың ұлттың ұлағаты болып қайта оралған кезеңі, қазақ халқы өзінің төл арманымен 
табысып, ұлттық тағына сеніммен отырған шағы. 
Алдан СМАЙЫЛ, 
жазушы, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
73
Еуразиялық  экономикалық  одақ  –  ең  алдымен  біздің  елдеріміздің 
миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер, бұл – экономиканы 
дамыту үшін қажет ұзақмерзімді орнықты жағдайлар. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында 
сөйлеген сөзінен. 29 мамыр, 2014 жыл
Қ
азақстан Республикасы Президенті нің алғаш рет осыдан 20 жыл бұрын М.В. Ломоносов 
атындағы  Мәскеу  мемлекеттік  университетінің  оқытушы  профессорлар  құрамы 
алдында ұсынған Еуразиялық экономикалық одақ туралы идеясы шын мәнінде тарихи 
оқиғаға айналды. 
Қазақстанның еуразияшылдық теориясын тереңдетуге және оны жеке мемлекетте ғана 
емес, мемлекетаралық ауқымда жүзеге асыруға бағытталған берік әрі табанды ұмтылысы 
іс жүзінде сол оқиғадан басталады. Біздің республика бұл таңдауынан айныған жоқ, қайта 
осы бағытта жүйелі ілгерілеп келеді. Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтан басталған 
осы интеграциялық үрдіс біртіндеп Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы кедендік 
одаққа, Еуразиялық экономикалық одаққа дейін өсіп-жетілді.
Жаңа идея бұдан бұрынғы интеграциялық идеялар мен олардың соңынан пайда болған 
Еуразиядағы түрлі формадағы бірлестіктерден несімен ерекшеленді?
Бірінші.  Жаңа  ықпалдастық  бірлестік  жобасы  бірінші  кезекте  экономикалық 
мүдделердің басымдылығын қарастырды, бұл ұстаным бұрынғы кеңестік, қазіргі тәуелсіз 
мемлекеттер экономикаларының жақындасуына берік іргетас қалауы тиіс еді. 2015 жылдың 
1 қаңтарынан бастап одақ аясында тауарлардың, қызметтердің, капитал мен адамдардың 
еркін  қозғалысы  қарастырылғандықтан,  Қазақстан  160  миллионнан  астам  тұрғыны  бар 
алып нарыққа есік ашты. Бұл осы таза азаматтық бірлестіктің мүшелеріне шын мәнінде 
зор мүмкіндіктер береді.
Екінші. Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы жобада кез келген тағдыршешті 
мәселенің  шешімі  тек  ұлттық  референдумдар  арқылы  жүзеге  асырылуы  тиіс  екендігі 
айқын жазылған.
Үшінші.  Еуразиялық  экономикалық  одақ  мемлекеттерінің  өзара  қарым-қатынасында 
аса  маңызды  теңдік  қағидаты  үстемдік  құру  тиіс.  Бұл  мәселе  Лев  Гумилевтің  дәстүрлі 
түркі-славян бірлігі (байланысы) идеясының ядросын құрағаны мәлім.
Төртінші.  Мемлекеттік  құрылымдардың  тату  көршілік  қарым-қатынасына 
қосылушылардың өзара қарым-қатынасы міндетті түрде олардың бір-бірінің ішкі істеріне 
араласпау  мәселесіне  негізделіп,  аумақтық  тұтастығы  мен  мемлекеттік  шекараларының 
мызғымастығы сақталуы тиіс. Сондықтан біздің Президент ұсынған қағидаттар әрқашан 
күшінде болуы керек, сонда Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы баянды болады.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
74
Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр
.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау 
төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Т
әуелсіздіктің арқасында біз өзіміздің арғы-бергі жүріп өткен жолымызға жіті көз 
жіберіп,  шынайы  ұлттық  тарихымызды  белсене  зерттеуге  және  насихаттауға 
көңіл бөле бастадық. Ширек ғасырдан бері атқарылған жұмыстың жемісін көріп 
келе жатқанымыз да рас.
Біз үшін Отан тарихын жаңа форматта – сананы отарлықтан тазартып, ұрпақтарымыз 
өз тарихын мақтан тұтатындай бағытта жазу, ғасырлар бойы жасалып келген әділетсіздік 
пен  бұрмаланған  қоғамдық  және  тұрмыстық  сананы  түзету,  егемен  Қазақстанның 
әрбір азаматының санасына оның шынайы тарихы мен қайталанбас мәдениеті тәуелсіз 
мемлекеттің бұдан арғы құрылысына іргетас болатынын сіңіру аса маңызды.
Қазақ тарихының әлі зерттелмеген қатпарлары өте көп. Біз қазақ болып қалыптасқан 
бергі заманды ғана емес, тікелей бабаларымыз болып келетін қыпшақ, түрік, ғұн және 
сақ дәуірін қамтитын арғы тарихымызды да зерттеуге тиіспіз. Мысалы, орта ғасырларда 
біздің  даламызды  жайлаған  түркілер  әлемдік  даму  тарихында  айшықты  орын  алды. 
Бірақ аса маңызды осы бір тарихи кезең толық зерттеліп бітті деп айта алмаймыз.Сол 
даңқты  бабаларымыз  жөнінде  француз  ойшылы   Ш.  Монтескье:  «Әлемде  бірде-бір 
халық... өз даңқымен немесе ұлылығымен татарлардан (түркілерден) асқан жоқ... Бұл 
халық ғаламның шын әміршісі; ол сондай-ақ империялар құрушы және қиратушы; ол 
барлық заманда да жерде құдіретті екенін көрсетті... Осы бір жеңімпаз халыққа оның 
ғажайып  істерінің  даңқын  асыру  үшін  тарихшылар  ғана  жетіспейді.  Қаншама  өлмес 
ерліктер  ұмытудың  тас  түнегіне  жерленді!  Олар  шыққан  тегін  біз  білмейтін  қаншама 
империялардың негізін салды!» – деп тамсана жазған.
Әлбетте,  тәуелсіз  елдің  отандық  зерттеушілерінің  жаңа  буыны  алдында  бабалардың 
қалдырған ізін зерттеп, зерделеумен қатар, олардың әлемдік өркениет көшіне қосқан мәңгілік 
мұраларын  да  қайта  жаңғырту  міндеті  тұрғаны  анық.  Осы  орайда,  Мемлекет  басшысы 
бастамашылық  еткен  «Мәдени  мұра»,  «Халық  тарих  толқынында»  бағдарламаларының 
атқарып жатқан маңызы өте зор.
Біздің ғалымдарымыз осындай жүйелі мемлекеттік қолдаудың арқасында әлемнің көптеген 
елдеріне  аттанып,  халқымыздың  тарихи  жадын  жаңғыртуға  септігін  тигізетін  жәдігерлер 
мен құжаттарды тірнектеп жинап жатыр. Тарихшылардың ұлттық конгресі белсенді жұмыс 
істеп, «Мәңгі ел» атты халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журнал шығаруда. Тарихи 
бағытта көптеген қызықты әрі танымдық сайттар іске қосылды. Астанада жаңа тарихи музей 
ашылды. Бір сөзбен айтқанда, тарих ғылымы мен білімі қайта жанданып, ұлттың жадын 
жаңғырту арқылы санасын оятуға, елдікті нығайтуға қызмет ете бастады.
Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ МЕН ОЛАРДАН ТУЫНДАҒАН ОЙ-ТҰЖЫРЫМДАР
75
«Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп 
жүрсе, бақытты болады. «Тіліміз бар» деп жүрсе, тіліміз бар болады
«тіліміз жоқ» деп жүрсе, тіліміз жоқ болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Б
іздің  халық  «жоқ  деп  айтпа»,  «жоқ  деген  жоғалып  қалады»  деп  ұл-қызының 
құлағына  сіңіріп  жатады.  Сондықтан  болар,  қара  нанға  қарап,  қара  су  ішіп, 
ашқұрсақ  отырса  да,  «жоқ»  демей,  «құдайға  шүкір»  деп  отыратын  жандар  көп. 
Жоқты – «бар» деп, барды – «жоқ» деп, ақты – «қара» деп, қараны – «ақ» деп ешкім 
береке таппас. Алайда барды бағалай білу, барға қанағат ету, қолда барды қадірлеу – 
адамшылық белгісі. 
Тіл мәселесіне келсек, қазақтың ғасырдан ғасырға жасап келе жатқан аса бай тілі бар. 
Біздің тіліміздің байлығы, бейнелілігі, көркемдігі, сөздік қорының молдығы әлемнің ең 
дамыған тілдерінің ешқайсысынан кем емес. Мұндай тілді тудырған, тұтынған, оның иесі 
бола  білген  халықтың  рухани-материалдық  мәдениеті  бай  болуы  да  табиғи  нәрсе.  Сол 
байлықты  еселеп,  ата-бабамыздан  қалған  асыл  мұрамыздың  –  ана  тіліміздің  абыройын 
асқақтату баршамыздың перзенттік, азаматтық парызымыз.
Рас, өз билігіміз өзімізде болмай, екі тізгін бір шылбырды қолымыздан шығарып алған 
қилы-қилы кезеңдерде қазақ тілінің де қадамы ашылмай, өрісі барынша тарылды. Қазақтың 
көптеген  ұл-қыздары  ана  тілінің  уызына  жарымай,  өзге  тілдің  жетегіне  ілесті.  Ұлттық, 
тілдік сана әлсірегендіктен ұлттық рух та аласарды. Ол кезеңдер өтті. Ел Тәуелсіздігімен 
бірге тіліміздің де күні туды. Мемлекеттік мәртебеге ие болды. 
Күн  санап,  жыл  санап  қазақ  тілінің  өрісі,  қолданыс  аясы  кеңіп  келеді.  Тіліміздің 
қоғамдағы қолданысы тұрғысынан әлі шешімін таппаған мәселелер түгесілмегенін бәріміз 
білеміз. Бұл бағытта атқаруға тиісті істеріміз аз емес. Кемшілікті айту, олқылықтың орнын 
толтыруға үлес қосу, бос сөзділікке ұрынбай нақты іспен айналысу орынды. 
Алайда, атқарылған істің бәрін жоққа шығарып, аузымызды қу шөппен сүрте беруге де 
болмайды. Ең бастысы – бүгінінен ертеңі жарқын, болашағы зор тіліміз бар. Тіліміздің Ата 
заңымызбен бекітілген мәртебесі бар. Одан да маңыздысы – тіліміздің биік мәртебесіне 
сай  қолданысын  қамтамасыз  ететін,  мүддесін  қорғайтын  халқымыз  бен  мемлекетіміз 
бар. Ана тілінде сөйлейтін, қазақ тілінде оқып, жазып, кәсіби қызметін атқарып жатқан 
миллиондаған  азаматтарымыз  бар.  Қазақша  тәрбие  көріп,  білім  алатын  ел  болашағы  – 
жастарымыз олардың қатарын жыл сайын арттыра бермек. Тек бұл істе сөзіміз бен ісіміз 
алшақ кетпей, табанды, мақсатты түрде әрекет етуіміз қажет. Ендеше, «жоқ» деуге ешбір 
негізіміз жоқ. Қазақ бар жерде қазақ тілі де мәңгі жасай береді.
Шерубай ҚҰРМАНБАЙҰЛЫ,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,
филология ғылымдарының докторы, 
профессор

25 ұстаным
25 БЕЛЕС
76
Отанды,  елді  қорғау,  бірлікке  шақыру  арқылы  дінді  өркендеткен 
жөн. Сонда діннің мемлекетке зор пайдасы, үлкен қамқорлығы болады.   
Ол елдің басын біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
Ұлытау төрінде берген сұхбатынан. 25 тамыз, 2014 жыл
Қ
азіргі Қазақстанда тұратын жүзден астам этностың тағдырын қазақ тағдырынан 
бөле-жара  қарамай,  барлығын  бір  атаның  баласындай  бауырға  тарта  білу 
нәтижесінде  еліміз  өркендеп,  дініміз  көркейді.  Жас  мемлекетімізде  тұрақтылық, 
ұлтаралық келісім қалыптасып, қазақ халқының береке, бірлігі артты.
Қазақстан халқының жетпіс пайызын құрайтын жиырма жеті ұлт пен этнос өкілдерінен 
тұратын мұсылмандар ел бірлігі мен ынтымағына тиісінше үлес қосып, мақсаты мен мүддесі 
ортақ өзге отандастарына жан-жақты үлгі болып келеді. Бұл ретте дін қызметкерлері мен 
жамағатына  артылар  жауапкершілік  жүгі  зор.  Ұлттар  мен  этностардың  ынтымақ  пен 
бірлікті арттыруда қалыптасқан конфессияаралық өзара түсіністігі мен сыйластығының 
игі ықпалы күшті.
Ислам дінінің мақсаты – бірлік пен бейбітшілік. Олай болса, біз таза діни істерден басқа 
осындай ұлы мұраттарды да нысана етуіміз керек. Өйткені, адам баласы қайырлы да ізгі 
істерімен Жаратушыға жақындай түседі.
Ауызбіршілік  қашқан,  алауыздық  күшейген  қоғамда  адамгершілік  құндылықтар 
жойылады. Қадамы нық, бағыты айқын Қазақстан үшін тыныштық пен тұрақтылық ауадай 
қажет. Онсыз өрлеу жоқ.
Аллаға шүкір, еліміз егемендікке, тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі кезеңде үлкен 
жетістіктерді бағындырды. Соның ішінде жас мемлекетіміз әлемдік кеңістіктен Қазақ елі 
болып лайықты орын алуының өзі – Алла Тағаланың берген шексіз сыйы.
Иманды қоғам құру үшін ізгі амалдар жасалуы қажет. Қазір біз жастар арасында уағыз 
айтқанда  осыған  мән  беріп  жатырмыз.  Діндар  болып  кету  міндет  емес.  Иманды  мұғалім 
сабағын дұрыс жүргізсе, иманды дәрігер адамдарға жаны ашып, денсаулығын түзесе, иманды 
басшы қарамағындағы қызметкерлерге әділдік жасаса, иманды құрылысшы шынайы жұмыс 
істесе, міне, сонда ғана біздің елдің игілігі үшін қызмет ететін жастар көбейеді.
Студенттермен кездесулерімде оларға жиі айтамын: жақсы отбасы құруың, салиқалы ұрпақ 
тәрбиелеуің, терең білім алып, халыққа қызмет етуің, бойдағы жаман мінезден арылуың – 
жақсы мұсылман болғаның. Алла жолындағы күрес дегеніміз осы. 
«Жақсы  адам  кім?»  деген  сауалға  пайғамбарымыз  (Алланың  оған  игілігі  мен  сәлемі 
болсын): «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет