3 тақырып. Педагог тұЛҒасы және оның КӘсіби қҰзыреттілігі жоспары



бет69/102
Дата29.10.2022
өлшемі289,51 Kb.
#46098
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102
Байланысты:
3 òà?ûðûï. Ïåäàãîã ò?Ë?àñû æ?íå îíû? Ê?ñ³áè ??çûðåòò³ë³ã³ æîñïàð

1.Мазмұндық блок: пәндік ғылыми білім, әрекет тәсілдері; шығармашылық әрекеттегі тәжірибе; құндылық қатынастардағы тәжірибе.

  • 2.Үдерістік блок: қосымша білім кешені; әрекет тәсілдері; үрдісті ұйымдастыру түрлері.

  • Егер, білім мазмұнын білім мекемесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстың педагогикалық түсіндірмесі десек, оқу пәні-білім мазмұнының бөлігі ретінде,ол да әлеуметтік тапсырысқа жатады, сонымен қатар білім алушының жалпы танымдық әрекет заңдылықтары мен оқыту жағдаяттарына сәйкес оқыту барысында білім мазмұнын жүзеге асырады.Оқу пәні-игеруіне тиісті білім мазмұны мен оны білім алушылар игеретін тәсілдерді ,олардың тәрбиесі мен дамуын жүзеге асыратын негізгі құрал. Яғни, оқу пәні-білім мазмұнын беруге арналған арнайы педагогикалық үйлесім, бұл жағынан ол біртұтас, соған қарамастан екі бөлімнен тұрады: мазмұгдық және үдерістік .

  • Білім мазмұнының төрт компоненттік құрамы оқу пәндерінің белгілі бір топтарын құрайды. Оқу пәндеріндегі жетекші компоненттер: ғылыми білімдер жиынтығы, әрекеттің белгілі бір тәсілдері, шығармашылық әрекет тәжірибесі, құндылықтар, қатынас тәжірибесі, әлемнің бейнелік көрінісі.

  • Кіріктірілген пән”деген ұғым жай қосу емес, оқу материалындағы әрекет кірігуі, оның мәні мен өзара байланысы және жинақтылығына қарағанда әлдеқайда тереңде жатыр.

  • Егер пәнінің жетекші қызметі оқушыларды нақты ғылым негізін, оның маңызды ұғымдары мен заңдары жүйесін таныстыру болса, онда оқу материалының құрылымы мен жүйесі ғылыми ұғымдардың даму заңдылықтарын білім алушы санасына сәйкестендіріп жасалуы тиіс. Ал, пәннің жетекші қызметі белгілі бір әрекет тәсілдерін қалыптастыру болса, онда пәннің мазмұндық , логикалық желісі практикалық қызметті игеру ерекшелігіне сәйкестенуі тиіс: оқу пәндерінің типтері бір-бірінен қызметі мен мазмұндық жетекші компоненттері бойынша ажыратылатын болғандықтан, сол компонентті жеткізу барысында пайдаланылатын оқыту әдістері де сол пәннің типі үшін жетекші ұстанымда болуы тиіс; оқу пәнінің мазмұны оның жетекші компонентінің ерекшелігіне байланысты жүзеге асыру тәсілдеріне сәйкес болып табылады; оқу пәнінің әртүрлі типтерінің ерекшеліктері оқыту әдістерін тануда шектеулік сипатта болады, сондықтан оқыту тәсілдерін іріктеуде пәннің жетекшілік қызметін ескеру керек.




  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   102




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет