3-тақырып Шаруашылық ұйымдардың қаржылық нәтижесі статистикасы


Кәсіпорынның міндеттемелері төрт топқа бөлінеді



бет10/15
Дата11.10.2022
өлшемі0,9 Mb.
#42413
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Кәсіпорынның міндеттемелері төрт топқа бөлінеді:
неғұрлым жедел міндеттемелер (қайтару мерзімі басталған банктің кредиторлық берешегі мен кредиттері)
П1
орта мерзімді міндеттемелер (банктің қысқа мерзімді кредиттері)
П2
банктің ұзақ мерзімді кредиттері және қарыздар
П3
кәсіпорынның тұрақты иелігіндегі меншікті (акционерлік) капиталы
П4
Төменде аталған жағдайлар орындалған жағдайда баланс абсолютті өтімді деп саналады:
өте өтімді активтер неғұрлым жедел міндеттемелерден көп немесе тең, яғни
А1≥П1
тез сатылатын активтер орта мерзімді міндеттемелерден көп немесе тең, яғни
А2 ≥П2
баяу сатылатын активтер банктің ұзақ мерзімді кредиттері мен қарыздарынан көп немесе тең , яғни
А3 ≥П3
қиын іске асырылатын активтер меншікті капиталынан аз немесе тең, яғни А4≤П4
Кәсіпорынның өтімділігін және төлем қабілеттілігін бағалау үшін абсолюттік көрсеткіштермен қатар салыстырмалы көрсеткіштер есептеледі. Бұл көрсеткіштер кәсіпорын басшылығы үшін ғана емес, сыртқы талдау субъектілері үшін де қызығушылық тудырады:
абсолютті өтімділік коэффициенті – шикізат пен материалдарды жеткізушілер үшін
жылдам өтімділік коэффициенті – банктер үшін
ағымдағы өтімділік коэффициенті – инвесторлар үшін

Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақша қаражаты мен қысқа мерзімді қаржы салымдарының кәсіпорынның қысқа мерзімді борыштарының барлық сомасына қатынасымен анықталады. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі қолда бар қолма-қол ақша есебінен өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Оның шамасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарызды өтеу кепілдігі де жоғары болады. Алайда, оның мәні аз болған жағдайда да, егер ақша ағынының кетуі мен келуі көлемі мен мерзімдері бойынша теңдестіре және үйлестіре алса, кәсіпорын әрқашан төлемге қабілетті болуы мүмкін.

  • Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақша қаражаты мен қысқа мерзімді қаржы салымдарының кәсіпорынның қысқа мерзімді борыштарының барлық сомасына қатынасымен анықталады. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі қолда бар қолма-қол ақша есебінен өтелуі мүмкін екендігін көрсетеді. Оның шамасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарызды өтеу кепілдігі де жоғары болады. Алайда, оның мәні аз болған жағдайда да, егер ақша ағынының кетуі мен келуі көлемі мен мерзімдері бойынша теңдестіре және үйлестіре алса, кәсіпорын әрқашан төлемге қабілетті болуы мүмкін.
  • Жылдам (мерзімді) өтімділік коэффициентібұл ақша жиынтығының, (есепті мерзімнен кейін 12 ай ішініде төленуі күтілетін) қысқа мерзімді қаржы салымдарының және қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді қаржы міндеттемелерінің сомасына қатынасы. Әдетте оның мәні 0,7-1 тең. Алайда, егер өтімді қаражаттың үлкен үлесін дебиторлық берешек құраса, оның бір бөлігін уақтылы өндіріп алу қиын болса, ол жеткіліксіз болуы мүмкін.
  • Ағымдағы өтімділік коэффициенті – бұл қорлар мен аяқталмаған өндірісті қоса алғанда, айналымдағы активтердің барлық сомасының қысқа мерзімді міндеттемелердің жалпы сомасына қатынасы; ол айналымдағы активтермен айналым пассивтерін жабу дәрежесін көрсетеді. Айналымдағы активтердің қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерден асып кетуі қолма-қол ақшадан басқа барлық айналым активтерін орналастыру және өтімділік кезінде кәсіпорын әкелуі мүмкін шығындарды өтеу үшін резервтік қорды қамтамасыз етеді. Бұл қор неғұрлым көбірек болса, кредиторлар қарыздардың өтелетініне соғұрлым сенімдірек болады. Әдетте 2-ден артық мәнді қанағаттанарлық деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет