3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері



бет52/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

6. Тәрбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, әдістемелік және технологиялық деңгейлері. XVII ғасырда ең алғаш технологияның концептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастырды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділік арқылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тәжірибемен байланысы, оқушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерекшеліктерін ескеру.
Оқыту технологиясы сыныптық-сабақ жұмысын ұйымдастыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясының басты белгілері: бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардың дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдарламасы негізінде оқыту жүргізіледі; әр оқу пәнінің сабақтары тақырыптарға бөлінеді; тұрақты сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды ұйымдастырады. Оқыту технологиясы тәрбие технологиясымен өзара сабақтастықта іске асады.
Тәрбие технологиясы сабақ үдерісі мен тәрбие үдерісінде қатар іске асырылады. Білім беру жүйесінде соңғы жылдары оқытудың бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен оқытулармен бірге инновациялық оқытулар жедел қарқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп үрдісінде манызды орын алады. Инновация дегеніміз - дәстүрлі және көпшілік тәжірбиеден өзгеше, білім беру ісіне жаңа тұрпатты көзқарас пен қатынас. Инновациялық оқыту - оқушылардың жаңа жағдайларда бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудің нақты нәтежиге бағытталған оқыту түрі болып табылады. Бұл,біріншіден, ғылыми және мәдениеттану білімдерінің негізінде мақсатты бағытта жобаланған оқу үрдісі болып саналса, екіншіден жеке тұлғаны дамытудың болашағын жобалайтын және соны жүзеге асыруға дайындық мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып саналады.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда Блумның таксономиясы негізгі орын алады: білімдік, танымдық үдерісті қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейді қамтиды: білім, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейді қолдауға болады. Жоғарыда аты аталған барлық технология тәрбие технологияларымен жүйелі түрде сабақтасып жатады.Кез келген технология тәрбие технологиясыз болмайды.
Сонымен қатар,тәрбие мәселесіне байланысты К.Құнантаева, С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, С.Ғаббасов, С.А.Ұзақбаева, И.Р.Халитова, Ш.Майғаранова, Е.Ө.Жұматаева, К.К.Жампеисова, А.А.Калюжный, А.А.Бейсенбаева, Р.К.Төлеубекова т.б. ғылыми тұжырымдамаларын ұсынды.
Тұлғаға бағдарланған тәрбие технологиясы. Қазіргі технологиялар педагогика ғылымы мен тәжірбиені үйлестіріп, бұрынғы тәжірбиені дәстүрлі элементтермен қоғам дамуындағы жетістіктермен және қоғамды ізгелендіру мен демократияландыру ұстанымдарын біріктіреді. Педагогикалық технологияның құрамды бөлігі әлеуметтік өзгеріске және педагогикалық ойға тәуелді; педагогика мен психология ғылымдарының жетістіктерін ескереді, озат педагогикалық тәжірбиені қолданады, отандық және шетелдік тәжірибеге сүйенеді.
Тұлғалық-бағдарлы тәрбие технологиясының зерттейтіні: тәрбиенің мәні мен ондағы тәрбиелік қарым-қатынастар. Тәрбиелік қарым-қатынас орнату арқылы, тұлғаны дамытатын жағдаяттар жасау, яғни тұлғаның білімін, субьектілік тәжірбиесін жетілдіру, өз пікірін, дүниетанымын, өзіндік қолтанбасын және өзіне тән тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Тәрбиенің нақты мәні-тұлғаны сомдаушы педагогикалық үдерісті ұйымдастыру. Тәрбиеге қамтылған субьектілердің барлығы бірдей жағдайда тәрбиеленгенімен де, түрлі тәрбиелік нәтиже көрсетеді, яғни тәрбиелік деңгейі әртүрлі болады.
Түйіндей келе, тұлғалық бағдарлы тәрбиенің мәні-баланың субьект ретінде қалыптасуына ерекше мән береді.
Тұлғалы бағдарлы технологияның мақсаты-тұлғаны дамытып,оны әлеуметтік ортада өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға бейімдеп, өмірде кездесетін әртүрлі жағдайларда оң шешім таба білуге тәрбиелеу.
В.В.Сериков тұлғалық бағдарлы тәрбие жүйесін жасау үшін ең бірінші мақсатты нақтылап, тұлғаның жеке бастық қасиеттерін: әлеуметтік, адамгершілік, жауапкершілік, даралық, ерекшеліктерін дамыту қажеттілігін көрсетеді. Тұлғалық бағдарлы тәрбиесін жобалау үшін игерілетін жеке басқа тән тәжірбиенің түрін қарастыру керек, құндылық бағдарлы тәжірбиені игертетін түрлі жағдаяттар жасап, тәрбиелік жағдаят тудыру "технологиясын" (тәсілін) өмірге әкеліп, оны тексеру шарт.
Гуманитарлық білімнің негізі-адам болмысын құндылық мәнді тұрғыдан игеріп, баланың өзгеруге бейім екенін түсініп, соған лайық тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Гуманистік тәрбие педагогикалық тұлғалық-бағдарлы тәрбие теориясына ерекше назар аударып отыр. Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде басшылыққа алынатын басты құрылымдар:
-тәрбие мазмұнының құндылық, дүниетанымдық бағытын немесе құндылықтар жүйелерін және өмірдің мәнін түсіну;
-жалпыадамзаттық және ұлттық мәдениетті игеру;
-әлеуметтендіру, қоғамдық тәжірбиені жинақтап, тұлғаның азаматтық іс-әрекет тәжірбиесін дамыту;
-тұлғалық бағдарын дамыту (өзін-өзі тану, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау, өз өмірін ұйымдастыру қабілетін жетілдіру);
-тұлғаның денсаулығы мен тән түзілісіне байланысты табиғи бағдарын ескеру.
Дүниені құндылық тұрғысынан қабылдау дегеніміз айналадағы шындықты адам өміріне қажетті құндылық қатынас арқылы қабылдау. Субьект дүниені қабылдауда назарын заттың адам өмірінде атқаратын құндылығына, обьектінің жабық тұрған ішкі мәнін сезініп қабылдауына аударып, оған мән бере білуі тиіс. Мәдениетті адам айналадағы шындықты заттық және құндылық тұрғысынан, яғни заттық тұрғыдан қабылдауы құндылық қабылдауымен толысып,заттың адам өміріндегі мәні құндылық мазмұнмен жетілуі тиіс.
Құндылық бағдарлы тәрбиені Н.Е.Щуркова зерттеп, оны топта іске асырудың пайдасы зор екендігіне тоқталды: топтағы әр бала ойланып, әрекет етуге күш жұмсайды, топта қалыптасқан көңіл-күй ортасы баланың көңіл-күйіне де әсер етеді.
-тәжірбиесі, білім, дағдысы, өз күшіне сенімсіздігі, тұлғалық қасиетінің толық жетілмеуінен туатын өз басына тән мәселені нақты білу;
-көңіл-күйін реттей білу, өмірлік келеңсіздіктерден қажетті тұжырым жасай білу;
-өмірдің мәнін іздеу,түрлі өмірлік құндылықтарға өзінің қатынасын білдіру.
Тұлғалық бағдарлы тәрбие оқушыны әлеуметтендіруді, оның тұлғалық қасиетін субьект деңгейінде дамытуды көздейді. Жан дүниені қозғалысқа түсіру - тұлғаның ішкі дүниесін дамытудың бірден-бір жолы. Осыған орай тұлғаның жан дүниесіне түрткі тудырып, оны дамытуды ұйымдастыру - педагогтың басты қызметіне айналуы шарт.
Е.В.Бондаревская өз зерттеулерінде "жалпы білім беретін мектеп түлегінің моделі-мәдениет адамы", -деген педагогикалық ықпал ету бағыттарын ұсынып, жеке тұлғаны сипаттайтын: еркін, ізгілікті, рухани, шығармашыл, тәжірбиелі тұлғаның өлшемдерін анықтаған.
Тұлғалық бағдарлы тәрбиеде мұғалім шәкірті дамыту үшін педагогикалық үдерісті жобалай білуі тиіс. Осындай тәрбиеде шәкірт өз ісінің нәтежесін көрсетуге, серіктестермен қарым-қатынас орнатуға, өзінің және өзгенің шығармашылық әрекетін бағалай білу қызметін игереді. Тәрбиеші үнемі тәрбиеленушіні өзіндік ізденіске бағыттайды.
Тұлғалық бағдарлы тәрбие үрдісінде тұлғаның жеке басына назар аударылып, қарым-қатынастар әр түрлі деңгейде іске асырылады: қарапайым түрдегі пікірлесу (тәрбие үдерісіндегі қарым-қатынас), мазмұндық сұхбат (белгілі тақырып мазмұнында пікірлесу), тұлғалық мәнді сұхбат(құндылық бағдарлы тұлғалық-бірлесуді қамтамасыз ететін пікірлесу).
Тәрбие технологиясы ішіндегі оқушының білімге, оқуға, ғылымға, еңбекке деген ынта ықласын қалыптастыруда ойын технологиясы негізгі орын алады. Ойын технологиясы оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын, бір бірлерін түсінудің психологиялық үдерісі, эмоциялары, ерік-жігерлік қасиеттері шындалады, мінез-құлқы айқындала түседі, белсенділігі артады, соның нәтижесінде тұлғалық қабілеті көрініс береді. Мұғалім тұлғаның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жою мен болдырмаудың тәсілдерін пайдалана отырып, оның жағымды қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет