ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе, Халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты ол біздің – тәуелсіздігіміз, ал оның іргетасының мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тәлімді тәрбиесіне байланысты болмақ.
Бүгiнгi күнде жалпы орта бiлiм беретiн мектеп – жаңа қоғам мектебi, болашақ мектебi, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзiн-өзi тануына көмек көрсететiн, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, iзгiлендiрiлген, өмiрге, дүниеге тiк қарай алатын қоршаған ортамен жүйелi байланыс түзетiн, бiлiмнiң жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтiк өмiрге бейiмделген, бәсекеге қабiлеттi ұрпақ өсiрiп, дамытып, жетiлдiретiн мектеп болуға тиiс.
Мұндай өнiмдi нәтижелi, сапалы бiлiм беретiн мектеп бүгiнгi күнде өзiндiк мектеп реформасын қажет етедi. Сондықтан да мектеп реформасы тек мектептің басқару жүйесі мен оқыту процесін ғана қамтып қоймай, сол мектептің бала оқытатын мұғалімдері мен қызметкерлерінің (мектеп кітапханасы, мектеп асханасы, сабақ кестесі, сыныптар және т.б.) де түгелімен өзін-өзі жаңа бағытқа қарай кәсіби шеберлігін күнделікті ұштауын талап етеді. Болашақтағы үлгілі мектептің орнығуына байланысты онда білім беретін мұғалімдер де, олардың кәсіптік сапарлары мен педагогикалық қызметіне ерекше өзгерістер енгізуді қажет деп санайды.
Бүгінгі күнде мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру турасында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім, білім беру қызметкері бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп-меңгеруге ынталы, өзінің жетік меңгерген кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы керек.
Жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.
ХХІ ғасырда әлем өркениеті жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл кезең кез-келген мемлекеттің даму деңгейін табиғат ресурстарымен емес, интеллектуалдық, шығармашылық потенциалымен, ғылымда жаңа технологияларды меңгеру, өндіру жетістіктерімен анықтайды. Осы тұрғыда білім беру жүйесінің тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру ақпараттық білім кеңістігін қалыптастыруға алып келеді.
Білім берудің жаңаруы жағдайындағы инновациялық үрдістер осы бағдарламаны жасаудың қажеттілігін тудырды.
Сонымен қатар "Білім туралы” Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануы 41 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге әсер еткендігін атап айтқым келеді.
Білім беру процесіне қатысушылардың жауапкершілік шараларын күшейтуге бағытталған принципті өзгерістер мен толықтырулар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне енгізіледі. Ол 5-тен 50 есеге дейінгі айлық есептік көрсеткіштегі айыппұл қарастырылған мынадай жаңа 20-1 тарауымен толықтырылды. Олар:
* педагог қызметкерлердің педагогикалық этика нормаларын бұзуы;
* білім беру саласындағы заңнамада қарастырылған ата-аналар орындауға жатпайтын міндеттер;
* білім беру ұйымдары басшыларының оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығына жеңіл залал келген жағдайда орындауға жатпайтын міндеттері;
* лицензиялық талаптар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын бұзушылық.
"Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (1995 жылғы 28 сәуірдегі) жоғары және орта кәсіптік оқу орындарына соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдардың конкурстан тыс түсуі қарастырылған. Сол секілді аталмыш Заңға орай соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктерге теңестірілген адамдар үшін республикадағы жоғары оқу орындары мен колледждерге қабылдау квотасын қарастыратын толықтырулар енгізілді.
"Мемлекеттік құпиялар туралы” Қазақстан Республикасының Заңына ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын тестілер мен дұрыс жауаптар кодтарын ұстау туралы мәліметтерді беру бөліміне толықтырулар енгізілді. Бұл толықтыру білім беру саласындағы қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.
Иә, Елбасы қол қойған "Білім туралы жаңа Заң білім саласының дамуына, жастардың сапалы оқып, тәрбие алуына мол мүмкіндік береді деген сенімдемін.
Білім – дәл қазір еліміздегі басым бағыттардың біріне айналып отыр. Ол адамның тұлғалық қасиеттерін толықтай дамытуға, қоғам, мемлекет мүддесіне қызмет етіп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |