Қоғамды ақпараттар жағдайында үздіксіз білім беру жүйесі мыналарға сүйенеді: Білім берудің сапасын арттыру, даму қарқынын күшейту және дербестендіру есебінен қоғам мүшелерінің ой-өрісінің даму деңгейін көтеру;
өз бетінше білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және міндетті емес білім беру жүйесінде қоғам мүшелерінің өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай туғызу.
Бағыт беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары: * методологиясын жетілдірумен стратегиялық мазмұнын таңдау;
* әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
* қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
* оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
* педагог мамандардың инттелектуалдық потенциялын дамытуға бағыттау;
* өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
* информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
* тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.
Болашақта Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін ақпараттандыру телекоммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас коммуникациялық желілерді жасау және дамытумен ұштасады. Ал білім беру жүйесінің негізгі міндеттері біртұтас телекомуникациялық желіні құру және дамыту арқылы шешіледі. Олар:
ақпараттық мәдениетті ұйымдастыру мен жеделдету процесін жоғары деңгейге жеткізу;
жасалынған және дамып келе жатқан телекоммуникациялық желілерді біртұтас бүкіләлемдік информациялық кеңістікте интеграциялау;
біртұтас ақпараттық кеңістікте әртүрлі деңгейдегі ақпараттармен алмасуды қамтамасыз ету;
білім беруді дербестендіруді қамтамасыз ету, дистанциялық оқытуға мүмкіндік жасау.
Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг курстар өткізілу қажет. Ол үшін бір жүйеге келтірілген, әрі білім беру қызметкерлерінің категорияларының ерекшелігі ескерілген оқу бағдарламалары жасақталуы қажет. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейкесті мәселелердің біріне айналып отыр. Аталған мәселені шешу бағытында ғылыми түрде дәлелденген және бір жүйеге бағытталған тұжырымдама жасақталды.
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көпуакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.
Оқу процесіне жана информациялык технологияларды енгізу ісі математикамен де тығыз оайланысты. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компъютерлік негізге ауыстыруға болмайды.
Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылык ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады.
Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу, сурет сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады.
Қашықтықтан оқыту болашақ 12 жылдық мектеп үшін елеулі білімдік мәні бар бірқатар қосымша мүмкіндіктерге ие болып отыр;