3 күн 1-2 сабақтар Тақырыбы


ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: ҚОРҒАНАТЫН ДЕЙВ



бет7/14
Дата02.10.2023
өлшемі110,17 Kb.
#112573
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
ОҚУШЫ СИПАТТАМАСЫ: ҚОРҒАНАТЫН ДЕЙВ

Дэйв 10-сыныптағы ең нашар оқушылардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол өзінің нашар оқу үлгерімі мен сабақта ештеңе түсінбейтіндігі арасындағы байланысты жасырғысы келеді. Өкінішке орай, оның ақымақ болып көрінбеу үшін қолданатын стратегиялары оқуын жақсартуға кедергі келтіреді.


Ол əдістерді тапқырлықпен қолданады. Мысалы, бір күні таңертең Дэйв бұған дейін орындауға тиісті болған тəжірибелік сабақ туралы он сұраққа жауап беру шеңберіндегі тапсырмаларды орындап отырады. Мұғалім сыныпта өз қабілеттеріне қарай жəне сұрақтарға жауап алу арқылы əрбір оқушы жұмысының мониторингін жүргізе отырып, əр оқушымен кезек-кезек жұмыс істейді. Дейв мұғалімге бірнеше сұрақ қояды, бірақ ол көптеген сұрақтарға өздігінен жауап беру үшін бар ынтасымен жұмыс істеп отырғандай əсер қалдыруға тырысады.
Шындығында, ол қалған жауаптарды сыныптастарынан алады немесе көшіріп алады.
Осылайша, Дэйв берілген жұмысты оқымай-ақ жəне түсінбестен тапсырманы аяқтайды.
Келесі сабақта мұғалім оқушылардан кешегі жұмыстарын көрсетуді сұрайды. Дейв жоқ дəптерді іздестіру мақсатында өзінің сумкасын қарап жатқандай кейіп танытады, бірақ, бұлретте оның өзін қоса алғанда, оның мұғалімі де, бүкіл сыныптастары да, шындығында, оның бұл тапсырманы орындамағанын біледі.
Модуль бойынша тестілеу соңында Дэйв екі рет қарындашын ұштайды, жерге құлап қалған өшіргішті көтерген сияқты болады жəне бауын байлайды. Ол сұрақтарға көңіл бөлмейтіндігін жасыруға тырыспайды. Керісінше, ол сыныптағы əрбір адамның оның тесті шешуге тырыспайтынын байқағанын күтеді. Мұғалім барлығының көзінше, егер ол тырысса, оның бағасы жақсы болатынын, олай болмаған жағдайда нашар болатынын Дейвке жəне оның сыныптастарына хабарлай отырып, оған бірнеше рет жұмысқа қайта оралуды ескертеді. Дейвтің қалайтыны да осы болатын, ол басқалардың осы сөздерді естуін тілейтін.
Дейвтің стратегиялары, кем дегенде қысқа мерзімде, өз мақсатына жетеді. Ол кейбір тапсырмаларды өте жақсы деп айтпасақ та, жақсы деңгейде орындаудың жолын табады. Тест орындауға тиісті уақытта (бұл жағдайда көшіріп алу сияқты басқа стратегиялар мүмкін емес) ерігіп отырып, ол ақымақ екендігі туралы тұжырымнан аулақ болуға тырысады. Бірақ тапсырманы орындауға ешқандай əрекет қабылдамай, ол өзінің бағаларының төмен болуының түсініктемесін ғана іздейді, алайда тапсырманы орындауға тырысып көрсе, тестіден жақсы баға алуға болатыны туралы ойланбайды да.
Бұл жердегі қайғылы жағдай ақымақ болып көрінбеу үшін қолданылатын əр алуан күш жігердің барлығы өзін-өзі қорғау актісі болып табылатындығында. Бірақ оның оқу бағдарламасын меңгеруде ілгері жылжу жоқ, ал оның сəтсіздігі күн сайын шарасыз болып барады. Ақырында Дэйв қабілетті адам ретіндегі өз бейнесін сақтау амалдарынан бас тартып, сыныптағы «топас» балалардың бірі болып шыға келеді. Егер ол осы өзін-өзі бүлдіретін ойынды жалғастыра беретін болса, онда ол көп ұзамай ақылды болып көрінуге тырыспайтын Ханнасияқты дəрменсіз болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет