3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ДƏРМЕНСІЗ ХАННА



бет9/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ: ДƏРМЕНСІЗ ХАННА

Ханна жарты сағатқа жуық партаның басында отырды жəне мұғалімнің ойынша, ештеңе істемей бос отырды. Мұғалім Ханнаны ойлануды талап ететін бір тапсырманы орындауға тартпақ болды. «Мен жасай алмаймын», - деді Ханна, тіпті мұғалім нұсқаған тапсырмаға қарамай тұрып-ақ. Сосын: «Мен не істеу керек екенін де білмеймін», - деп қосып қойды. Оның жауабына қанағаттанбаған мұғалім: «Жаңа ғана осыған ұқсас есепті тақтада шығардық емес пе?


Сен тыңдамай отырғансың ғой?»- деді. «Мен түсінбеймін», - деді Ханна. Мұғалім сұрақ қоя отырып, есепті шығару жолдарын түсіндірді. Ханна көп сұраққа дұрыс жауап берді. Оның есеп туралы аз да болса түсінігі бары айқын көрініп тұр. «Міне, сен бұндай есепті қалай шешуді білесің», - деді мұғалім. «Өз қалауыңмен тағы біреуін неге шығарып көрмейсің?». «Мен қалай шығаруды білмеймін», - деп айтқанынан қайтпады оқушы. Мұғалім: «Ал сен менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердің ғой?». «Өйткені сіз маған көмектестіңіз» - деп дереу жауап берді Ханна.
Қыздың аздап қулық жасап тұрғанын түсінген мұғалім қатқыл дауыспен: «Мен білем, сен бұны шығара аласың жəне осы есептердің кейбірін өзің шешкенді қалаймын», - деді.
Мұғалім Ханнамен əңгімесін осылай аяқтап, оны есепті шығаруға оңаша қалдырып, басқа оқушыға көңіл аударды. Шамалыдан соң Ханнаның партасы тұсынан өтіп бара жатып, есептің сол күйі шығарылмағанын байқады. Дəл осындай оқиға жылына бірнеше мəрте қайталанады, сондықтан ___________ең соңында біз кейіген мұғалім мен мұғалімнің кейіген кейпін өзінің əлсіздігі деп ұғатын оқушыны көреміз.
Ханна зерттеушілер «жүре пайда болған дəрменсіздік» деп атаған құбылыстың классикалық үлгісі болып табылады. Оның сабақ үлгерімі үнемі төмен, сыныптастары оған «ақымақ» оқушы ретінде қарайды. Оның өзін кез келген жаңа оқу материалын игеруге қабілетсіз деген пікірі күн өткен сайын нығая берді. Сабақтағы «үлгермеушіліктен» бəрібір құтыла алмаймын, демек «тырысудың қажеті қанша» деп ойлайды ол.
Ханнаның үлгерімі нашар. Ол сыныпқа əлеуметтік тұрғыдан кірікпеген, сол себепті айналасымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жоқ. Ханна озбыр бала емес жəне қандай да бір тəсілмен өзіне назар аударудың немесе өз сыныптастарына кедергі жасаудың орнына, уақытын кеңістікке көз тігумен бос өткізіп, тыныш отырады. Бұдан басқа оның мұғалімге қоятын еш талабы жоқ. Ханна сұрақ қоятын еш себеп көрмейді, себебі өзін бірдеңе түсінемін немесе жауапты пайдаланамын деп ойламайды.
Оқушылардың «жүре пайда болған дəрменсіздігінің» көптеген түрі бар. Өзінің сабақ үлгерімімен құрметке ие болудан шайлыққан кейбір оқушылар өзін таныту үшін энергиясын басқа салаға жұмсайды. Олар сыныпта сайқымазақ, бұзақы немесе сыныптастарын мазақтайтын оқушы болуы мүмкін немесе жасөспірім шағына қарай оның академиялық үлгерімін қабылдамайтын құрбылары арасында құрметке бөлену үшін қоғамға жат қылықтарды көрсете бастауы ықтимал. Əдетте бұндай «дəрменсіз» балалар үшін қабілетін спорт, музыка немесе басқа жұмыс түрлерімен айналысуға жұмсау жат болып келеді. Кей оқушыларда өзін қабілетсіз сезінудің тамыры тереңдегені соншалық, олар өздері табысқа жете алатын сала жоқ деп санайды.
Ханна сияқты оқушыларға мектепте онша қызық емес. Олардың күні сенімсіздікке, торығуға толы жəне сол себепті олар тапсырмамен жұмыс істеуге аз уақыт бөледі, іші пысады.
Сыныптастары да аулақ жүруге тырысады, тіпті кейде оған мұғалім де көңіл бөлмейді, бұндай оқушылардың сөзге сараңдығы мен қауқарсыздығын ескерсек, бұндай реакция түсінікті де.
«Дəрменсіз» оқушылар бірдеңе істеуге ұмтылмайтындықтан, оқуда қандай да бір жетістікке сирек жетеді. Бірнеше əрекеттерінің сəтсіз болуы оларды өздерін қабілетсіз сезінуге итермелейді. Тіпті жетістікке қол жеткізген күннің өзінде, оған өзінің қатысы жоқ деп санайды.
Олар өзінің сəтті ісін өзіне ешқандай қатысы жоқ уақытша бірдеңе деп немесе тапсырманың жеңілдігімен, мұғалімнің көмегімен шешкенін немесе əншейін сəттілік деп түсіндіреді. Олардың логикасы өте қарапайым, ал оның салдары өте ауыр болып жатады. Бақытына қарай, «жүре пайда болған дəрменсіздік» сирек кездеседі, көбіне бұның солғындау белгілері кең таралған.
«Жүре пайда болған дəрменсіздікке» «шалдыққан» балаларды ынталандыру өте күрделі мəселе, ол өте ақылды жəне төзімді мұғалімдерге де қиын соғып жатады. Ең дұрысы оның дамуының алдын алу, болдырмау екені айқын. Алайда соңғы стадиялардағы осындай оқушы кездескенде мұғалімдер бұл оқушы ықпал етуге дəрменсіз болып, бұрын қалыптасып кеткен əдетті өзгерте алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет