Сабақтың нөмірі: 10 Бөлім: Мәңгілік Ел мұратым. Стилистика Сабақтың тақырыбы: Жаһандану дәуірі мен ана тілі



Дата31.01.2022
өлшемі23,11 Kb.
#24578
түріСабақ
Байланысты:
9-сынып - казак тили - 10-сабак


Қазақ тілі пәні бойынша 9-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан

Сабақтың нөмірі: 10

Бөлім: Мәңгілік Ел – мұратым. Стилистика

Сабақтың тақырыбы: Жаһандану дәуірі мен ана тілі

Мақсаты: 9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

2. Қысқаша тезисті конспект

Жаһандану және мемлекеттік тіл Жаһанданудың тілдегі көрінісі қалай болуы мүмкін деген сауалға жауап беру үшін, тілмен бірге халықтың, ұлттың басынан өткен кезеңдерге көз жүгіртуге тура келеді. Ең алдымен айтарымыз – Ғабит Мүсіреповтің сөзімен бейнелеп түсіндірсек, «біз – сағат санап, күн санап өскен ел емес, замана таңбаларын санап өскен елміз». Бұл не деген сөз? Бұл – «ғасырлар бойы өз сөйлеу өнері, ойлау мектебі бар көне дәуірлерден келе жатқан ежелгі жұртпыз, өркениет келбетін жасаған елміз» деген сөз. Бұл – бір. Екіншіден, халқымыз ұшыраған репрессияға ана тіліміз де ұшырады.

Жаһандану кезеңінде тәуелсіздігімізді сақтап қалғымыз келсе, ең әуелі тілімізді қорғай отырып, оның мемлекеттік тіл ретінде тамыр жаюына бәріміз бірдей жауап бергеніміз жөн.

(Фаузия Оразбаева)

Сілтеме: 9-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» оқулығы, «Арман-ПВ» баспасы, 2019 ж.,

2) Әдеби тіл нормалары



Ғылыми стиль

Ғылыми стиль – жазба стильдің бір түрі.



Ғылыми стиль




Қолданылатын орны

Мақсаты

Стильдік сипаттары

Тілдік амал-тәсілдері




Ғылыми еңбектерде, зерттеулерде – жазбаша түрі, ал ғылыми мәжіліс, кеңес т.б. ғылыми ортада ауызша түрі қолданылады.

Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, ғылыми негізде сипаттап, шынайы мәлімет беру.

Ой күрделі баяндалып, анықтама, формулаларға негізделеді; дәлелді, зерттелген, тура мағыналы болып келеді.

Сөздердің қалыпты орын тәртібі қатаң сақталады; терминдер көп кездеседі; сөйлемдері хабарлы сөйлем түрінде болады.

Ғылыми стильде зерттеу нысаны болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін, нақтылық, логикалық және мазмұн дәлелдігі қажет.

Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы: тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, семасиология т.б.; физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т.б.

Жалпылама лексиканың кейбір сөздері белгілі бір ғылымның саласында қолданылуына байланысты термин сөзге айналады.


Оқушыларға арналған тапсырмалар

1-тапсырма. 33-беттегі 3-тапсырманы орындаңдар.

2-тапсырма. 34-бет, 5-тапсырма. Эссе жазыңдар.

3-тапсырма. 34-бет, 6-тапсырма. Презентация дайындаңдар.



Кері байланыс: Балалар, бүгінгі сабақтағы жұмыстарың туралы ойларыңды, орындаған тапсырмаларыңды электронды пошта немесе «WhatsApp» мобильді қосымшасына жіберіңдер.
Әзірлеген: Қ.С.Сансызбаева, «№15 гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет