3 ҚОҒамның даму тенденциясына сай қазақстанның мектептегі білім беру жүйесінің дамуы



бет22/28
Дата26.06.2022
өлшемі0,67 Mb.
#37309
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Байланысты:
dip -mektepterindegi-orta-bilim-beru-zhuyesinin-reformalary

«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінуіміз керек және өмір бойы ізденушілікті , зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жете аламыз. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі , қимылы, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Сондықтан әрбір ұстаз үшін оқу мен тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.


Бүгінгі күні әлемдік қауымдастық қатарында өзіне лайық орнын белгілеген біздің мемлекетіміз үшін, қазіргі заман талаптарына байланысты демократиялық қоғамға сай өзіндік көзқарасы, саяси түсінігі бар, білімді әрі жоғары білікті жас ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі бізден 12 жылдық білім беру жүйесіне өтуді талап етіп отыр. Сонда 12 жылдық мектеп тек бұрынғы 11 жылды бір жылға созу ма? Бұрынғыша оқыта берсе не болады? 12 жылдық мектеп бізге не береді? Немесе хан Абылай айтқандай :
« Білекке сенген заманда – ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмелік» деген пікірден аулақ болып, 12 жылдық білім берудің мақсаты :
өзінің жеке қоғамның мүддесінде өзіне-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту мен қалыптастыруды жүзеге асыруға бір адамдай жұмылып еңбектене білсек, барлық қиыншылыққа бірден төтеп бере алатынымыз анық.
Қазақта «Тамызығын тапсаң, тас та жанады» деген сөз бар. Меніңше, басты идеясы «Тұлға жетістігі» болып табылатын 12 жылдық мектептің мән - мағынасы мен философиясы осы сөздермен үндеседі. Өйткені, оның мақсаты - әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиетін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға , «барша білім беру» үлгісінен «әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастық қатарында басқа елдермен терезесі тең дәрежеге қол жеткізуі үшін, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін осындай батыл қадамдарға бару қажет. Қоғам игілігі, елдің өркендеп дамуы үшін жасалып жатқан осы маңызды бастамаға білім беру және ғылым саласы қызметкерлерінің, жалпы барша халықтың қолдау көрсетіп, барынша ат салысатынына сенеміз. Сол сенім бізді алға жетелейді.
Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз. Оның іргетасының мықты болып, инығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ. Ендеше осы мәселеге байланысты, яғни 12 жылдық білім беруге көшуде барлығымыз біріге күш жұмсап, ел ертеңіне, болашағымызға сеніммен қарайық, аяулы да ұлағатты ұстаздар!
ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу – баса назар аударарлық мәселе. Осы мектептің негізінде білім беру мерзімін 12 жылға ұзартуды психологиялық және физиологиялық тұрғыда болады. Біздің қоғамымыздың саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы қайта құрулар алдыңғы қатарға халыққа білім беру жүйесіне қойылатын жаңа талаптарды тудырды.
ХХI ғасыр мектебінің маңызды мақсаты балаларды оқытудың барысында олардың түрлі салада жеткілікті түрде күрделі білімдерді, икемдер мен дағдыларды игеруді талап ететін олардың одан кейінгі оқуына толыққанды негіз бола алатын психикалық дамудың ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Сондықтан, көздеген мақсатымызға жету үшін 12 жылдық білім беру жүйесін енгізген болатын. Ал 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша бастауыш сыныпқа оқушыларды қабылдау мәселесі теория әрі тәжірибе жүзінде талдау мен енгізу мәселесі көптеген уақытты талап етеді.
Баланың жеке басын жан - жақты дамыту мен мектепке даярлау ісі бүгінгі таңда білім беру саласындағы аса маңызды. Жалпы білім беретін мектептерде 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың оқу жүйесінде айтарлықтай қиыншылықтарға кезігеді. Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы. Бастуыш сынып оқушының жаңа ортаға түсуіне байланысты көңіл - күйінің сипаты, сынып сабақтық жүйеге қаншалықты төзімді оның еріктік қасиеттері, жазбаша білімдерді игерудегі таным процестерінің даму деңгейлері тексеріле бермейді. Сондықтан баланың мектептегі оқу жүйесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыдан әлі де толық қарастырылып,талдануы тиіс.
Мектепке жаңадан келген бала даралық сапаларымен таныла отырып, бір ортаға бейімделу кезеңін бастап кешіреді. Бұл жолдағы қиындықтар, яғни баланың құрдастарымен, сабаққа көзқарасы, өзіндік сана сезімі, тіл табысуы, сөйлеу ерекшелігі, түсіну, ұғыну деңгейлері – осының бәрі бала психикасына едәуір әсер етеді. Мұғалімге оқушының жай- күйін бақылап, жаңа ортаға баулу үшін оқушылардың психикалық ерекшеліктері туралы алғашқы деректер өте қажет. Бұл деректер баланың мектептегі оқуға психологиялық тұрғыдан даярлығын анықтау барысында алынады. Ал психологиялық даярлықты анықтау ісін арнайы маман- психодиагност немесе психолог жүргізуі керек. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық психикалық даярлық диогностикасын анықтап алудың жалпы теориялық және практикалық жүзіндегі тиімділігін ғылыми тұрғыда негіздеу қажет.
Халыққа білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін тәжірибелі психологтар балалардың мектепке оқуға психологиялық дайындығын анықтау мәселесімен жиі кездеседі. Сонымен бірге, әр психолог өзінің шамасына, теориялық қалауларына және мүмкіндіктеріне қарай 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша енгізілген мектепке бастауыш сынып оқушыларын қабылдауда психологиялық ерекшеліктеріне байланысты қабылдауда.
Тағы маңызды мәселенің бірі – Білім және ғылым министірлігі бөлім-бөлімдерде білікті психологтар отыруы және олардың сауатты кеңесі керек. Егер психологтар тарапынан оқыту мәселелері дұрыс шешілетін болса, басқа жоғарыдағыдай мәселелер өзінен - өзі ретке келер еді.
Қоғамымыздың әлеуметтік – экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдау, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздегі үздіксіз білім беру саласының 12- жылдық білім беру жүйесіне өтуі ғылым, білім саласында үлкен жаңалық болып табылады.
Қазіргі уақытта дүние жүзңндегі болып жатқан өзгерістерге байланысты 12 жылдық білім беретін мектептің бағдарламасы ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге байланысты күрделене түсті. Оқу материалы ғылымилана, нақтылана, өздігінше адам ресурстарының мәселелерін шешуге бағытталған тұста мектеп пен мұғалім үшін қоғам алдында жауапты кезең келді. Жалпы орта мектептен алынған білім одан әрі дамып, әрі қарай оқуға ұмтылуға талпынғанда ғана өз нәтижесін бермек, яғни оқушы бойында өзінше белсенді ой тұжырымын жасауға үйрету, қалыптастыру дамытып оқыту жүйесінің үлесінде. Оқуға, білімге деген құштарлық жеке тұлға тәрбиесінің интелектуалдық ерік-жігерінің даму деңгейін көрсетеді.
Қазақстан Республикасында 12 жылдық білім беруге көшуді алты жастан бастау көзделеді, бұл жас мектепте білім алуға неғұрлым қолайлы, адам дамуының физиологиялық ерешеліктеріне сәйкес деп есептелінеді. Бастауыш мектепте оқу жүктемесін ұлғайтпай-ақ, шетел тілі мен информатика негіздері енгізіледі. Негізгі мектепте базалық білім беру 10-сыныпта аяқталады.,біріктірілген курстар,алдын-ала бейіндік даярлау енгізіледі.
11-12 сыныптарда әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық бағыттар бойынша бейіндік даярлау алдындағы жұмыстар міндетті болып есептелінеді. Тұжырымдамаға сәйкес колледждерде осы деңгейде білім алу үшін жастар 12 жылдық білім алғаннан кейін ғана қабылданатын болады. Осы деңгейдегі білім беру бағдарламалары университеттердің бакалаврлық бағдарламаларымен сәйкес келеді. Диплом оқу бітірушіге екі жылдан кейін беріледі, ол егер бітіруші бейін бойынша оқуға түсетін болса, жоғары оқу орнының үшінші курсынан бастап оқуын бірден жалғастыруына немесе алған мамандығы бойынша жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солар негізінде жеке, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке–ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп – жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс. Мұндай өнiмдi нәтижелi, сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасындағы мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді - келеңсіз жақтарын зерттеп - меңгеруге ынталы, өзінің жетік меңгерген кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет