3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары


Оқушының жағымды тәжірбиесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері



бет49/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

3. Оқушының жағымды тәжірбиесі мен мәдени деңгейін қалыптастыру әдістері. Адам еңбек, таным, қарым- қатынас субьектісі ретінде іс- әрекет барысында қалыптасады. Оқушыға субьект ретінде шындықтың ғылыми негізін меңгеріп, қызығушылығы мен сезімін арттырып, жаңа қажеттіліктер қалыптастырып, ерік пен күш- қуатын белсендіретін жеке тұлағаның сапалық қасиетін дамытып жетілдіру көзделеді. Қоғамдық қатынастар мен қоғамдық тәртіпті оқушылар іс- әрекет арқылы меңгереді. Кез келген қызмет операция мен іс-әрекеттен тұрады. Операциялар – іс-әрекет арқылы жүретін үрдістер. Іс-әрекеттер – қызмет мотивімен анықталған үрдістер. Тәрбие үдерісінде педагог басқару операцияларынан іс-әрекетті басқаруға, онан кейін қызметті басқаруға көшеді.
Педегогикада әс-әрекет пен қоғамдық мәдени тәжірбиені басқарудың заңдылықтары бар:

  • қоғамдық мақсаты бар әректтің бәрі, оқушыны дамытатын және тәрбиелейтін мүмкіндіктерге ие. Сондай кез келген әрекеттің тек өзіне тән білім, біліктері бар. Бір әрекет түрімен бүкіл дүниені меңгерту мүмкін емес, сондықтан да тәрбиеде кешенді әрекеттер жүйесі қолдалынады;

  • оқушының «жеке басы үшін маңызды емес» кез келген қоғамдық әрекет түрі оның дамуына ықпал жасамайды. Ол үшін қоғамдық қатынас жеке бастық қатынасқа айналыса ғана өзінің мәнін ашады;

  • оқушыларға педгогикалық ықпал жасау, мақсат пен әрекет түрін таңдауда қалыптастырады. Мақсат үнемі нәтижені алдың ала белгілеп отырады. Адамның көздеген мақсаты оның әрекет тәсілі мен сипатын анықтайтын күш болып саналады;

  • оқушы тұлғасын қалыптастыруға таңдалып алынған іс-әрекет нәтижелі болуы үшін, педагогикалық құралдарды қолдану тәсілдері анықталуы шарт. Педагогикалық құралдарды қоғамдық мәдени тәжербиені қалыптастыратын үйрету, жаттықтыру әдістері қолдалынуы тиіс.

Үйрету балаларды дамыту үшін жас кезінен бастау керек. Бұл әдісті қолдану үшін педагогикалық талаптарды орындау қажет. Үйретілетін нәрсе нақты болуы тиіс. Кез келген әрекетті үйрету үшін оны қысқа және нақты түрде көрсеткен жөн. Әр уақыт кезеніңде белгілі әрекет түрі үйретілуіне оқушының іс-қылық формаларын қалыптастыруға болады. Тәжірбиелі педагоктар іс-қылық түрлерінің үлгілерін көрсетіп, соған байланысты көңіл күйді тудырады. Үйрету барысында әдет қалыптасады, оны қарқындатудын пайдасы жоқ. Бастапқыда қажетті әдеттер қалыптастырғаннан соң оны жылдам орындауға дағдыландыруға болады. Үйрету әдісі үнемі тәрбиешіден бақылауды және оқушыдан өзін-өзі бақылауды қажет етеді. Үйрету әдісі оқушының жасына, өскен ортасына және тәрбиесіне байланысты. Қоғамдық қылықтар формасы қалыптасқан оқушылар кез-келген жағдайда өзін ұстай біледі.
Жаттықтыру әдісі үйретумен тығыз байланысты. Мектеп өмірінде оқушы бойында қалыптасқан қоғадық қатынастарының беріктігі көрініс береді. Педагог кез келген жағдаяттан шығудың тиімді жолдарын қолдана біледі. Жағдаяттағы қайшылықты тез тауып, оның себептерін айқындап, шешім қабылдауына болады. Бірақ та ойлы педагог өз тарапынан оқушыға ықпал етіп, шешім қабылдау жағдаяттарын ұсынуы да мүмкін. Оны тәрбиелік жағдаяттар, ситуациялар деп атайды.
Тәрбиелік жағдаяттар да өз мәнінде жаттықтыруға жатады. Бұл жағдайда оқушы түрлі варианттардан өзі таңдауы бойынша шешім қабылдауы тиіс: өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы басқаға өз орнынберуі, пікірін айтпауы, шындығын айтуы немесе «бәлмеймін» деп жауап беруі. Мұғалім ұсынған жағдаят, яғни ситуацияда оқушы өз ойында түрлі варианттардың шешімін ойластырып, сол жағдайға байланысты өз шешімін айтуға мәжбүр болады. Мұғалім ұсынған ситуация оқушылардың адамгершілік қылықтарын тек ақылмен ғана емес жүрек, сезім тарапынан дп шешім қабылдауын талап етеді.
Педагогикалық талап қою әдісі. Оқушыны дамытудағы мұғалім тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үдерістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.
Ұжымдық пікір ұжымдық талаптан пайда болады. Тәжірбиелі педагог ұжымның бағасын, талқысын, ұжымның талабын, қоғамдық пікірін, белсенді тәрбиелік куш ретінде қолдана алады. Талап қою мектептің ішкі ережесімен, білім, білік, дағды өлшемдеріне сәйкесуі абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет